Кубиктегі сұрақтарға жауап беру

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім
Тұрлығұлова Жанар Райқызы
Алматы облыстық №15 мектеп-интернаты, тарих пәні
Сабақтың тақырыбы
Сақтар
Панорамалық сабақ
Оқыту технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау
Талқылау, дәлелдеу, қорытынды жасау
Әдіс-тәсілдер
Топтық, зерттеушілік, сұрақ-жауап
Кубизм әдісі, постермен жұмыс
Қажетті материалдар
Интерактивті тақта, слайдтар, таратпа материалдар
Бағалау парақтары, тапсырма карталары

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Ежелгі Қазақстан аумағында өмір сүрген сақ тайпаларының тарихын, мәдениетін және шаруашылығын қайталау.

Дамытушылық

  • Білгенін талдап айту, өз көзқарасын білдіру, пікірталас жүргізу дағдыларын дамыту.
  • Табандылық пен сынға төзімділік қасиеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік және топтық жұмысқа бағытталған міндеттер

  • Өзіндік және топтық жұмыс арқылы ойлау, сөйлеу, қарым-қатынас жасау мәдениетін дамыту.
  • Оқушы қиялын дамыту және «Менің ойымша…» деп жауап беруге дағдыландыру.
  • Әртүрлі жауаптарды соңына дейін тыңдау, өзара сыйластық қалыптастыру.
  • Өз пікірін дәлелдеп, жүйелі түрде қалыптастыруға үйрету.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық көңіл-күй

«Жымию» (1 минут): оқушылардың өзіне сенімін арттыру, өзара сыйластықты нығайту, көңіл күйді көтеру және сабаққа бағыттау.

Қысқа диалог үлгісі

Мұғалім: «Балалар, күннен не таралады?»

Оқушылар: «Шуақ, нұр, шапақ, сәуле, жылу, жарық».

«Ендеше, күн сияқты бір-бірімізге жылы жымиып, күлкімізді сыйлайық».

2) Топқа бөлу және бағалау

«Суреттер сыры» әдісі

Сынып оқушылары жұп және тақ сандар арқылы 2 топқа бөлінеді. Әр топқа бағалау парағы таратылады.

Ойын форматы: «Сырлы жол»

Сабақ барысында «Сырлы жол» ойыны ойнатылады. Жол бойында түрлі тапсырма-тоқтамалар (торсықтар) кездеседі. Көп ұпай жинаған топ «алтын қазынаға» ие болады.

  1. I кезең: «Қарақшылар»
  2. II кезең: «Жұлдыздар әлемі»
  3. III кезең: «Асық ату»
  4. IV кезең: «Ауыр тас»

Ойын кезеңдері мен тапсырмалар

I кезең: «Қарақшылар» (сұрақ-жауап, кубик сұрақтары)

Шарт: оқушылар слайдта берілген «қарақшылардың» сұрақтарына жауап береді. Кубик арқылы таңдалған сұрақтарға жауап беру ұйымдастырылады.

  1. 1) Дарийге жіберілген жұмбақ сыйлықта қандай заттар болды?

    Тышқан, құс, құрбақа, жебе.

  2. 2) Сақ-скиф жеріне басып кірген грек-македон әскерінің қолбасшысы кім?

    Александр Македонский.

  3. 3) Сақ қоғамында ақ киім кигендер кімдер?

    Абыздар.

  4. 4) Абыздардың танымал белгісі қандай?

    Тостаған және бас киім.

  5. 5) Сақ қоғамында «сегізаяқтылар» деп аталғандар кімдер?

    Малшылар мен егіншілер.

  6. 6) Жазба деректерде б.з.б. 570–520 жылдары өмір сүрген сақ патшайымы кім?

    Томирис.

  7. 7) Деректерде сақтар қалай аталады?

    Оқушылар дереккөздер бойынша жауап береді (әртүрлі атауларды салыстыру арқылы қорытынды жасайды).

  8. 8) Сақ қоғамы нешеге бөлінді және олар қалай киінді?

    Әлеуметтік топтарға бөлінуі және киім түстері/белгілері бойынша сипатталады (оқушылардың дәлелді жауабы бағаланады).

II кезең: «Жұлдыздар әлемі» (постермен жұмыс)

1-топ тапсырмасы

«Алтын киімді адам» табылған жерлерді белгіле

Карта/сызбада табылған орындарды көрсетіп, қысқаша дәлел келтіру.

2-топ тапсырмасы

Картаға сақ тайпаларын орналастыр

Аймақтар бойынша тайпалардың орналасуын негіздеу.

III кезең: «Асық ату» (ұпай жинау + сұраққа жауап)

Шарт: асық тигізсе — 1 ұпай. Асық тигізіп, сұраққа да жауап берсе — 2 ұпай.

1-топ

Суретте қандай жағдай бейнеленген?

Шырақ батырдың ерлігі.

2-топ

Бұл сурет туралы не білесің?

Сармат көсемі. Аралтөбе қорғаны. «Екінші алтын адам» туралы мәлімет.

IV кезең: «Ауыр тас» (Ойлан, тап!)

Бұл кезеңде «ауыр тастарды жылжыту» үшін оқушылар сұрақтарға жауап береді. Осы тапсырмадан кейін жеңімпаз анықталады.

1-топ тапсырмасы (дерекпен жұмыс)

Геродоттың сипаттамасындағы бос орындарды толтыр

«...себебі оларда ———— да, ————— те жоқ. Алайда олар өз баспаналарын өздерімен бірге алып жүреді...»

Сақтарда жоқ болғандар: қала, бекініс.

2-топ тапсырмасы (дәйексөз)

Фукидидтің айтуынша, сақтарға жетіспейтін нәрсе

Ынтымақ пен тәртіп.

Мәнжазба қорғау (ойтолғау)

1) Бірлік туралы аңыз және дәстүр

Ертеде сақ елінде алауыздық күшейгенде, көсемдер халықты біріктіру үшін үлкен қазан құюды бұйырады. Сақ сарбаздары жебелерінің мыс масақтарын жинап, содан нарқазан құяды. Сол қазанда дайындалған астан дәм татқан жұрт өкпе-назын ұмытып, қайта татуласады.

Сұрақ:

Қазақ халқында осыған ұқсас бірлік пен татулықты дәріптейтін қандай мейрам бар? Ол туралы не білесің?

2) Кир жорығына қатысты ойталқы

Бар аңсары өзгенің елін шауып, олжаға кенеліп, атағын шығаруға ауған Кир сақ даласына басып кіреді.

Сұрақ:

Егер сен Кирдің ақылшысы болсаң, оған қандай ақыл айтар едің?

Қорытынды және бағалау

Қорытынды ой

Өткен тарихты білу — бүгінгі болмысты танудың және болашақты бағдарлаудың негізі.

Түйін:

  • Мәдениетсіз ел — мәңгүрт ел.
  • Әдебиетсіз ел — әдепсіз ел.
  • Білімсіз ел — біліксіз ел.
  • Өнерсіз ел — өріссіз ел.
  • Ғылымсыз ел — жұмыссыз ел.

Өзіндік бағалау және рефлексия

  • Оқушылар бағалау парағын толтырып, қысқаша қорғайды.
  • Рефлексия: сабақта не үйренді, қай тапсырма қиын/қызық болды, нені жақсартуға болады.

Рефлексияға арналған сөйлем бастамалары

  • Бүгін мен үшін ең маңыздысы…
  • Менің ойымша, сақтар туралы жаңа түсінгенім…
  • Келесі сабақта мен…