Мультфильм аяқталған соң Жарадыңдар бүлдіршіндер
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Негізгі ақпарат
- Тобы
- Ортаңғы №3
- Білім беру саласы
- Шығармашылық
- Оқу іс-әрекеті
- Музыка
- Тақырыбы
- Музыка әлеміне саяхат
Мақсаты
- Балаларды музыка әлемімен тереңірек таныстыру.
- Әуенді сергек айтуға, тыңдауға және ойын-қимыл арқылы ырғақты сезінуге үйрету.
- Дыбыстың ұзақтығын, биік және төмен дыбыстарды ажыратуға баулу.
- Жағымды көңіл-күй сыйлап, музыка оқу іс-әрекеті бойынша білімдерін бекіту.
Әдіс-тәсілдері
Сұрақ-жауап, орындау, қайталау.
Көрнекілігі
Билингвизм (сөздік)
Жай
медленно — slowly
Тез
быстро — fast
Жоғары
высокий — alt
Төмен
низкий — low
Сабақ барысы
Мотивациялық-қозғаушы бөлім
Балалар залға көңілді әуенмен кіреді. Шеңбер бойына орналасып, әнмен амандасады:
Амандасу
«Сәлеметсіздер ме, балалар!»
Ырғақтық жаттығулар
- Марш
- Аяқ ұшы
- Аяқ өкшесі
- Секіру
Тәрбиеші: «Балалар, сиқырлы музыка әлеміне саяхаттағыларың келе ме?»
«Ендеше музыка әлеміне полька биімен жетейік!»
Ұйымдастырушы-ізденуші бөлім
Балалар орындықтарына жайғасады. «Сахна» ашылып, интерактивті тақта көрінеді. Тақтадан екі аспапшы сөйлейді, аудиожазба қосылады.
«Қандай ғажап әлем! Бұл сиқырлы тақта бізге музыка әлемімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Ол үшін бірнеше аялдамадан өтуіміз керек. Дайынбыз ба?»
1-аялдама: Вокалия
Сұрақ: «Әнді жақсы айту үшін не қажет?»
Тапсырма: берілген ұзақтықтарға сай «ууу» дыбысын созып айту арқылы дауыс жаттығуын орындау.
Назар аударамыз
Дыбыстар жоғары (высокий / alt) және төмен (низкий / low) болып бөлінеді.
Ән айту
«Нұрлы көктем»
2-аялдама: Ырғақ
«Алақандар мен табандар» ойынын ойнаймыз.
Берілген суреттегі ұзақтықтарға сәйкес алақан соғамыз немесе табанмен топылдатамыз.
3-аялдама: «Үйде не болып жатыр?»
Балаларға үш жанрдағы әуен ұсынылады. Тыңдай отырып, жанрға сәйкес карточканы таңдап белгілейді.
Үш бала тапсырманы тақтада орындайды, қалғандары орындарында қатысады.
Әуен тыңдау
- Би: «Полька»
- Ән: «Спорттық хор»
- Марш: «Ағаш солдаттар»
4-аялдама: «Аспаптарды ажырат»
Балаларға екі «ұяшық» ұсынылады: үрмелі және ұрмалы аспаптар.
Тапсырма: аспаптарды түріне қарай ажыратып, тиісті ұяшыққа орналастыру.
Тапсырма аяқталған соң «Адам-оркестр» мультфильмі көрсетіледі.
Мультфильм аяқталған соң: «Жарайсыңдар, бүлдіршіндер! Тапсырмаларды орындап, музыка әлеміне қош келдіңдер!»
«Сендерден қонақкәде сұраймыз!» (аудиожазба қосылады)
Сұрақ: «Балалар, біз қандай аспап түрінде өнер көрсетіп жүрміз?»
Жауап: «Көңілді аспаптар» (Д. Шостакович)
Музыка әлемімен қоштасып, балабақшамызға қайтайық.
Қорытынды бөлім
«Жарайсыңдар, балалар! Сиқырлы тақтаның тапсырмаларын орындау арқылы алдымыздан Музыка әлемі ашылды».
Қайталау сұрағы: «Біз бұл әлемде нені білдік?»
Автор туралы
Мекеме
Атырау облысы, Атырау қаласы, КМҚК №21 «Алтын кілт» балабақшасы
Педагог
ІІ санатты саз жетекшісі — Айтжанова Құралай Бекболқызы