Жадымда жыр мазмұны Кестеге түсіру

Сабақтың тақырыбы

Батырлар жырындағы сабақтастық

Мақсаты (білімділік)

Батырлар жырының мазмұны мен идеясын меңгерту; жырды талдау арқылы жан-жақты ашу. Батыр бейнесінің халықтың алып қуаты, қажымас қайраты, сарқылмас күш-қуатының көрінісі екенін дәлелдеу.

Мақсаты (тәрбиелік)

Оқушыларды адамгершілікке, батырлыққа тән қасиеттерге баулу. Өз Отанын, туған елін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу.

Мақсаты (дамытушылық)

Батырларға тән қасиеттерді саралап талдату арқылы оқушылардың ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту; көркем сөйлеу мәдениеті мен шығармашылығын арттыру.

Сабақ форматы мен ресурстар

Сабақтың түрі

Қорыту, талдау, шығармашылық.

Әдіс-тәсілдер

  • Топтау, кестемен жұмыс, ой толғау
  • «Дыбыстар сөйлейді» ойыны
  • Лимерик құрастыру
  • «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы
  • «Кім жылдам?» ойыны

Көрнекілік

Анимациялық слайдтар, батырлар жыры мәтіндері.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, тарих, география, халықтық педагогика, ән-әуез.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Елінің бағын ашпаса,
Ер мұратқа жетер ме?!
Ерінің сағын сындырса,
Ел мұратқа жетер ме?!

— Әйтеке би

Елін, жерін жаудан қорғап, халқына бостандық пен бірлік сыйлаған батырлар қазақ тарихында аз емес. Біз Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын сияқты батырлардың ерлігін оқып, олардың болмысын таныдық. Енді тағы қандай батырларды білеміз?

Бұқарбай Жанқожа Райымбек Наурызбай Қабанбай Б. Момышұлы Т. Тоқтаров

II. Топқа бөлу және ұран айту

Сынып «ауылдарға» бөлінеді. Әр ауылдан бір оқушы «ауыл ақсақалы» болып, бата береді.

1-топ

Алпамыс батыр ауылы

2-топ

Қобыланды батыр ауылы

3-топ

Ер Тарғын ауылы

III. Үй тапсырмасын тексеру

Әр ауыл өз батыры туралы қосымша мәлімет әкеліп, ортаға салады және бөліседі.

IV. Жаңа сабақ

Оқылған батырлар жырларының өзара сабақтастығын, көркемдік ерекшелігін және кейіпкерлер бейнесін тереңірек ашу үшін бірнеше бағытта жұмыс жасаймыз.

1) «Жадымда жыр мазмұны»

Оқиға желісін кестеге түсіру:

  • Оқиғаның орны
  • Ұлттық көрініс
  • Кейіпкердің көңіл күйі
  • Жаулары
  • Тарихи негізі

2) «Теориядан тереңбіз»

Жырдан көркемдегіш құралдарды табу:

Теңеу Эпитет Гипербола

3) «Кейіпкерлер әлемі» (стратегия: «Дыбыстар сөйлейді»)

Берілген дыбыстар арқылы кейіпкерлерді немесе негізгі ұғымдарды табу, дәлелдеу.

А – Қ – Т – Л – О – А – П – Б – Р – А – Ы – Ғ – М – Л – Ы – Ы – А – Н – С – Н – … Д … Ы

4) «Үзіндіні тап»

Жырлардан үзінді тыңдалып, оның қай батырлар жырынан алынғаны анықталады.

5) «Қарама-қарсы элементтер»

Кейіпкерлерді немесе күштерді салыстыру:

Баған 1

Дос

Баған 2

Жау

6) Лимерик құрастыру

Құрылымы:

  • Кейіпкер
  • Мінездеме
  • Оқиға
  • Оқиғаға автор көзқарасы

7) «Болжам жасау» стратегиясы

«Егер мен батырдың орнында болсам…» тақырыбы бойынша өз болжамын айту, шешімін негіздеу.

V. Қорытынды

Ақ сұңқар ұшар жем үшін,
Туады ерлер ел үшін.
Тоқтай алмай барамын
Ағайын-туған ел үшін.

Батырлар елін, жерін жаудан қорғау үшін талай рет атқа қонған. Олар Отан үшін қандай қиындық болса да қарсы тұра білді. Біз де сол батырларымыздың ерлік рухын үлгі етіп, Отанымызды қорғауға, ел бірлігін қадірлеуге ұмтылайық.

VI. Үй тапсырмасы

«Батыр туса – ел ырысы» тақырыбында ой-толғау жазу.

VII. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, талдау сапасы, шығармашылық тапсырмалардағы нақтылығы мен дәлелді пікір білдіруі ескеріледі.