Ыбырайдың әңгімелері
Сабақ туралы мәлімет
- Мектеп
- Алматы қаласы, №27 гимназия
- Пән
- Қазақ тілі мен әдебиеті (7-сынып)
- Мұғалім
- Терликбаева М. Ж.
- Тақырып
- Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
- Сабақтың түрі
- Жаңа оқу материалдарын меңгерту сабағы
- Бағалау
- Ойды еркін әрі дәл жеткізе алу қабілеті бойынша
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Оқушылар Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің мазмұнымен танысып, тақырыптары мен идеясын ашады. Етіс түрлерін меңгереді және мәтіннен ажырата алады.
Негізгі міндеттер
- Мазмұнға байланысты: әңгімелерді тақырыптарына қарай топтау, мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыру; етістіктерді тауып, етіс түрлеріне ажырату.
- Сыни ойлауды дамыту: ойталқыға қатысу, пікір алмасу, өз іс-әрекетін талдау.
- Топтық жұмыс: өз ойын дәлелдеп қорғауға үйрену, бірін-бірі тыңдау, толықтыру арқылы түсініксіз тұстарды нақтылау.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Көрнекілік
- Әңгіме тақырыптарына сай суреттер жиынтығы
- Сызба-кесте
- Презентация
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
- Психологиялық дайындық жүргізу.
- Кезекшімен сөйлесу.
- Күн ретін сұрап, жаздыру.
- Сабақтың мақсатын түсіндіру.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі Ы. Алтынсарин шығармалары бойынша білімдеріңізді саралап, әңгімелерін талдау кезінде ойларыңызды ашық айтыңыздар. Қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, сабаққа белсенді қатысыңыздар.
II. Қызығушылықты ояту
Топқа бөлу және ой ашар
- Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
- Өткен сабақтағы тақырып бойынша сұрақ-жауап жүргізіледі.
- Ы. Алтынсарин өлеңдерінен үзінділер жатқа айтылады.
- Ы. Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі еске түсіріледі.
Топтастыру және грамматика
- Оқушылар білетін ақпаратын қағазға түсіріп, топтастырады; әр топтан 1–2 оқушы қорғайды.
- Етіс түрлері қайталанады.
«Қос тіл — қос қанатың» (аударма тапсырмасы)
Орыс тілінен қазақ тіліне аудару
- Ыбырай 48 жыл өмір сүрді.
- Талантты педагог балаларға мектеп ашып, «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы» атты екі кітапты жазып, жариялады.
- Алтынсарин балаларды адалдыққа, еңбекке, білімге шақырды.
- Қостанай қаласында оған ескерткіш қойылды.
- Ы. Алтынсаринді қазақ халқы жоғары бағалайды.
III. Мағынаны ажырату
Жаңа сөздер
Ыбырай Алтынсарин туралы қысқаша
Ы. Алтынсарин — қазақ балалар әдебиетінің атасы. Ол бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнады: алғаш рет мектеп ашып, оқулық жазды. «Қазақ хрестоматиясының» алғы сөзінде оқулықты құрастырудағы мақсатын орыс-қазақ мектептеріндегі қазақ балаларына оқу кітабы болуымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын құрал ету деп атап көрсетеді.
Хрестоматияға Ыбырай тәрбиелік мәні жоғары шағын әңгімелерін, өлеңдерін, ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай-ақ орыс педагогтері мен көрнекті қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізді. Шығармалардың тақырыптық-идеялық мазмұны ұстаз-тәрбиеші ретіндегі адамгершілік мұраттарын айқын көрсетеді.
Әңгіме жанры және Ыбырай стилі
Әңгіме — адам өмірінің бір сәтін бейнелейтін, сюжеті бар шағын көркем шығарма. Ыбырай Алтынсарин қазақ балалар әдебиетінде әңгіме жанрының негізін салушылардың бірі ретінде танылады. Оның шығармалары қысқа да нұсқа болып келеді: аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтелді орнымен қолдану және әр әңгіменің тәлім-тәрбиелік мәнін алдыңғы қатарға шығару — жазушы ерекшелігі.
Тақырыптарды анықтау (топтық жұмыс)
1-топ
Суреттер арқылы шығармалардың тақырыбын анықтап, дәлелдеп қорғау.
2-топ
Сөздер арқылы «Ыбырай шығармалары неге үйретеді?» сұрағына жауап беру.
3-топ
Берілген шығармалар тізімі бойынша тақырыптық топтастыру жасау және қорғау.
Мысал шығармалар
- «Қыпшақ Сейітқұл»
- «Киіз үй мен ағаш үй»
- «Таза бұлақ»
- «Бай баласы мен жарлы баласы»
- «Атымтай Жомарт»
- «Асыл шөп»
Аударма сипатты әңгімелер мен өлеңдер
- Әңгімелер: «Бір уыс мақта», «Салақтық», «Бақша ағаштары»
- Өлеңдер: «Кел, балалар, оқылық!», «Бұл кім?», «Өзен», «Жаз»
- «Балқожа бидің баласына жазған хаты», «Өнер-білім бар жұрттар»
Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыптары
Еңбекке баулитын
Еңбексүйгіштік, жауапкершілік, адал еңбек құндылығы.
Өнер-білімді үлгі ететін
Оқу, білім, ізденіс, пайдалы кәсіпке ұмтылу.
Адамгершілікке тәрбиелейтін
Әдеп, мейірім, адалдық, сабыр, үлкенді құрметтеу.
Кесте толтыру (мәтін мазмұны бойынша)
Бүгінгі тақырыпты тереңірек түсіну үшін әр топ берілген мәтін бойынша кесте толтырады. Алдымен мәтін мазмұнымен мұқият танысыңыздар.
1-топ
«Әдептілік»
2-топ
«Асыл шөп»
3-топ
«Бақша ағаштары»
| Шығарма | Тақырып | Идея | Өмірмен байланыс | Етістіктер және етіс түрлері |
|---|---|---|---|---|
| «Әдептілік» | Толтырылады | Толтырылады | Толтырылады | Толтырылады |
| «Асыл шөп» | Толтырылады | Толтырылады | Толтырылады | Толтырылады |
| «Бақша ағаштары» | Толтырылады | Толтырылады | Толтырылады | Толтырылады |
IV. Ой толғаныс
Қорытынды сұрақтар
- Бүгін не үйрендік, нені білдік?
- Ыбырай әңгімелері туралы білетінімізді бір сөйлеммен түйіндейік.
«Бір айналым сөйлесу» стратегиясы
Сөйлемді жалғастыру
Бастауыш сөйлем: «Ыбырай — балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы…» (Оқушылар кезекпен жалғастырады.)
V. Бағалау
Оқушылардың жауабы ойды еркін, анық әрі дәл жеткізуі, мәтінді түсінуі және талдау жасай алуы бойынша бағаланады.
VI. Үй тапсырмасы
- «Әдептілік» әңгімесінің мазмұнын меңгеру, тәрбиелік мәніне назар аудару.
- «Ы. Алтынсарин шығармалары — тәрбие көзі» тақырыбына эссе жазу.