Шаңырақ стратегиясы арқылы топқа бөлу

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Бұл сабақ әдебиеттік оқу пәніне арналған. Тақырып: Ы. Алтынсарин — «Салақтық». Сабақ құрылымы оқушыны мәтін мазмұнын түсінуге, негізгі ойды табуға және сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірін дәлелдеуге бағыттайды.

Мақсаты

  • Мәтін мазмұнын түсіну.
  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.
  • Сыни тұрғыдан ойлап, өз пікірін айту және дәлелдеуге дағдылану.

Әдіс-тәсілдер

Эссе, «Миға шабуыл», «Ассоциация», «Инцидент» стратегиясы, «Шаңырақ» стратегиясы, «Синквейн», «Пирамида», «Табыс баспалдағы», «Свод кестесі».

Сыни ойлау Топтық жұмыс Рефлексия Формативті бағалау

Көрнекіліктер

  • Слайд материалдары
  • Ы. Алтынсариннің портреті
  • Тақырыпқа қатысты суреттер

Сабақтың барысы

1) Психологиялық ахуал

  • Сергіту сәтін өткізу.
  • «Шаңырақ» стратегиясы арқылы топқа бөлу.
  • Топ басшыларын сайлау.

2) Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасы: «Ата-ананы құрметтеу» тақырыбында шағын эссе. Мұғалім үй тапсырмаларын тексеріп, 3–4 оқушыға өз эссесін оқытады.

Бекіту сұрағы

«Қадірлі әкелер, мейірімді аналар» бөліміндегі шығармалар қандай нақыл сөзге негізделген? «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер».

Қорытынды: үлкенді сыйлау, сөзін тыңдау, құрмет көрсету — адамдықтың өлшемі.

Формативті бағалау: «Бағдаршам».

3) Мағынаны тану

Интерактивті тақта арқылы «Миға шабуыл» жүргізіліп, халық ауыз әдебиетіне не жататыны еске түсіріледі.

  • Ертегілер
  • Аңыздар
  • Жұмбақтар
  • Шешендік сөздер
  • Жаңылтпаштар
  • Төрт түлік туралы жырлар
  • Мақал-мәтелдер
  • Өтірік өлеңдер

Тапсырма

Мақал-мәтелдерден құрастырылған сөзжұмбақты шешу (оқулық, 145-бет).

Осы мақал-мәтелдерге ортақ тақырып қандай?

  • A) Туған жер, Отан туралы
  • Ә) Еңбек туралы
  • Б) Жақсы, жаман істер туралы
  • В) Ерлік, батырлық туралы

Өткен тараудан ата-ананы құрметтеу — ең үлкен адамгершілік қасиет екенін білдік. Енді «Адам болам десеңіз» бөлімін бастаймыз.

4) Тақырыпқа шығу: «Инцидент» стратегиясы

«Салақ бала» туралы шағын көрініс көрсетіледі. Талқылау сұрақтары:

  • Ернұр туралы не айтуға болады? Ол қандай бала?
  • Осындай бала болуға бола ма?

Осылайша бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады: Ы. Алтынсариннің «Салақтық» мәтіні.

«Салақтық» ұғымына ассоциация

еріншек кір жалқау лас жуынбайды таза жүрмейді

5) Топтық жұмыс: мәтінмен жұмыс

Мәтін бөліктерге бөлініп оқылады. Әр топ өз бөлігі бойынша шегін ажыратып, мазмұнын талдайды.

1-топ

Керімнің салақтығы туралы.

2-топ

Керімнің қотыр болуы.

3-топ

Керімнің таныстарының сөзі.

4-топ

Керімнің ауруға шалдығуы.

Сөздік жұмысы

Дәптерге жазу: тәуір, сазайы, бәлеге душар болу.

Топтарға қосымша тапсырмалар

  • 1-топ: Тазалық туралы мақал айтып, мағынасын ашу.
  • 2-топ: «Пирамида» әдісі арқылы мәтін мазмұнын баяндау.
  • 3-топ: Автор кім? Ол туралы не білеміз?
  • 4-топ: «Синквейн» арқылы Керімді сипаттау.

Формативті бағалау: «Бағдаршам».

6) Ой толғаныс және қорытынды талдау

1-топ

Авторға хат жазу.

2-топ

Мәтін кейіпкеріне хат жазу.

3-топ

Кейіпкерге мінездеме беру.

4-топ

«Свод кестесін» толтыру.

Негізгі сұрақ

Мәтіннің негізгі ойы қандай?

Оқушылар автор ойына сүйеніп, тазалық пен салақтық туралы мақал-мәтелдер айтады. Түйін: тазалық — денсаулық кепілі, ал денсаулық — зор байлық.

Постер тапсырмасы: «Тазалық достары»

Тазалықтың достарын атап, суреттерін жапсырып, жұмбақтарды шешу арқылы постер жасалады.

су сабын тарақ сүлгі айна таза ауа спорт

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау сабақ бойы жүргізіледі. Қорытынды бағалау: «Табыс баспалдағы».

Қосымша формативті бағалау: «Бағдаршам».

Үй тапсырмасы

  • Оспанхан Әубәкіров туралы деректеме жазу.
  • «Сүт қалай ұйықтады?» ертегісін оқу.
  • Сүттен жасалатын тағамдар туралы мәлімет жинап келу.
  • «Тазалық — денсаулық кепілі» тақырыбына эссе жазу.

Кері байланыс

Сабақ соңында оқушылармен рефлексия жүргізіледі:

  • Сабақ ұнады ма?
  • Сабақтың ұтымды тұстары қандай болды?
  • Бүгінгі үйренгендерің болашақта қажет болады деп ойлайсыңдар ма?
  • Осы тақырып бойынша тағы нені білгілерің келеді?

Мұғалім: Ш. Ж. Оразаева