Ата мен немересі
Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – Қазақ хандығы (Қазақ хандығына – 550 жыл)
Жүргізушілер
- 1-жүргізуші
- Досекеш Тұрар, 9 «В» сынып оқушысы
- 2-жүргізуші
- Жылқайдарова Аяна, 9 «Ә» сынып оқушысы
Кіріспе сөз
1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, егеменді еліміздің еңсесі биік ұрпақтары!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
1-жүргізуші: Біз жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі.
2-жүргізуші: 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Соның ішінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілетін «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – Қазақ хандығы» атты тарихи кешімізге қош келдіңіздер!
Музыка
Күй
Көрініс
Ата мен немересі. «Қазақ елі – Мәңгілік Ел» өлеңі (6 оқушы).
Өлең: «Біз қазақпыз!»
Тарихи-танымдықБіз қазақпыз!
Ежелден-ақ қазақ болып аталған,
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң.
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.
Керегімді алу үшін жаһаннан,
Бейімделдім заманыма жаңарған.
Садақ тартып, оқ жонуды үйреніп,
Тәрбие алдым тәлімі мол атамнан.
Негізгі ой
Халықтың атауы мен тарихи тамыры тереңде жатыр; түрлі дәуірде әрқилы аталғанымен, негізі – бір.
О, тәңірім, танып білмей бізді жұрт,
Әр түрлі атпен өздерінше атаған.
Скифтер деп Геродот бізге ат берді,
Ал парсылар өз тілінше «сақ» деді.
Иә, рас, бізді талай жұрт «сақ» деді,
Бұл жалған ат ұлтымызға жат еді.
Шеттегі жұрт не десе де шындығы –
Бар қазақтың қазақ болар нақ тегі.
Түркі әрпімен жазуы бар басында,
Билік құрған сонау VI ғасырда.
«Қазақ» деген анық түскен жазу тұр
Жыр жазылған Күлтегіннің тасында.
Біздің заманымыздан да бұрынғы
Деректер көп, боларлық дәлел тұрымды.
Жетісуда өмір сүрген Үйсіндер
Өте қуатты мемлекет боп құрылды.
Астанасы – Қызыл аңғар қаласы,
Мекені – Іле өңірі, Ыстықкөлдің арасы.
Қытайменен қарым-қатынас жасасып,
Алыс-беріс болғаны да шамасы.
Осынау кең қазағымның жерінде,
Даласы, тауы, өзен-көлі, теңізінде
Мемлекет құрып ғұмыр кешті Ғұндар да –
Бәрі сөйлеп ортақ түркі тілінде.
Дамыды, өсті өнер-ғылым, мәдениет,
Сызба сызып, жазылды тарих, әдебиет.
Әскері бар сыртқы жаудан қорғайтын,
Таңқаларлық ел боп тұрды керемет.
Дархан дала – қазақтың кең жерінде,
Асу бермес Алатау, Алтай белінде,
Мәуелі бақты Жетісудың көгінде,
Еділ-Жайық, Алакөл, Балқаш көлінде.
Түркі тілдес тайпалардың таңы атты,
Әлем назарын өздеріне қаратты.
Тоғыз жүз алпысыншы жылдары
Алланың жолы – ислам дінін таратты.
Араб, түркі тілдерінде жазылған
Еңбектері бағалы көп сан алуан.
Әл-Фараби, Махмуд Қашқари,
Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи –
Теңдесі жоқ ғылым қорын қалдырған.
Емес пе дәлел – Сығанақ пен Аққорған,
Қызыл аңғар, Отырар, Тараз, Түркістан.
Қазақтар да өркениетті ел болып,
Егін егіп, сәулетті қала тұрғызған.
Үйсін, Қаңлы – желбіреген тулары,
Дешті Қыпшақ – қазақтың рулары.
Түркі тілдес халықтар бөтен емес –
Діні бір, тілі де бір бауырларым.
Түйін
Дала өркениеті – мемлекет құру, білім мен мәдениетті дамыту, ортақ тіл мен рухани құндылықтарды сақтау арқылы қалыптасқан тұтас тарихи сабақтастық.
Біз қазақ ежелден-ақ ел боп келдік,
Ел қорғауда жасадық сан мың ерлік.
Болашақтың атар деп жарқын таңы,
Ұрпақ үшін тозақтың отын көрдік.
Бейқам малын баққан жомарт елді
Тұтқиылдан шапты жау – жоңғар тегі.
Айғай-аттан, шулаған әрбір ауыл,
Жиған малдан айырылып, үйі өртенді.
Үй киізін кескілеп тоқым етті,
Қыз-келінге зорлық қып қатын етті.
Ерді құл, әйелді күң, тұл жетім қып,
Баланы ата-анадан жырақ етті.
Қорлық көріп, зорлық көріп қалмақтан,
Шұбыра көшіп туған жерін тастаған.
Өгіз артып, тай мініп, жаяу-жалпы,
Көше-көше болды тозып ақтабан.
«Елім-айлап», «Жерім-айлап» зар салды,
Қызығы мол бейбіт күнді аңсады.
Қиындықтың, қорлықтың зардабы өтіп,
Бала-шаға, қарт-кәусар, шал шаршады.
Батти әбден тізесі сұм қалмақтың,
Билеп-төстеп қаратты бар аймақты.
Көрсеткен зорлығы мен зомбылығы
Қазақтардың ыза-кегін оятты.
Қалмаққа барлық қазақ қарсы тұрды,
Бас қосып хан мен билер ақыл құрды.
Орыс, қытай, қалмақтан аман шығар –
Ұлт тағдырын ойлайтын күн туды.
Тарихта хандық құрған Керей, Жәнібек –
Халық баға береді «әділ хан» деп.
Бар қазақтың алғашқы ханы болған
Керей ханның билікте орны бөлек.