Mindstorm бағдарламасының интерфейсін сипаттай білу

Тараз қаласы

Автор: информатика пәнінің мұғалімі Мәлімбай Таңшолпан Қайратқызы

Бағыты: жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған робототехника оқу бағдарламасы бойынша тақырыптық-күнтізбелік жоспар

Рецензент: Мүслімов Б. М. — А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Тараз институты, ф.-м.ғ.к.

Түсінік хат

Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғары технологияларының бірі. Бүгінде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да бағыттарға кеңінен еніп үлгерді.

Робот деп белгілі бір әрекеттер бағдарламасына және функциялардың нақты жиынтығына ие құрылғыны айтамыз. «Робот» сөзі чех тіліндегі robota (еріксіз еңбек) және rob (құл) ұғымдарымен байланыстырылады.

Роботтың негізгі сипаттамалары

  • Алдын ала құрастырылған бағдарлама бойынша әрекет етеді.
  • Сыртқы орта туралы ақпаратты датчиктер арқылы қабылдайды (тірі ағзалардың сезім мүшелеріне ұқсас).
  • Өндірістік және басқа да операцияларды орындайды (әдетте адам немесе жануар атқаратын жұмыстар).
  • Оператормен байланыс жасап, бұйрық қабылдай алады немесе дербес жұмыс істей алады.

Аннотация

Робототехника бағдарламасына арналған бұл авторлық курс 5-сынып оқушыларына ұсынылады. Бағдарлама аясында оқушылар робот ұғымдарымен танысып, алғашқы қадамдарын жасап, бағдарламалау туралы базалық түсініктерді меңгереді және роботты іске қосу үдерісін тәжірибе арқылы орындайды.

Оқу барысында теориялық білім практикалық жұмыстармен ұштасады: есептер шығару, тапсырмалар орындау, өз бетінше робот бағдарламаларын құрастыру сияқты әрекеттер қарастырылған. Есептер оқушылардың жас ерекшелігіне сай, қарапайымнан күрделіге қағидасымен беріледі.

Бағдарламаны меңгеру нәтижесінде оқушылар қазіргі заманғы математикалық, логикалық және ақпараттық білімдерін тереңдетіп, алған дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана алады деп күтіледі.

Тұжырымдама

Қазіргі кезде көптеген елдерде оқушылар робототехниканы MINDSTORMS ортасынан бастап үйренеді. Бұл орта роботтарды бағдарламалаумен қатар, құрылымды және объектіге бағытталған тәсілдер арқылы күрделірек өндірістік міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама қолдануға ыңғайлы: тапсырманы кезең-кезеңімен құру ретін жүйелейді, оқушылардың әрекет тәртібін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен бірге жалған бағдарламаны машина тіліне аудару, объектілік модульдермен жұмыс жасау секілді негіздер де қамтылған.

Сол себепті 5-сынып оқушыларына арнап дайындалған бұл курс пайдаланушыларға өз тиімділігі мен практикалық пайдалығын көрсетеді деп күтіледі.

Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Робототехника курсын меңгерту арқылы оқушыларды қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, қарқынды дамып келе жатқан қоғамда кәсіби маман болып қалыптасуына бағыт беру.

Міндеттері

  • Бағдарламаны үйрету арқылы оқушылардың танымдық және біліктілік қабілеттерін дамыту.
  • Компьютерлік графикамен жұмыс жасау барысында оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға ықпал ету.

Күтілетін нәтиже

Робототехника бағдарламасын меңгерген және оны оқу-танымдық іс-әрекетінде, сондай-ақ болашақ кәсіби бағытына сай қолдана алатын тұлға қалыптастыру.

Оқушылардың білім-білік дағдыларына қойылатын талаптар

Оқушы нені білуі керек

  • Робот ұғымын сипаттай және талдай білу.
  • MINDSTORMS бағдарламасының интерфейсін сипаттай білу.

Оқушы нені үйренуі керек

  • Роботты құрастырудың бастапқы дағдыларын меңгеру.
  • Бағдарламаның командаларымен жұмыс жасау.
  • MINDSTORMS ортасында есептер шығару және шешім құрастыру.
  • Шығармашылықпен жұмыс істей білу.

Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы

  1. 1. Негізгі ұғымдар.
  2. 2. Бағдарламаның негізгі және қосымша құралдары.

Толық нұсқа

Құжаттың толық нұсқасын жүктеу үшін сілтемені пайдаланыңыз.

Толық нұсқасын жүктеу