Сенің құқығым - менің құқығым

Кіріспе сөз

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және қадірлі қонақтар! «Құқықтық сауаттылық — заман талабы» атты пікірталас кешіне қош келдіңіздер. Бұл кездесудің негізгі мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылық пен қылмыстың белгілері мен түрлерін түсіндіру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерін нақтылау. Сонымен қатар қоғамның заңдары мен нормаларын сақтауға, өз құқығын білуге және оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Негізгі фокус

Құқық, жауапкершілік, мәдениет

Тәжірибе

Ситуациялық талдау және пікірталас

Нәтиже

Саналы таңдау, заңға құрмет

I. Психологиялық тренинг

Пікірталас басталмас бұрын бір-бірімізге деген қарым-қатынасты жақсарту мақсатында мектеп психологымен бірлесіп шағын тренинг өткіземіз.

1) «Адами қасиеттер» тапсырмасы

Әр қатысушыға екі ақ парақ беріледі. Бірінші параққа өзіңіз жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, жанындағы адамға беріңіз. Содан кейін кезекпен алған парақтағы жазуды дауыстап оқып шығыңыз.

2) «Нені байқайсың?» тапсырмасы

Екінші парақтың дәл ортасында кішкентай қара нүкте болады. «Бұл суреттен нені көріп тұрсыз?» деген сұраққа жауап беріп, өз байқағаныңызды сипаттаңыз.

Түйін: Көп жағдайда аққа қарағанда қара түс тез байқалады. Ақ түс — жақсылықтың белгісі, сондықтан жақсылықты көре білуге дағдылану маңызды.

II. Құқық туралы жалпы түсінік

Қоғамда өмір сүретін адамдардың өзін ұстау ережелерінің жиынтығы әлеуметтік нормалар деп аталады. Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі — құқық, ал заңдастырылмаған бөлігі — мораль.

Құқық дегеніміз

Құқық — мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.

Құқықтық актілер

  • Президент — нормативтік жарлықтар
  • Үкімет — нормативтік қаулылар
  • Министрліктер — нормативтік бұйрықтар
  • Жергілікті мемлекеттік органдар — нормативтік шешімдер

Адам құқықтары туралы қысқаша

1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады. Онда адам құқықтары шартты түрде үш топқа біріктіріледі:

Табиғи құқықтар

Азаматтық құқықтар

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар

Қазақстанда адам құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Конституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Екінші бөлімнің 30 бабы құқықтар мен бостандықтарға арналған.

III. «Сенің құқығың — менің құқығым» (оқушы құқықтары)

Бұл бөлімде оқушылар өз құқықтары туралы қысқаша мәлімет береді.

Оқушы 1

10-бап: Бала өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы.

Оқушы 2

Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің қол сұқпауын қамтамасыз етеді; тәні мен жанына зиян келтіруден, дөрекі қорлаудан және құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге түрлерінен қорғайды.

Оқушы 3

9-бап: Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы. Ұлтына, тіліне, денсаулығына, ата-анасына қатысты мән-жайларға қарамастан, бала тең құқыққа ие.

Оқушы 4

11-бап: Әр бала сөз бостандығына, өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және заңмен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқылы.

Оқушы 5

12-бап: Біреудің ар-намысына тиіп, атына кір келтіруге, жеке өміріне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ.

Оқушы 6

19-бап: Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға құқығы бар.

Оқушы 7

30-бап: Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

Оқушы 8

19-бап: Әр адам өз пікіріне ие болуға және ойын еркін айтуға құқылы.

Құқықпен қатар — міндет

Құқықтар айтылды. Енді оқушылар өз міндеттері туралы да пікір білдіреді: мектеп ішкі тәртібін сақтау, өзгеге құрмет көрсету, заң талаптарын орындау және жауапкершілік алу.

IV. «Тығырықтан шығар жол қайсы?» (ситуациялық тапсырма)

!

Төмендегі көрініс арқылы жасөспірімдердің қауіпсіздігі, ата-ана жауапкершілігі және орта ықпалы талқыланады.

Көшедегі көрініс

Алмат: Мұхтар, бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?

Мұхтар: Иә. Айтпақшы, Әсет те «бүгін жиналайық, той қызықтаймыз» деген. Саған хабарласқан жоқ па?

Алмат: Жүр, онда солай барайық. Қызықтан құр қалмайық.

Мұхтар: Кеттік. Жолшыбай Дамирге соға кетейік, ол да барар.

Алмат: Дамир, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сонда. Бізбен бірге жүрші.

Дамир: Жоқ, мен алдымен ата-анама ескертуім керек. Әйтпесе алаңдайды.

Мұхтар: Ту, ата-анаңа ескертіп не қыласың? Біз сияқты айтпай-ақ кете салмайсың ба? Сұрансаң, жібермей қалады.

Дамир: Жоқ, балалар, мені жібермейді. Оның үстіне ол жақта ішімдік ішкен адамдар болуы мүмкін, бірдеңеге ұрынып қаламыз.

Алмат: Онда өзің біл. Ертең «қызықтан қалдым» деп өкінбе.

Мұхтар: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?

Талқылау сұрақтары (ата-аналарға)

  1. 1. Осы жағдайға байланысты пікіріңіз қандай?
  2. 2. Ата-ана қай тұста қателік жіберуі мүмкін? Алдын алу үшін не істеу керек?

Талқылау сұрақтары (учаскелік инспекторға)

  1. 1. Бұл жағдайда оқушылар қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін?
  2. 2. Ата-ананың жауапкершілігі қандай жағдайларда туындайды?

V. «Көкейде жүрген сауал» (сұрақ–жауап)

Бүгінгі кештің қонағы — мектеп инспекторы Сүтемген Талғат. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алады.

Мектеп инспекторына қойылатын сұрақтар

  1. 1.Жасөспірімдер арасында қандай құқық бұзушылық түрлері жиі кездеседі?
  2. 2.Қылмыстық кодекс дегеніміз не?
  3. 3.Қылмыстың негізгі белгілері қандай?
  4. 4.Кәмелетке толмағандар қандай жағдайларда жауапқа тартылады?
  5. 5.Қалада жасөспірімдер арасында кездескен нақты құқық бұзушылықтарға қысқаша тоқталып өтсеңіз.
  6. 6.Түнгі уақытта мектеп жасындағы балалардың көшеге шығуына байланысты қандай шаралар қолданылады?
  7. 7.Оқушыларға қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

Мектеп психологына сұрақтар

Психолог: Иманғалиева Назыгүл

  1. 1.Мектеп жасындағы балалар мінез-құлқындағы ауытқуларға қандай факторлар әсер етеді?
  2. 2.Мектептегі «қиын» балалармен жұмыс туралы не айтар едіңіз?
  3. 3.Ноғайбайев Сенімнің мінез-құлқын қалай бағалайсыз? Кейбір әрекеттерінен ауытқушылық байқала ма?

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына сұрақтар

Орынбасар: Саркулова Нүргүл

Ішкі ереже туралы

Мектептің ішкі ережесіне қысқаша түсінік беріңіз.

  1. 1.Оқушылар ішкі ережені қандай деңгейде сақтап жүр?
  2. 2.Ережені сақтамайтын оқушыларға қандай шара қолданылады? Оның алдын алу жолдары қандай?

VI. «Ойды аяқта» (мақал-мәтелді жалғастыру)

Қатысушылар мақал-мәтелдің жалғасын тауып, мағынасын түсіндіреді. Бұл бөлім әділдік, жауапкершілік, адалдық сияқты ұғымдарды бекітуге көмектеседі.

Біреуге ор қазба…

Өзің түсесің.

Заңның құрығы…

Бәрінен ұзын.

Ұрлық түбі…

Қорлық.

Өтірікшінің құрығы…

Бір-ақ тұтам.

Тура биде…

Туған жоқ.

Туғанды биде…

Иман жоқ.

Қолыңмен істегенді…

Мойныңмен көтер.

Тек жүрсең…

Тоқ жүресің.

Заңды сыйлаған…

Еркін жүреді.

VII. Қорытынды

Бүгінгі пікірталасқа құқық қорғау қызметкері, мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар қатысып, маңызды мәселелерді ортаға салды. Ендігі басты сұрақ:

Жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру үшін не істеу керек?

Қатысушылар қысқа да нұсқа ой-пікір айтып, нақты ұсыныстарын білдіреді: құқықтық білімді күнделікті өмірмен байланыстыру, қауіпсіз орта қалыптастыру, ата-ана мен мектеп ынтымақтастығын күшейту, өзара құрмет пен жауапкершілікті дамыту.

Оқушы

Құқығын біледі, міндетін орындайды.

Отбасы

Сенім, бақылау және қолдау тең жүреді.

Қоғам

Заңға құрмет — тұрақтылықтың негізі.

Ескерту: Мәтін редакцияланып, емле-стильдік қателер түзетілді; мазмұн түпнұсқа құрылымын сақтай отырып, оқуға ыңғайлы форматқа келтірілді.