Зеректер тобы

Сабақтың тақырыбы

7 саны және цифры

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, жапырақтар және т.б.

Сабақтың форматы

Кіріктірілген сабақ

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, ертегі желісі бойынша жұмыс

Сабақтың мақсаттары

1) Білімдік мақсат

  • Оқушыларды 7 саны және цифрымен таныстыру.
  • 7 санының киелі сан екенін ұғындыру.

2) Дамытушылық мақсат

  • Алған білімдерін саралап, қолдана білуге бағыттау.
  • Санды санға қосуды және саннан санды азайтуды үйрету.
  • Белгісіз санды табуға төселдіру.
  • Ойлау және есте сақтау қабілетін, ауызша есептеу дағдыларын ойын арқылы дамыту.
  • Танымдық қабілеттерін және логикалық ой-өрісін кеңейту.

3) Тәрбиелік мақсат

  • Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
  • Достық пен мейірімділік құндылықтарын қалыптастыру.

Сабақтың барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сынып 3 топқа бөлінеді:

  • I топ
    Алғырлар
  • II топ
    Тапқырлар
  • III топ
    Зеректер

Психологиялық дайындық

Оқу-білім аламыз,

Біздер зерек баламыз.

Математика пәнінде

Тапқыр, алғыр боламыз.

II

Өткен сабақты пысықтау

Сұрақ-жауап

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

«Төгілген жапырақтар» ойыны

  • Қосындыларды бірінші бағанға, айырмаларды екінші бағанға орналастыру.
  • Қосудың компоненттерін атау.
  • Азайтудың компоненттерін атау.
  • Қосудың қандай қасиеттерін білесіңдер?
  • 6 санының құрамын еске түсіру.
  • 6 қандай сан? Сандық қатарда 6 санынан кейін қай сан келеді?
III

Жаңа сабақ: 7 саны

Бүгін 7 санымен танысамыз. 7 саны — тақ сан және киелі сан.

«Ғажайып жеті» туралы білімді кеңейту

7 ғалам

Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, жер, аспан, жер асты

7 күн (халықтық атаулар)

Бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына

7 ата

Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата

7 қазына

Ер жігіт, сұлу әйел, қыран бүркіт, берен мылтық, ақыл-білім, жүйрік ат, жүйрік тазы

Ертегі желісі: «Ертегілер елінде»

Біз ертегі тыңдағанды жақсы көреміз. «Жеті лақ» ертегісін тыңдауға дайынбыз ба? Балалар, лақтарға көмектесеміз бе? Ол үшін қасқырдың тапсырмаларын мұқият орындауымыз керек.

1-тапсырма

Теңдіктердің қалай құрылғанын түсіндір.

Алғырлар
6 + 1 = 7
Тапқырлар
7 − 1 = 6
Зеректер
Кесіндінің ұзындығын өлше.

2-тапсырма

Слайд бойынша тапсырманы орындау.

3-тапсырма: өзіндік жұмыс

Тиісті сандарды таңдап, тапсырманы толықтыр.

4-тапсырма

Слайд бойынша теңдіктер құр.

Алғырлар

1-сурет: қонжық. Дыбыстық талдау, теңдіктер құру.

Тапқырлар

2-сурет: машина. Дыбыстық талдау, теңдіктер құру.

Зеректер

3-сурет: қарындаш. Дыбыстық талдау, теңдіктер құру.

5-тапсырма: шығармашылық жұмыс

Алғырлар

Үшбұрыш туралы әңгімеле.

Тапқырлар

Ұқсастығы неде?

Зеректер

Айырмашылығы неде?

6-тапсырма: дәптермен жұмыс

Математикалық жұмбақ

Алма бағы жайнаған,

Қызыл алма айналған.

Жаңа ғана шалғында

Алдым үзіп 5-еуін,

Тағы да алдым 2-еуін.

Алдым сонда нешеуін? (7)

Ойлан, тап!

7 бұзау жүр еді. Әлде шаршап қалды ма? Жатып қалды біреуі. Енді нешеуі жайылып жүргенін айт.

7 − 1 = 6

IV

Қорытынды

  • 7 саны қандай сан? (Тақ сан.)
  • Тақ және жұп сандарды атау.
V

Мадақтау

Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуын атап өту, топтардың жұмысына кері байланыс беру және жетістіктерін мадақтау.