Кіші жүздің Ресейге қосылуы

Сабақ туралы мәлімет

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық бекеті, №247 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Абуова Ақмарал 8-сынып оқушыларына Қазақстан тарихы пәнінен «Кіші жүздің Ресейге қосылуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың тақырыбы

Кіші жүздің Ресейге қосылуы

Сабақтың түрі

Жаңа материалды түсіндіру сабағы

Сабақтың әдісі

Сатылай кешенді талдау

Пәнаралық байланыс

Дүние жүзі тарихы, география, қазақ әдебиеті

Көрнекіліктер мен құралдар

  • Карта, схемалар, тест сұрақтары
  • Интерактивті тақта

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі және патша өкіметінің отарлық саясатының басталуын түсіндіру.
  • Ресейге қосылудың алғышарттары мен себептерін талдау.
  • Әбілқайыр хан жүргізген саясаттың мәнін ашу.
  • Ресейге қосылудың салдарын түсіндіру.

Дамытушылық

  • Сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы оқушылардың ойлау жүйесін жетілдіру.
  • Тарихи білімді шығармашылықпен қолдану дағдысын дамыту.
  • Оқиғалар мен құбылыстарды талдау қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелілік

  • Азаматтық, интернационалдық және жоғары адамгершілік құндылықтарды нығайту.
  • Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, зейінін шоғырландыру, оқу мақсатын хабарлау.

II. Өткен сабақты жаңа тақырыппен байланыстыру

Қайталау сұрақтары арқылы оқушылардың алдыңғы білімін өзектендіру:

  1. 1) Жоңғар шапқыншылығы қай уақыттарда болды?

    XVII ғасырдың 40–50 жылдары.

  2. 2) 1723–1727 жылдар қазақ тарихында қалай аталады?

    «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама».

  3. 3) 1730 жылы Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағында болған шайқас?

    Аңырақай шайқасы.

  4. 4) Жоңғар қоңтайшылары кімдер?

    Батыр, Қалдан Бошоқты, Цеван Рабтан, Қалдан Серен.

  5. 5) Жоңғарларға қарсы күрескен батырларды атаңдар.

    Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Райымбек, Баян.

  6. 6) Ресей империясы 1716–1720 жылдары қандай бекіністер сала бастады?

    1716 — Жәмішев, Омбы; 1718 — Семей; 1720 — Өскемен.

III. Жаңа сабақ: қызығушылықты ояту

Қазақ тарихы ерлікке бай. Еліміздің бостандығы үшін күрескен батырлар мен бабалар аз болған жоқ: олар елін, жерін қорғау жолында жан аямай күресті.

Бүгінгі сабағымызда осы күрделі кезеңдердің бірі — Қазақстанның Ресей империясының қол астына өте бастаған тұсын қарастырамыз. Бұл үдеріс Кіші жүз тарихымен тығыз байланысты.

Сұрақтар арқылы ой қозғау

  • Батырлық-ерлік және халықтар достығы туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
  • Ресей елі туралы не білеміз?
  • Кіші жүз қай аймақта орналасқан? Картадан көрсетіңдер.

IV. Жаңа сабақты пысықтау

1) «Жылдар сөйлейді»

Негізгі даталарды ретімен атап, әр жылға қысқаша түсіндірме беру:

  • 1730 жыл (қыркүйек)
  • 1731 жыл (10 қазан)
  • 1734 жыл
  • 1734 жыл (30 сәуір)
  • 1735 жыл
  • 1742 жыл

2) «Тарихи тұлға»

Берілген есімдер қатарынан бүгінгі тақырыпқа тікелей қатысы бар тұлғаларды іріктеп, қысқаша сипаттама беру:

Жошы хан Әбілқайыр хан Әл‑Фараби Қойдағұлұлы Ибрагим Тевкелев I Петр Анна Иоанновна Кириллов Нұралы

3) «Сәйкесін табу»

І бөлімдегі сипаттамаға сәйкес ІІ бөлімдегі тұлғаларды сәйкестендіру (кестемен немесе «+» белгісі арқылы).

І бөлім — сипаттамалар

  • Орыс ғалымы, тарихшы.
  • Хан батыры, Дарабоз.
  • Швед жауынгері, жоңғарларға қару жасауға көмектескен.
  • Кіші жүздің ханы.
  • Башқұрт старшинасы, тархан.
  • Кіші жүзге 1734 жылы жіберілген экспедицияның басшысы.

ІІ бөлім — тұлғалар

  • И. Г. Ренат
  • Кириллов
  • А. И. Левшин
  • Қабанбай
  • Т. Шайымов
  • Әбілқайыр

Сабақты бекіту

Қазақстанның Ресей империясы құрамына кірген кезеңінен бүгінге дейінгі уақытқа жылдар бойынша қысқаша шолу жасау:

1731–1917

Қазақстан Ресей империясының отары кезеңі.

1917–1991

Қазақстан кеңестік жүйе кезеңінде.

1991–2011

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында.

Қорытынды ой

«Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады.»

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

«Кіші жүздің Ресейге қосылуы» тақырыбын оқу және қысқаша конспект жазу.