Абайдың музыкалық бейнесін сахналау
Сабақтың мақсаты
Бұл сабақтың негізгі мақсаты — Абайдың музыкалық мұрасын терең таныту және ұғындыру. Ақын әндеріндегі ерекше әуен мен ырғақ туралы білімді қалыптастыру, Абай әндерінің опера жанрына ұласуын және операдағы Абай тұлғасының ақын бейнесімен үндестігін түсіндіру көзделеді. Сонымен бірге оқушыларды опера музыкасын тыңдап, түсініп қабылдауға баулу, адамгершілікке, сезімталдыққа, өнерді сүюге және қадірлеуге тәрбиелеу міндеті қойылады.
Сабақ түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Баяндау, ойын, сахналау, топтастыру, шығармашылық жұмыс, ән айту, кубизм әдісі және басқа тәсілдер.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылар сыныпқа Абайдың «Торжорға» күйінің әуенімен кіреді.
- Музыка арқылы сәлемдесу.
- Дауыс ашу жаттығулары.
Психологиялық дайындық
Күй тыңдаймыз күмбірлі,
Ән айтамыз созылтып,
Би билейміз ырғақты —
Біз бастаймыз сабақты.
Сұрақ
Үнтаспадан тыңдаған күй таныс па?
Жауап: «Торжорға».
Сұрақ
Күйдің сипаты қандай?
Жауап: жүрдек, көңілді.
2) Үй тапсырмасы (топтық жұмыс)
1-топ
Абайдың музыкалық мұрасы туралы әңгімелеу.
2-топ
Абай — ән мен күй өнерінің сыншысы (сипаттау).
3-топ
Абай әндерінің жинақталуы (зерттеу).
Ойын: «Адасқан ноталар»
Ноталарға жасырылған әндерді тауып, ноталарды сызық бойына орналастыру.
- до
- «Көзімнің қарасы»
- ре
- «Айттым сәлем, қаламқас»
- ми
- «Қараңғы түнде тау қалғып»
- фа
- «Бойы бұлғаң»
- соль
- «Сегіз аяқ»
- ля
- «Татьяна әні»
- си
- «Желсіз түнде жарық ай»
Ән айту
«Желсіз түнде жарық ай» әнін сурет бойынша әңгімелеумен байланыстырып, екі дауыста орындау.
Үй тапсырмасын қорыту: «Абай» топтастыру
3) Жаңа тақырып: Операдағы Абай бейнесі
Ұлы ақын есімімен аталатын «Абай» операсын Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди Абайдың туғанына 100 жыл толуына орай арнады.
Либретто
Мұхтар Әуезов (1897–1961)
Музыка авторлары
Л. Хамиди, А. Жұбанов
Кейіпкерлер
Абай, Жиренше, Ажар, Нарымбет, Айдар және т.б.
Ахмет Жұбанов (1906–1968)
Ақтөбе облысында туған қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері, академик, профессор, музыка зерттеушісі. Қазақстандағы композиторлар мектебінің негізін қалаушылардың бірі, Санкт-Петербург консерваториясын бітірген.
1934 жылы Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің бас дирижері болды. Оркестрге арналған шығармалары: «Би», «Күй», «Құрманғазы маршы», «Қазақ маршы» және т.б. Вокалдық әндері: «Қарлығаш», «Ақ көгершін» және т.б.
Латиф Хамиди (1906–1983)
Қазіргі Татарстанның Апас ауданындағы Бували ауылында дүниеге келген. 1933 жылы Қазақстан Мемлекеттік драма театрының шақыруымен Алматыға келіп, алғашқы күннен бастап халық әндері мен күйлерін жинақтаумен айналысты.
Операның идеялық өзегі
Операда ұлы ақын-ағартушының бейнесі жан-жақты ашылады. Абай өмір сүрген дәуірдегі қараңғылық пен надандық, байлықтан өзгені білмейтін топас байлар мен қатыгез әдетті ұстанған адамдардың келбеті нанымды суреттеледі. Оқиға барысында Абай халықпен бірге көрінеді.
Сюжет желісіндегі негізгі қайшылық Абайдың сүйікті шәкірті Айдар мен Ажардың махаббаты арқылы өрбиді.
Музыка тыңдау
Абайдың ариясы.
Ән үйрену
«Қарлығаш — азат құспын» әні (операда әйелдер хоры орындайды).
4) Шығармашылық жұмыс
I топ
Той әнін сахнада хормен орындау.
II топ
Ән әуеніне сай бидің ырғағын тауып, билеу.
III топ
Абайдың музыкалық бейнесін сахналау.
5) Қорытынды сұрақтар
- 1 «Абай» операсын жазған композиторлар кімдер?
- 2 Опера сахнаға қай жылы қойылды?
- 3 Либреттосын жазған кім?
- 4 Операда Абай кімдерге қарсы күресті?
Абай тек өлеңінде ғана емес, өмірінде де әділдік, туралық және шындық үшін күрескенін осы тақырып айқын көрсетеді.
6) Бағалау
Бағалау ноталар арқылы жүргізіледі:
Бүтін нота
Өте жақсы
Жарты нота
Жақсы
Ширек нота
Орташа
7) Үйге тапсырма
- «Операдағы Абай бейнесі» тақырыбын мазмұндау.
- Кейіпкерлерді сахналауға дайындалу.