Трапеция тобына
«Бақытты сәт» математикалық ойын сабағы (8-сынып)
Бұл сабақ ойын формасында өтетін топтық сайысқа құрылған. Негізгі идея — оқушылардың ойлау жылдамдығын арттыру, есеп шығаруға қызығушылығын күшейту және командада жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: ойлау қабілетін, тапқырлықты және оқуға ынтаны арттыру.
- Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
- Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.
Ұйымдастыру
- Түрі
- Топтық сайыс сағаты
- Типі
- Ойын түрінде
- Көрнекілігі
- Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа дайындалған үстелдер
Сайыс кезеңдері
- 1 Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
- 2 Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
- 3 Біліктілік сайысы (есептер шығару)
- 4 Математикалық сұрақтар
- 5 «Ойымды жалғастыр» (мақал-мәтелдер)
- 6 Жұмбақ сайысы (карточка арқылы)
- 7 «Қас қағым сәт» (жылдам сұрақтар)
Нақыл сөздер
«Арифметика — математиканың, ал математика — ғылымдардың патшасы.»
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика.»
«Математика — барлық ғылымдардың бастауы және оларға пайдалы да, қажет те.»
Кіріспе сөз және топтар
Жүргізуші сөзі
«Бақытты сәт» ойынына қош келдіңіздер! Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш», «Квадрат», «Трапеция» топтарын шақырамыз.
«Математика сырлары қызықтырды біздерді. Ойынға бірге қатысуға шақырамыз сіздерді!» — дей отырып, сайыскерлердің біліміне баға беретін әділқазылар алқасын шақырамыз.
І топ: Үшбұрыш
Ұран«Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар.»
Біз дайынбыз бұл сайысқа, достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
Үшбұрыш тобынан қарсылас топтарға сәлем!
Үшбұрыш — жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқанда пайда болатын фигура.
Қабырғаларына қарай:
- Тең қабырғалы
- Тең бүйірлі
- Әр қабырғалы
Бұрыштарына қарай:
- Тік бұрышты
- Сүйір бұрышты
- Доғал бұрышты
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180°-қа тең.
ІІ топ: Квадрат
Ұран«Қандай сынақ болса да берілме, әрқашанда үміткерміз жеңіске.»
Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз — жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
Квадрат — барлық қабырғалары тең және әр бұрышы тік болатын төртбұрыш.
Қасиеттері:
- Диагональдары тең
- Диагональдары бір-біріне перпендикуляр
- Ішкі бұрыштарының қосындысы 360°
ІІІ топ: Трапеция
Ұран«Жарыс десе жанамыз, бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.»
Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз — жеңістерге бастаймыз.
Трапеция тобынан қарсыластарға сәлем!
Трапеция — екі қабырғасы параллель, ал қалған екі қабырғасы параллель емес төртбұрыш. Параллель қабырғалары — табандары, параллель емес қабырғалары — бүйір қабырғалары.
Түрлері:
- Тең бүйірлі
- Тік бұрышты
Трапецияның орта сызығы табандарына параллель және олардың қосындысының жартысына тең.
Бағалау
Әр кезең аяқталғаннан кейін әділқазылар алқасынан аралық қорытынды және ұпай саны сұралады.
Сайыс тапсырмалары
II. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
Үшбұрыш тобы
-
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса салмағы қанша?
Жауап: 3 кг
-
Үстел беті төртбұрышты. Оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?
Жауап: 5 бұрыш
-
Төрт қойдың неше аяғы бар?
Жауап: 16 аяқ
Квадрат тобы
-
Ағашта 200 торғай отыр. Аңшы 20 торғайды атып алады. Қанша торғай қалады?
Жауап: 20 торғай
-
1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі?
Жауап: 3 минут
-
6 аяқ, екі арқа, бір бас. Бұл не?
Жауап: адам орындықта отыр
Трапеция тобы
-
Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық бар?
Жауап: 4 мысық
-
Дүниедегі ең жүйрік не?
Жауап: ой-қиял
-
Бір жанұяның бес ұлы бар, әрі олардың әрқайсысының қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар?
Жауап: 6 бала
III. Біліктілік сайысы (карточкалық тапсырмалар)
Үшбұрыш тобы
ABCD параллелограмының периметрі 81 см, ал AC = 30 см. ABC үшбұрышының периметрін табыңдар.
Квадрат тобы
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 16 см. Бүйір қабырғасы табанынан 2 см ұзын. Бүйір қабырғаны табыңдар.
Трапеция тобы
Егер A = 42° болса, онда ABCD параллелограмының бұрыштарын табыңдар.
IV. Математикалық сұрақтар (әр топқа 5 сұрақ)
Үшбұрыш тобы
- Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (Жауап: жанама)
- Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле. (Жауап: биссектриса)
- Жазықтықта ешқашан қиылыспайтын түзулер. (Жауап: параллель)
- 180°-қа тең бұрыш қалай аталады? (Жауап: жазыңқы)
- Берілген формула арқылы нені табуға болады? (Жауап: трапецияның ауданын)
Квадрат тобы
- Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырға. (Жауап: гипотенуза)
- 70°-қа тең бұрыш қалай аталады? (Жауап: сүйір)
- Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. (Жауап: диагональ)
- Шеңбердің центрінен оның бойындағы нүктеге дейінгі қашықтық. (Жауап: радиус)
- Екі қатынастың теңдігі. (Жауап: пропорция)
Трапеция тобы
- Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғалары. (Жауап: катеттер)
- 120°-қа тең бұрыш қалай аталады? (Жауап: доғал)
- Параллелограмның 60° бұрышымен іргелес бұрышы неше градус? (Жауап: 120°)
- Бір нүктеден тараған екі сәуледен құралған фигура. (Жауап: бұрыш)
- Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (Жауап: 90°)
V. «Ойымды жалғастыр» (мақал-мәтелдер)
Әр команда шапшаң жауап беруі керек.
- 1 Жеті жұрттың тілін біл, — жеті түрлі білім іл.
- 2 Білекті бірді жығар, — білімді мыңды жығар.
- 3 Екі жақсы қас болмас, — екі жаман дос болмас.
- 4 Досыңды үш күн сынама, — үш жыл сына.
- 5 Бір елі ауызға, — екі елі қақпақ.
- 6 Жүз сомың болғанша, — жүз досың болсын.
- 7 Отыз тістен шыққан сөз, — отыз елге тарайды.
- 8 Білгенің бір тоғыз, — білмегенің тоқсан тоғыз.
- 9 Бір кісі қазған құдықтан, — мың кісі су ішеді.
VI. Жұмбақ сайысы
Әр топқа бірдей тапсырма карточка арқылы беріледі.
VII. «Қас қағым сәт» (жылдам сұрақтар)
Әр команда тез тұрып жауап беру арқылы ұпай жинайды.
- Бұрышты өлшейтін құрал. (Жауап: транспортир)
- Бойы екі қарыс, сыйып тұр 25 арыс. (Жауап: сызғыш)
- Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (Жауап: 0)
- 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (Жауап: 6×6−6)
- Аты шулы айқас сызық, өзі толған мағына қызық. (Жауап: координаталар осі)
- Қиылыспайтын екі түзу. (Жауап: параллель)
- Ұзындықтың өлшем бірлігі. (Жауап: метр)
- Дәлелденбейтін ұйғарым. (Жауап: аксиома)
- Екі нүктенің арасындағы түзу бөлігі. (Жауап: кесінді)
- Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (Жауап: диаметр)
- Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (Жауап: шаршы)
- 225 — нешенің квадраты? (Жауап: 15)
Соңында әділқазылар алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.