Құрметті Бөбек шағын орталықтың ұжымы
Іс-шара туралы қысқаша мәлімет
Өтетін орны
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, мектепке дейінгі «Бөбек» шағын орталығы.
Тақырыбы
1 маусым — Балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» мерекелік бағдарламасы.
Дайындаған
Әдіскер: Нұршаш Жүнісова Құсманқызы.
Бағдарламаның құрылымы
Ұйымдастыру бөлімі
- 1Алаңды безендіру.
- 2Қонақтарды қарсы алу.
- 3Фанфар. Топ шеңбер болып тұрады.
- 4Екі жүргізушінің шығуы.
- 5Құттықтау сөзі (меңгерушіге сөз беріледі).
Шығармашылық және ойын бөлімі
- 6Хор: «Біз бақытты баламыз».
- 7Клоунның келуі.
- 8Ойын-кричалка: «Ұлдар, қыздар!» (қимылмен қайталау).
- 9Балалардың тақпақтары.
- 10Ойын: «Батпақ» (эстафета).
- 11Қимылды ойын: «Как настроение?» / «Қалайсың?»
- 12Ән (Балбөбек тобының тәрбиеленушісі — орындауында).
- 13Күй: «Балбырауын» (саз мектебі оқушысы — орындауында).
- 14Флешмоб.
- 15Қорытынды және қонақтарды шығарып салу.
Сценарий мәтіні
Кіріспе (фанфар, шеңбер)
1-жүргізуші
Құрметті «Бөбек» шағын орталығының ұжымы! Қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! 1 маусым — Балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, ал балаларға бақытты балалық шақ пен әрқашан сыңғырлаған күлкі тілейміз! «Бөбек» шағын орталығының бүлдіршіндері дайындаған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік концерттік бағдарламасына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші
Здравствуйте, дорогие коллеги и милые дети! Мы поздравляем вас с Международным днем защиты детей. Впервые День защиты детей был проведен в 1950 году в 51 стране мира. В этот светлый и радостный день вам дарят свои песни и танцы обучающиеся Центра детского и юношеского творчества.
Құттықтау сөзі
Құттықтау сөзі мектепке дейінгі «Бөбек» шағын орталығының меңгерушісі Молдабаева Ақмарал Рашидовнаға беріледі.
Өлең жолдары және ән
1-жүргізуші
Семей қаласында дүбірлі той — Балаларды қорғау күні, біліп қой!
Алақай-ау, алақай, той тойлайық, балақай!
Қызарғанша алақан, қол соғайық, балақай!
2-жүргізуші
Кто смеется лучше всех? Чей звенит повсюду смех?
Кто задорней всех на свете? Ну конечно, это дети!
Детство — свой особый мир: дети — бог в нем и кумир.
Там мечты прекрасней света, там печалей просто нету!
В этот день найдите средства защитить от горя детство,
и на много-много лет пусть сияет детства свет!
В исполнении наших малышей примите песню «Біз бақытты баламыз».
Хор
«Біз бақытты баламыз» әні.
Клоунмен бөлім
Клоун
Сәлем, достар!
Барлығы: Сәлем! Сәлем! Сәлем!
Ура! Ура! Ура!
Барлығы: Нас познакомила игра!
Достар, мен сендердің мерекелеріңе келгеніме өте қуаныштымын! Бәріміз қызықты ойындар ойнап, көңілді билер билеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайық. Солай емес пе, достар?
Барлығы: Иә!
Біздің арамызда қыздар көп пе, әлде ұлдар көп пе? Қане, байқап көрейік!
Ойын-кричалка: «Ұлдар, қыздар!»
Барлығы қимылмен қайталайды:
Жүгіреді, жүгіреді — түлкілер, түлкілер,
Естілді, естіледі — күлкілер, күлкілер.
Қане бірге, қане бірге — ұлдар-ай!
Қане бірге, қане бірге — қыздар-ай!
Клоун: Жарайсыңдар! Ендеше «Балапан» биін билеп көрейік!
Тақпақтарға кіріспе
1-жүргізуші
Біз бақытты баламыз, ақылдымыз, данамыз.
Ертеңгі күн еліміздің батырлары боламыз.
2-жүргізуші
Первый день июня — это наступило снова лето.
Пусть от края и до края…
Балалардың тақпақтары
Оқушылардың дайын тақпақтары орындалады.
Ойын: «Батпақ» (эстафета)
1-жүргізуші
Қымбатты балдырғандар, барлығыңызды көңілді ойын ойнауға шақырамыз. Ойын жылдамдыққа арналған. Сахна төріне ойынға қатысатын 10 бала шақырылады.
2-жүргізуші
Балалар, ойынымыз «Батпақ» деп аталады. Екі топқа бөлінеміз. Алаңды «батпақ» деп есептейік. Берілген жерге дейін тек қағаздарды басып өту керек. Қағазды қолыңа алып, аяғыңның астына қоясың, солай жылжисың. Межеге жеткен соң қағаздарды қолыңа алып, жүгіріп келіп келесі ойыншыға бересің. Қай топ бірінші аяқтаса — сол топ жеңімпаз!
Ойынды бастайық!
Көрермендермен ойын
Қажет болса, ойынға ересектер де қатыса алады.
Қимылды ойын: «Как настроение?»
Қатысушылар жүргізушінің сұрағына қимылмен жауап береді:
- Как живешь? — Вот так! (бас бармақты жоғары көтереді)
- Как идешь? — Вот так! (орнында жүреді)
- Как плывешь? — Вот так! (жүзуді бейнелейді)
- Как бежишь? — Вот так! (орнында жүгіреді)
- Как грустишь? — Вот так! (мұңаяды)
- А шалишь? — Вот так! (қылық көрсетеді)
- А грозишь? — Вот так! (саусағымен ескертеді)
Әнге кіріспе
1-жүргізуші
Қазақстан, сенсің менің сайран бағым,
Кетпестей кіндігімнен байланғанмын.
Табысың, тамашаң да толып жатыр,
Баяндап тауысайын қайдан бәрін.
Орындау
«Балбөбек» тобының тәрбиеленушісі ________________ орындауында ________________ әнін қабыл алыңыздар.
Күйге кіріспе
1-жүргізуші
Басты қоссақ бәріміз — біздер елдің сәніміз.
Шаттық, бақыт, қуаныш — елімізге сыйлаймыз!
Орындау
Бүгінгі мерекеге арнап саз мектебінің оқушысы ________________ «Балбырауын» күйін тартады. Қабыл алыңыздар.
Би және флешмоб
1-жүргізуші
Балдаурен көктем — асыға жеткен балдәурен әнім,
Қызыққа толы, күлкіге қанар ғажайып шағым.
Есімнен мәңгі кетпейді әлі, жанымда қалар
Балғын шақ кездің, балғын шақ кездің балалары.
Әдемі саздың ырғағымен қонақтарымызды шығарып салайық!
Флешмоб
Мерекенің соңында «Бөбек» ұжымының флешмоб биі орындалады.
Қорытынды тілек
2-жүргізуші
Заключительная часть. Подведение итогов.
Пусть не будет войны никогда,
Пусть спокойными спят города,
Пусть сирены пронзительный вой
Не звучит над моей головой.
Ни один пусть не рвется снаряд,
Ни один не строчит автомат.
Оглашают пусть наши леса
Только птиц и детей голоса,
И пусть мирно проходят года.
Жалпы тілек (бірге)
Балаларымыз аман, бауырымыз бүтін болсын!
Балаларымыздың ұйқысы тыныш, күлкісі тұнық болсын, ағайын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Шығармашылық тапсырма
2-жүргізуші
А теперь мелки возьмите и на асфальте нарисуйте, напишите, что для счастья нужно. Пусть в рисунках ваших будут: счастье, солнце, дружба.
Конкурс
Асфальтқа сурет салу байқауы.