Ең кіші ортақ еселікСабақтың эпиграфы
Ең кіші ортақ еселік
Сабақтың эпиграфы
«Қолымыздан қайрат, санамыздан ақыл кетпесе, жақсылыққа жетеріміз хақ». — Н. Ә. Назарбаев
Сабақтың мақсаты
Ең кіші ортақ еселік (ЕҮОЕ) туралы түсінік қалыптастыру және оны табу тәсілдерін меңгерту.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты меңгерту.
Оқу нәтижелері
- Берілген санды жай көбейткіштерге жіктей алады.
- Берілген сандардың ең кіші ортақ еселігін табуды үйренеді.
Әдіс-тәсілдер
Топтық жұмыс
Сабақтың барысы
- 1 Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- 2 Үй тапсырмасын тексеру (жауаптарын тақтаға жазу).
- 3 «Шаттық шеңбері»: 2–9 сандарының көбейту кестесі арқылы қысқа сергіту.
- 4 Жаңа сабаққа кіріспе: постер қорғау.
Білу кезеңі: 5 тапсырма арқылы меңгерту
1-тапсырма
Көбейткіштерді тізбек түрінде жазу
1-топ
4 пен 6 сандарын 1–9 сандарына көбейтіп, нәтижелерін сандар тізбегі түрінде жазыңдар.
2-топ
3 пен 8 сандарын 1–9 сандарына көбейтіп, нәтижелерін сандар тізбегі түрінде жазыңдар.
2-тапсырма
Ортақ мәндерді анықтау
Екі көбейтінді қатарындағы ортақ сандарды тауып, белгілеңдер.
3-тапсырма
ЕҮОЕ ұғымын бекіту
Ортақ сандардың ішіндегі ең кішісін табыңдар. Бұл — ең кіші ортақ еселік (ЕҮОЕ).
4-тапсырма
Жай көбейткіштерге жіктеу
1-топ
56 және 60 сандарын жай көбейткіштерге жіктеңдер.
2-топ
90 және 24 сандарын жай көбейткіштерге жіктеңдер.
5-тапсырма
ЕҮОЕ табу алгоритмі
Екі санның жіктелуіндегі ортақ жай көбейткіштердің ең үлкен дәрежесін алып, қалған көбейткіштермен бірге көбейтіңдер.
Автор және мекеме
Өңір
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ынталы ауылы
Мекеме
Аманбайұлы атындағы орта мектеп МДШО КММ
Пән мұғалімі
Нургожаева Салтанат Алкожаевна
Құжаттың толық нұсқасын жүктеу
Жүктеу