Балаларды достыққа, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу

Сабақ туралы мәлімет

Өңірі

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы

Білім беру ұйымы

№9 жалпы орта білім беретін мектеп

Педагог

Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі — Уташова Гульжаннат Ибатуллаевна

Білім беру саласы

Қатынас

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

«Жыл басына таласқан хайуанаттар»

Мақсаты мен құндылықтары

  • Балаларға он екі жылдың атаулары туралы түсіндіру.
  • Достыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
  • Ұйымшылдыққа, отансүйгіштікке, қайырымдылыққа баулу.

Әдіс-тәсілдер және көрнекіліктер

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап Жұмбақ шешу Ой қозғау Ойын Қорытындылау

Көрнекіліктер

  • Әліппе дәптері
  • Жануарлар суреттері
  • Слайд

Сабақ барысы

Ынталандыру

«Шаттық шеңберін» ұйымдастыру.

Шаттық шеңбері

Арайланып таң атты,

Алтын шапақ таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жадырайды жанымыз.

Жаңа сабаққа кіріспе

  • Өткен сабақты пысықтау.
  • Ойыншықтар туралы тақпақ айту.

Негізгі бөлім

Жұмбақтарды шешу арқылы тақырыпқа жетелеу.

Жұмбақтар

  1. Кішкене ғана бойы бар,

    Айналдырып киген тоны бар.

  2. Киелі бір жануар,

    Үстінде екі тауы бар.

  3. Ерте тұрады,

    Бәрін айқайлап оятады.

  4. Екі мүйізді,

    Төрт аяқты,

    Бір шыбықты,

    Өзі сүтті.

  5. Адамға серік,

    Күзетке берік.

Сұрақ: Балалар, осыларды бір сөзбен қалай атаймыз?

Жауап: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»

Ертегі желісі

Тәрбиеші ертегіні бастайды: бұрынғы өткен заманда хайуанаттар жиналып, жыл басы болуға таласыпты.

Жылқының уәжі

«Мен алысты жақын қыламын. Күшімді қажет етсе — пайдаланады, сүтімді қажет етсе — ішеді. Қылымнан арқан-жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ. Сондықтан жыл басы мен боламын», — дейді жылқы.

Түйенің жауабы

Сонда түйе: «Сен адамның жұмысын істесең, құлқын үшін құл болдың. Ал мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық жерге барамын. Аш болдым деп сен сияқты арпа-сұлы сұрамаймын: көде-жусан жеймін. Су табылса — ішемін, табылмаса — шөлге де шыдаймын. Жыл басы болуға мен лайықтымын!» — дейді.

Бұл үзінді балаларды пайда, еңбек, төзім сияқты ұғымдарды салыстыра ойлауға жетелейді және достық пен сыйластық құндылықтарын бекіте түседі.

Ескерту: ертегінің толық нұсқасы бастапқы дереккөзде көрсетілген.