Балалық ұрлаған көңіл

Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі

Көңіл
Басында жас бала едің сен,
Ойың бұзылмаған, көңіл!
Періштеден таза едің сен,
Қиянат қылмаған, көңіл!
Ата - анаңа махаббатың,
Жоғары ғарыштан затың,
Анық шын бұл маған, көңіл!
Жігіттікке жетелеген
Секунд, минут, саған деген.
Жаралыс бұл солай деген;

Балалық ұрлаған көңіл!
Білем, болам, озамын деп,
Биікке қол сазамын деп,
Ақыр бір күн тозамын деп,
Асығыс зырлаған көңіл!
Атақ, мақтан, құмар, пайда,
Өзімшілдік, құлым, хайла
Жетесің, қу, - деді - әйда ,
Боялып, сырлаған көңіл!
Бұ болды қайта бір туыс,
Тысы толық, іші қуыс.
Әлемді қылды бір уыс,
Тереңге зымдаған көңіл!
Балалық - тазалық өлді,

Жүректің ақ нұры сөнді.
Амалсыз осыған көнді,
Дұрыс деп тыңдаған көңіл!
Түзелмес мін емес бұлар,
Әр әмір өз ісін қылар.
Сырарлық тағы мезгіл бар,
Ауыспай тұрмаған көңіл!
Қырық жылдан жас өткенде,
Қызудың көбі кеткенде,
Есептер кезі жеткенде,
Не болар бұрмаған көңіл!
Келіп қайдан, барам қайда?
Не қылғаным болар пайда?
Қалам ба мола боп сайда? -
Деген ой тырнаған көңіл!
Жиырма жыл жүректі тесіп,
Бір олай, бір бұлай десіп,
Алынғанша анық шешіп,
Тынымдап тынбаған көңіл!
Бүгін тауып тілегенді,
Хақиқатқа көңіл сенді.
Қуанып, түрленіп енді,
Бозторғай шырлаған көңіл!
Бүгін менің ұлыс күнім,
Бағымды ашқан қадір түнім.
Жетіліп түр қызыл гүлім,
Көзім көрді дегендей іс,

Табылды, кет, жоғал кейіс!
Өлімнің шын түбі бейіш –
Анық деп ымдаған көңіл!
Тазалыққа тағы кеттім,
Балалықты қуып жеттім.
Жоғары ғарыштан өттім,
Осыны шыңдаған көңіл!
Терең ойсыз кей арам тер
Өлімнен соң өмір жоқ дер.
Өкініп, қайғымен өтер,
Мойыны сынбаған көңіл!
Келем десең, өлім, маған,
Досымсың, жау емен саған.
Есікті аш жолды байлаған,
Жөнелсін ұнаған көңіл!



Ұқсас жұмыстар

Шәкәрім Құдайбердиевтың өмірі мен шығармашылығы
Ақберен Елгезек өлеңдеріндегі жалғыздық ұғымы
Құқықтық мәдениет жайлы
Айбек Қалмағамбетов. Жоғалған қыз туралы аңыз
Бөлтірік шешен сөздерінің тәрбиелік мәні
Төле бидің соттық шешімдері және қазақтың әдет - ғұрыптық құқығы
ҰЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ ҰЛЫ АБАЙЫ
БӨТЕННІҢ МЕНШІГІН ҰРЛАУДЫҢ ТҮСІНІГІ
Атақты әлеуметтік желілер мен микроблогтар
Марк Цукерберг - Facebook авторы
Жарқырап бостандықтан сәуле түсті - Жабырқаған халықтың көңілі өсті
Көңілді Әсет келді көтергелі, Болмайды кеуде шіркін жөтелгелі
Ауылым - дала ажары, Тек сенде көңіл қалауы
Менің көңілім жұрттың қамында емес, бір басқа
Ару - Ана өмірдің асылдары, Жайнасын көңілімнің жасыл бағы
Аттың көңілін кім ашар
Менің алтын қайырымды жан құрбым Тілеубектегі Анарбекқызы Жүсіпнемересі Гүлсананың бойындағы ең бір ерекше ұнайтын қасиеті - оның ақкөңілділігі мен асқан мейірімділігі
Ардақты ағаларға шын көңілден
Өзіміз кішкентай кезімізде оқып, оқығанды көңілімізге тоқып өстік
Таласымды тартамын тазалыққа, Шашып - төгу жатады балалыққа