Матаның мықтылығы, қыртыстануы қандай қасиеті

Сайыс сабақ: «ХХІ ғасырдың жас технологы»

Бұл сайыс сабақ оқушылардың технология пәні бойынша алған білімін және шығармашылық қабілетін шыңдауға бағытталған. Сабақ барысында қатысушылар білімін көрсетіп қана қоймай, өз ойын еркін жеткізу, жауапкершілік, ізденіс пен шыдамдылық сияқты маңызды қасиеттерін де дамытады.

Негізгі мақсат

  • Оқушылардың білімін, жан-жақты ойлау қабілетін және ой ұшқырлығын сынау.
  • Алған білімді дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
  • Жауапкершілік, ізденіс, шыдамдылықты ұштастырып, мақсат қоя білуге және ұлттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың өту барысы

Бүгін «ХХІ ғасырдың жас технологы» атты сайысымызды бастаймыз. Сайыс барысында технология пәні бойынша алған білімімізді және өнерімізді ортаға саламыз. Сайысқа 8-сынып оқушылары қатысады.

Қатысушылар тізімі

  1. _______________________
  2. _______________________
  3. _______________________
  4. _______________________

Қатысушылар өзін таныстырады. Білім мен өнерге баға беретін әділқазылар алқасы: технология пәні мұғалімдері және ағылшын пәні мұғалімі.

Сайыс құрылымы

Сайыс 5 бөлімнен тұрады. Ойын шарты бойынша «Тіл-өнер» айналымынан кейін ұпайы аз 2 оқушы, «Дода» бөлімінен кейін тағы 2 оқушы ойыннан шығады. Соңында «Жорға» бөліміне 2 оқушы қатысып, финалдық сайыста күш сынасады.

1-бөлім

Бәйге

2-бөлім

Тіл-өнер

3-бөлім

Тапқырлық

4-бөлім

Дода

5-бөлім

Жорға

«Бәйге» бөлімінің шарты

Күнделікті іс-әрекетіміз білімге, оқуға, үйренуге бағытталған. Осы қасиеттермен қатар шапшаңдық та өте қажет.

  • Жауап нақты әрі тез болуы керек.
  • Алғаш қол көтерген қатысушы бірінші болып жауап береді.
  • Егер жауап болмаса, сол қатысушы келесі сұраққа жауап бере алмайды.
  • Келесі қатысушы дұрыс жауап берсе, ұпай соған жазылады.
  • Екі қатысушы да жауап бермесе, жауапты жүргізуші айтады (ұпай берілмейді).

«Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, білмеске арзан, надандар баһара ала алмас».

— Абай

Бағалау

«Бәйге» бөлімінде 15 тест сұрағы беріледі. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.

Бәйге: тест сұрақтары

Сұрақ Нұсқалар
1 Бас бармақ пен сұқ саусақпен қысып алатын өлшем.
  • А) уыс
  • Б) шымшым
  • В) жұдырық
2 Әр түрлі сәндік бөліктерді қолданатын стиль.
  • А) романтикалық
  • Б) классикалық
  • В) фольклорлық
3 Киімнен бөлініп алынған бөлік.
  • А) қалта
  • Б) кокетка
  • В) жаға
4 Матаның мықтылығы мен қыртыстануы қандай қасиетке жатады?
  • А) гигиеналық
  • Б) физика-механикалық
  • В) технологиялық
5 Киімде қосымша пайдаланылатын ұсақ бөлшектер қалай аталады?
  • А) бейне
  • Б) әшекей
  • В) аксессуарлар
6 Қос табақ тартқанда қай жілік салынады?
  • А) ортан
  • Б) тоқпан
  • В) жамбас
7 Суретші-модельердің киім элементтерін бір жүйеге жинақтауын не деп атаймыз?
  • А) сән
  • Б) стиль
  • В) композиция
8 Матаның ылғал және жылу өткізгіштігі, жұмсақтығы қандай қасиет?
  • А) гигиеналық
  • Б) физикалық
  • В) технологиялық
9 Ресейде Подольск қаласында Подольск зауыты қай жылы ашылды?
  • А) 1900
  • Б) 1910
  • В) 1917
10 Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не?
  • А) пішу
  • Б) үтіктеу
  • В) тігу
11 Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше.
  • А) алаша
  • Б) текемет
  • В) түскиіз
12 Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтануы керек?
  • А) таңертең
  • Б) түсте
  • В) кешке
13 Химиялық талшықтарға не жатады?
  • А) мақта
  • Б) зығыр
  • В) лавсан
14 Бұршақтың негізгі қыздыру (пісіру) әдісі.
  • А) қуыру
  • Б) суға қайнату
  • В) бұқтыру
15 Не өзгермейді?
  • А) сән
  • Б) бейне
  • В) стиль

«Бәйге» бөлімінен кейін әділқазылар алқасы қатысушылардың жинаған ұпай санын хабарлайды.

Келесі бөлім: «Тіл-өнер»

Бұл айналымда мақал-мәтелдерде жасырылған сөзді табамыз да, оны үш тілде айтамыз: қазақша, орысша, ағылшынша. Жауап жазбаша және ауызша беріледі. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

Мақал-мәтелдер тапсырмасы

  1. 1) «Істі ине тікпейді, икемді ____ тігеді.»

    Жасырын сөз: қол

    Орысша: рука

    Ағылшынша: hand

  2. 2) «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын.»

    Кілт сөз (орысша): слово

    Ағылшынша: word

  3. 3) «Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды.»

    Орысша: глаз

    Ағылшынша: an eye

  4. 4) «Тамақтың атасы — нан, ынтымақ көптің батасы.»

    Орысша: хлеб

    Ағылшынша: bread

Мақал-мәтелдер тапсырмасы (жалғасы)

  1. 5) «Адамның көркі — шүберек, ағаштың көркі — жапырақ.»

    Орысша: листья

    Ағылшынша: a leaf

  2. 6) «Қанатсыз құс, жапырақсыз ағаш.»

    Орысша: дерево

    Ағылшынша: a tree

  3. 7) «Баланың ұяты — әкеге, қыздың ұяты — шешеге.»

    Орысша: мать

    Ағылшынша: a mother

  4. 8) «Дастарқанда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ.»

    Орысша: красота

    Ағылшынша: beauty