Оқулықта берілген сөз, сөйлемдерді тізбектеп оқыту

1-сынып • Әліппе

Сабақтың тақырыбы: «Мм» дыбысы мен әрпі

Бұл сабақ жоспары оқушыларды «Мм» дыбысы мен әрпімен таныстыруға, сөз құрамын талдауға және қарапайым шығармашылық тапсырмалар арқылы тілдік дағдыларды дамытуға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

  1. «Мм» дыбысы мен әрпін таныту: «М» дыбысының үнді дауыссыз екенін, сөз ішінде келетін орнын, буындағы және сөз соңындағы дыбысталу ерекшелігін меңгерту.
  2. Талдау дағдысын қалыптастыру: «Мм» дыбысы бар сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасату, сөз бен сөйлем құрату арқылы шығармашылық іскерліктерін дамыту.
  3. Тәрбиелік мақсат: ұжымдық сыйластыққа, бір-бірін қадірлеуге, оқу құралдарын ұқыпты ұстауға және адамгершілік қағидаларды сақтауға тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Көрнекілігі
«Мм» әрпінің баспа және жазба түрі, әріптер кассасы, суреттер, шығармашылық тапсырмаларға арналған үлестірмелер, слайд, кестелер және т.б.
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, Ана тілі
Сабақ түрі
Жаңа білім меңгерту
Оқыту әдістері
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, дамыта оқыту әдістері

Сабақтың барысы

I кезең

Қызығушылықты ояту

  • «Шаттық шеңбері»: жылы лебіз айту, сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастыру.

II кезең

Үй тапсырмасын тексеру

1) «Дд» дыбысы бойынша қайталау

  • «Дд» дыбысына сөз құрау, сөзден сөйлем ойлау.
  • Оқулықтағы сөздер мен сөйлемдерді тізбектеп оқу.

2) «Жоғалған сөзді тап!»

Сөйлемдердегі бос орынға тиісті тірек сөздерді қойып толықтыру.

Тірек сөздер

доп, Айдар, торпақ

Сөйлем үлгілері

  • Дана ... алды.
  • Дулат ... қарады.
  • ... қорада.

3) «Әріптер еліне саяхат»

Дыбысталу ерекшелігіне қарай әріптерді «қызыл үйшік» және «көк үйшікке» орналастыру (дауысты/дауыссыз).

Әріптер

Аа, Тт, Пп, Нн, Ғғ, Рр, Лл, Уу, Шш, Йй, Оо, Ққ, Дд

4) Жаттаманы қайталау

Сұрақ

Жазу құралын ата.

Жауап: Дәптер

Өлең: «Дәптер»

Әліппе сенің сырласың,

Әліппе досың болады.

Әріптердің шұғыласы,

Дәптеріңе қонады.

Айтқан сөзін құпта да,

Ұстазыңды құрметте,

Дәптеріңді күт, бала,

Дәптеріңді құрметте!

III кезең

Мағынаны тану

1) Сөзжұмбақ шешу

  1. Қыздар алқасы — моншақ
  2. Үй жануарларын бір сөзбен — мал
  3. Көйлек неден тігіледі? — мата
  4. Киім тоқылатын ақ ұлпа — мақта

Шешім сөздерін буынға бөліп айтамыз: мон-шақ, мал, ма-та, мақ-та. Барлығында да сөз басында «Мм» дыбысы естіледі.

«Мм» дыбысы ауыз қуысында кедергіге ұшырап, қысылып айтылады. Сондықтан ол — үнді дауыссыз дыбыс.

«Мм» әрпінің баспа және жазба түрімен танысып, әріпті ауада жазып көреміз.

2) Сурет бойынша жұмыс (әңгімелеу)

  • Моншақ

    Бұл — моншақ. Қыздар моншақты әсемдік үшін тағады.

  • Комбайн

    Бұл — комбайн. Комбайн мақта алқабында мақта орады.

  • Мақта

    Бұл — мақта. Мақтадан киім тоқылады.

  • Оймақ

    Бұл — оймақ. Оймақты іс тіккенде қолданады.

3) Оқулықпен жұмыс

  • Бағанда берілген сөздерді оқыту.
  • Мәтінмен жұмыс: «Тамақ» — тамақтың адам үшін маңызын түсіндіру, ой қозғау.

4) Сөздік жұмыс

Мол
көп
Мақал
нақыл сөз
Оймақ
іс тіккенде саусаққа киетін бұйым
Қармақ
балық аулауға арналған құрал

5) Дәптермен жұмыс

«Мм» әрпін жазу: жоларалықты сақтау, әріптің биіктігі мен көлбеулігін қадағалау.

IV кезең

Ой толғаныс (бекіту)

A) Бір сөзден көп сөз ойла

3-топ: «Моншақ»

он, шақ, ошақ, монша

«Оймақ»

ақ, ой, май, қой, ай

«Мақта»

мата, ақ, ақта, тамақ

Ә) «Пирамида» құрастыру

  1. Бүгін танысқан әріп — М
  2. Бастың негізгі мүшесі — ми
  3. Тағам түрі — май
  4. Киім тігілетін/тоқылатын материал — мата

Б) «Дүкеннен азық-түлік алу» ойыны

Жұмбақтың шешімін тауып, «кәрзеңкеге» саламыз. Соңында сөздерді оқып, барлығын бір сөзбен атаймыз.

  1. Ас атасы — нан
  2. Өзі тәтті, тез ериді, шайдың дәмін келтіреді — қант
  3. Нанға жағып жейді, балалар жақсы көреді — май
  4. Домалақ пішінді, нанның бір түрі — тоқаш
  5. Сүттен жасалады, ұйытылып ішеді — айран

Қорытынды сұрақтар

  • Кәрзеңкедегі сөздерді бір сөзбен қалай атаймыз? Тамақ.
  • Тамақ не үшін қажет?
  • Адам өмірі үшін тағы нелер қажет?
  • «Тамақ» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

В) Біз не үйрендік?

  • «М» — дауыссыз, үнді дыбыс.
  • «М» дыбысы сөздің барлық буынында кездесе алады.
  • «Мм» әрпінің баспа және жазба түрін ажыраттық және жазып үйрендік.

V кезең

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқу.
  • Жазба жұмысын орындау («Мм» әрпін жазу).

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, оқу жылдамдығы, талдау жасауы және тапсырмаларды орындауы ескеріліп, мадақтау арқылы бағаланады.