Әріпті өрнек
Сабақтың тақырыбы
Өрнектер: a + 3, a − 3 (презентациямен).
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- a + 3, a − 3 өрнектерін есептеп, жаттықтыру.
- Өрнектің мәнін таба білуге үйрету.
- 3-ке қосу және 3-ті азайту амалдарын қайталау.
Дамытушылық
- Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру.
- Білім, білік және дағдыларын дамыту.
- Ой-өрісін кеңейтіп, таным қабілетін күшейту.
Тәрбиелік
- Мақсатқа жетуге ұмтылдыру.
- Ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
- Өздігінен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Сабақтың типі
- Ойын сабағы
- Сабақтың әдісі
- Түсіндіру әдісі, «Кубизм» стратегиясы
- Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта, слайдтар
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық (өлең):
Қайырлы күн, достым,
Қайырлы күн болсын.
Күніміз жарық болсын,
Аспанымыз ашық болсын.
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын.
Өткен материал бойынша білімді тексеру
Әріпті өрнектер мен санды өрнектерді салыстыру.
Әріпті өрнектер
- a + 5—
- a + 6—
- 2 + a—
- 9 − a—
Санды өрнектер
- 4 + 37
- 7 − 25
- 6 − 42
- 3 + 58
Жаңа сабақ: «Алтын қақпа» ойыны
Бүгінгі сабағымыз қызықты есептер мен ойындарға құрылады. Біз «Алтын қақпа» ойынын ойнаймыз: Тас қақпа, Күміс қақпа, Алтын қақпа. Соңында алтын сандық ашылып, «алтын ақшалар» беріледі.
Тас қақпа
a және 3 сандарының қосындысы мен айырмасын қарастырамыз: a + 3, a − 3.
Сұрақ: a + 3, a − 3 қандай өрнек?
Жауап: Әріпті өрнек.
Әріпті өрнек — белгісіз санның орнына әріп қолданылатын өрнек.
Тапсырма
- Кестеде берілген a мәндерін қойып, a + 3 және a − 3 өрнектерінің мәнін тап.
- a = 0 болғанда: a + 3 мәнін есепте.
- a = 10 болғанда: a − 3 мәнін есепте.
- Қосымша мәндер: a = 2, a = 3, a = 8, a = 9.
Күміс қақпа
Қыздың ұшып кеткен шарларын жинауға көмектесейік: 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.
Сұрақ: Шардың пішіні қандай?
Жауап: Домалақ, шеңбер тәрізді.
«Шеңбер» ойыны: есептерді салыстыру
- Екі есептің мәтінін оқы.
- Ұқсастықтарын тап: кейіпкерлері (ұл/қыз), сандары (3 және 4), қолданылатын амалдар.
- Айырмашылығын тап: сұрағы.
Есеп 1
Шарты: Ұл — 3, Қыз — 4.
Сұрағы: Оқушылар қаншаға кеміді?
Шешуі: 3 + 4 = 7
Жауабы: Оқушылар 7-ге кеміді.
Есеп 2
Шарты: Ұл — 3, Қыз — 4.
Сұрағы: Неше оқушы шығып кетті?
Шешуі: 3 + 4 = 7
Жауабы: 7 оқушы шығып кетті.
2-тапсырма: сәйкестендір
Мысалдарды дұрыс жауабымен қос:
Сергіту сәті
Түп-тұнық таза суда
Балық жүзіп ойнауда.
Біресе керіледі, біресе жиырылады,
Бірде құмға тығылады.
Алтын қақпа
1-тапсырма: амал таңбасын қой
5 □ 3 □ 1 □ 1
Қалып қалған амал таңбаларын қой.
4 □ 1 □ 2 □ 3
Қосынды мен айырманы дұрыс құр.
1 □ 6 □ 3 □ 4
Амалдардың ретін сақта.
1 □ 4 □ 2 □ 7
Нәтиже шығатындай етіп толтыр.
2-тапсырма: логикалық есептер
- Ағашта 4 құс отыр: 2 торғай, қалғаны қарға. Неше қарға отыр?
- Терезеде 3 жасыл қызанақ жатты. Бір күннен кейін олар қызарды. Неше жасыл қызанақ қалды?
- «Сен, мен және біз». Нешеуміз?
- Аслан 4 жаста, Дариға 9 жаста. Кім үлкен, кім кіші?
- Бірінші Назар базарға бара жатыр, екінші Назар базардан келе жатыр. Қай Назар тауар алды, қай Назар тауар алған жоқ?
- 5 жұмыртқа 5 минутта піседі. 1 жұмыртқа пісіру үшін неше минут керек?
- Көлден 7 қаз ұшты. Қайтып 2 қаз қонды. Қонбай қалғаны нешеу?
Алтын сандық
Шығармашылық тапсырма
Аптаның күндері бойынша үйірме кестесін белгіле:
Ескерту: «+» белгісі — үйірме өтетін күн.
Бекіту: «Кубик» әдісі
Кубикті лақтырып, түскен сұраққа жауап бер:
-
6 санының құрамын ата.
-
1 санына байланысты мақал айт.
-
2 санына қатысты өрнек құр.
-
Кесінді дегеніміз не?
-
Сәуле дегеніміз не?
-
Қосу амалының компоненттерін ата.
-
Азайту амалының компоненттерін ата.
-
Қосу мен азайту өзара қандай амалдар?
-
a мен 3-тің қосындысы қандай өрнек?
Қорытынды
Алтын сандық ашылды. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға «алтын ақша» таратылады.
Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
№4 тапсырма, 128-бет.