Неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар

Сабақ тақырыбы

«Б» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    «Б» дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту; «Б» дыбысының айтылу артикуляциясын меңгерту; «Б» дыбысының дауыссыз екенін түсіндіру; «Б» дыбысының сөздің басы мен ортасында кездесетінін байқату; «Б» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату; сөздерді буынға дұрыс бөлуге үйрету; «Б» әрпі бар сөздерді оқуға дағдыландыру.

  • Дамытушылық

    Танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру; ойын элементтері арқылы дұрыс әрі сауатты жазуға үйрету.

  • Тәрбиелік

    Оқушыларды сауаттылыққа және тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Жаңа сабақ; жұмбақ шешу; суретті жұмбақ.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, әңгімелесу, ойын, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану сабағы.

Көрнекіліктер

«Б» дыбысына арналған плакат; бақа, балық, балапан т.б. суреттер; «Қай әріпті жоғалттым?» және «Сөз құрастыр» ойындары; кеспе әріптер; бор.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Сабаққа дайындық.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап

Мұғалім: «Балалар, біз қандай дыбыспен таныстық?»
Оқушылар: «М дыбысымен.»

  • «Жалғастыру» ойынын ойнату.
  • Оқулықтағы «М» дыбысына қатысты бағандағы сөздерді оқыту.
  • «Қар» мәтінін дүниетанумен байланыстырып, жыл мезгілдерінің санын атау және қыс туралы әңгімелеу.
  • «М» дыбысына сөздер ойлап, буынға бөлу және дыбыстық талдау жасау.

Қорытынды сұрақ: «М дыбысы қандай дыбыс?»
Жауап: «М дыбысы — дауыссыз дыбыс.»

3) Қызығушылығын ояту: жұмбақ шешу

Мұғалім оқушыларға төмендегі жұмбақтарды жасырып, шешуін табуға жетелейді.

Жұмбақ 1

Қанаты бар — ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды.

Жауабы: Балық

Жұмбақ 2

Қызықтырып әркімді-ақ,
Суда жүзер жалтылдап.
Қай әріптен басталған —
Сол жәндіктің атын тап.

Жауабы: Бақа

Жұмбақ 3

Туа сала жүзеді,
Суда жүзе біледі.

Жауабы: Балапан

Талдау сұрағы: «Балық», «бақа», «балапан» сөздерінің бірінші дыбысы қандай?

Жауап: «Б» дыбысы.

Бүгінгі өтетін дыбыс — «Б» дыбысы. Оқушылар дыбысты хормен 2–3 рет айтады, айтылу артикуляциясымен танысады.

Артикуляциясы: «Б» дыбысын айтқанда еріндер әуелі нық түйісіп, артынша кілт ашылады. Бұл — қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі.

Ереже: «Б» дыбысы сөздің басы мен ортасында кездеседі.

Буынға бөлу

Ба-лық (2 буын), Ба-қа (2 буын), Ба-ла-пан (3 буын).

Дыбыстық талдау

«Бақа» сөзіне дыбыстық талдау жасату; «Б» дыбысына жаңа сөздер ойлату.

4) Сергіту сәті: «Мен қандаймын?»

Оқушылар өз есімдерінің алғашқы әрпінен басталатын жағымды қасиетті айтып, өзін сипаттайды.

  • Мен Сабира-мын — мен сабырлы-мын.
  • Мен Дархан-мын — мен дарынды-мын.

5) Оқулықпен жұмыс

  • Кітаптағы суреттермен танысу.
  • Бағандағы сөздерді мұғалім оқиды, кейін оқушыларға оқытады.
  • Сөздердің мағынасын түсіндіру.

Баба

Үлкен кісі; ата-бабаларымыз.

Бата

Ас қайыруда, үлкен тойларда айтылатын тілек.

6) Дәптермен жұмыс

  • «Б» әрпінің жазба түрін тақтада көрсету.
  • Әріп элементтерін ауада жазып жаттықтыру.
  • Жазу дәптеріндегі үлгі бойынша «Б» дыбысын бастырып жазу.

Жазбас бұрын бойды сергітіп аламыз. Дәптерді көлбеу қойып, әдемі әрі таза жазуға мән береміз.

7) Ойын: «Қай әріпті жоғалттым?»

Ойын мақсаты: оқушыларды сауаттылыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Тапсырма

Берілген сөздердегі түсіп қалған әріпті тауып, сөзді дұрыс оқы.

  • А…а
  • Н…н
  • Ш…р
  • М…л

Әріптер жиыны

Қажетті әріпті таңда: а, о, т, п, у, р, л, ш, қ, д, м, ғ

Қорытынды

Мұғалім: «Бүгін қандай дыбыспен таныстық?»
Оқушылар: «Б дыбысымен.»

Мұғалім: «Б дыбысы қандай дыбыс?»
Оқушылар: «Б дыбысы — дауыссыз дыбыс.»

Мұғалім: «Неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар?»
Оқушылар: «Себебі ол созылып айтылмайды.»

Суретті ребус ойыны арқылы «Б» дыбысының сөздің қай бөлігінде тұрғанын анықтау, сөздерді буынға бөлу және дыбыстық талдау жасау ұсынылады.

  • Бақа
  • Балға
  • Балта
  • Балапан

Қосымша: «Сөз ойла» ойыны.

Үй тапсырмасы

«Б» дыбысы бар сөздер ойлап келу; таңдаған 2–3 сөзді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасау; дәптерде «Б» әрпін көркем жазу үлгісі бойынша қайталау.