Анам мені

Іс-шараның мазмұны

Тақырып

«Айналайын, ана, мерекеңізбен!»

Мақсат

Аналар мен әжелерді, қыздарды халықаралық 8 наурыз мерекесімен құттықтау, ананың қадірін дәріптеу.

Көрнекі құралдар

  • Плакат
  • Шарлар
  • Сөздер (өлең жолдары)
  • Магнитофон

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Қуанышы баланың — қуанышы ананың.

Бізді өсірген анашым, еңбегің де зор екен.

2-жүргізуші

Қуанышы ананың — қуанышы баланың.

Құтты болсын, анашым! Құтты болсын мерекең!

Хор

«Құттықтаймын, ана, туған күніңмен!»

Өлеңдер мен арнаулар

1-өлең

Жан анам, құттықтаймын мейрамыңмен,

Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.

Өрлесін елің берген бақыт бағың,

Жазбасын шат көңілің шат күйінен.

2-өлең (жұмбақ-өлең)

«Бала, бала, бала» деп, түнде шошып оянған;

Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған;

Аялы қолмен талпынтқан, қаймақты сүттей қалқытқан;

Суық болса жөргегін қорғасындай балқытқан;

Айналасына ас қойып, өзендей көл боп шалқытқан;

Қолын қатты тигізбей, кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан...

Бұл кім?

Бәрі: Ана.

3-өлең

Сөздерді ең аяулы жақсы көріп жаттадым,

Енді білдім оларды кімнің ойлап тапқанын.

Ана деген сөзді де, аға деген сөзді де,

Әке деген сөзді де, тәте деген сөзді де,

Ата деген сөзді де, апа деген сөзді де —

Ойлап тапқан балалар!

Жаным, күнім дегенді, құлыншағым дегенді,

Ботақаным дегенді, қошақаным дегенді,

Айналайын дегенді, толған айым дегенді —

Ойлап тапқан аналар!

4-өлең

Анам мені «Айым» дейді, мен мұңайсам, уайым жейді.

Анам мені «Күнім» дейді, мен қуансам, күлімдейді.

Ән: «Ақ мамам»

5–9-өлеңдер (анаға арналған жолдар)

Әлемдегі ақылды адам, бәрінен сол жақын маған!

Ол жанымда жүрсе, мен де батырларша батылданам.

Мәпелейсің мені, анам, қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам, құшағыңда қажымай.

Бірге айтылатын қайырма

«Күнім» дейсің мені, күн мейірі сенде.

Күннің ыстық лебі құшағыңа тең бе?

Айналайын, ана!

«Жаным» дейсің мені, жаратушым — бір сен.

Жалғыз өзің, тегі, жанашырым білсең.

Айналайын, ана!

«Құлыным» деп мені құрақ ұштың дәйім.

Қамқоршым-ау, сені қалай ұмытайын.

Айналайын, ана!

10-өлең (әжеге арналған)

Таусылмайды өлеңі, күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа кәмпит алып келеді.

Әжем мені, өйткені, өте жақсы көреді.

Сахналық көрініс: «Әжесі мен Бағлан» (Қабдікәрім Ыдырысов)

Сахналық көрініс: «Әжесі мен Бағлан»

Әже

— Жүрегім кім менің?

— Тірегім кім менің?

— Сәнім кім менің?

— Ботақаным, бағлан қозым, не деген тәтті баласың өзің! Ой, қарғам менің!

Бағлан

— Мен!

— Мен!

— Мен!

— Жоқ, әже, «қарғаң» мен емес!

— Жоқ... жоқ, қарға болмаймын. Керегі жоқ ондайдың.

— Қарға «қарқ-қарқ» етеді, алысқа ұшып кетеді.

— Қасыңда боп әрдайым, мен ешқайда бармаймын.

Көрерменмен бірге (сұрақ-жауап)

Болар күнде алаң, жанашыр кім саған?

Бәрі: Анам.

Болсаң егер жаман, кейитін кім саған?

Бәрі: Анам.

Таң қалғандай ғалам, кім ең сұлу адам?

Бәрі: Анам.

«Боташым» дер саған, кім сүйікті адам?

Бәрі: Анам.

Жүректен шыққан тілектер

11–14-өлеңдер

Жамандықтан сақтандырып, жақсы ісімді мақтан қылып,

Мәпелеген ақ мамамды жүрсем деймін шаттандырып.

Еркелесем, күлімдейтін, ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің: «Құлыншағым, күнім», — дейтін.

Айналайын, анашым, көкте нұр боп жанасың.

Ет жүрегің елжіреп, құшағыңа аласың.

Айналайын, анашым, аялайсың, бағасың.

Менің үшін не керек — бәрін іздеп табасың.

15–16-өлеңдер

Көктемде көңілді, құстар кеп жатқанда,

Құлпыртып өңірді, гүл ектік бақтарға.

Гүл ектік аулаға, көктемде көңілді,

Бақта да, бауда да ақ гүлдер өрілді.

Ән: «Анашым»

Қорытынды

1-жүргізуші

Сен жалықпай жетектеп, мен жаттыға жетермін.

Айтқаныңды екі етпей, ақ сүтіңді ақтармын.

2-жүргізуші

Көрсетемін күллі елді, жарық етем түндерді.

Өсіріп мен сыйлаймын жұрт көрмеген гүлдерді.

Осы сөздермен 8 наурыз мерекесіне арналған концертімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Барлығы бірге

Бәрі жақсы ананың, бәрі де оның керек-ау...

Бірақ әрбір баланың өз анасы бөлек-ау!