Табиғат құбылысы

Сабақ туралы мәлімет

Қала, мектеп
Павлодар қаласы, №16 лицей-мектебі
Мұғалім
Сулейменова Альбина Сансызбайқызы
Сынып
8-сынып
Тақырып
Табиғат құбылыстары. Етістік
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
АҚТ, кесте қағаздары, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Табиғат құбылыстарын еске түсіру, жаңа сөздермен танысу, етістікті қайталау.

Дамытушылық

Лексикалық қорды байыту, қойылған сұрақтарға еркін әрі нақты жауап беру дағдысын дамыту.

Тәрбиелік

Табиғатты аялауға, қорғауға баулу, экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Тілді жаттықтыру мақсатында әнұран айтылады.
  • Амандасу.
  • Кезекшінің жауабы.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Мұғалім оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қояды: қазір қай жыл мезгілі, бүгін ауа райы қандай, және бұл өзгерістерді табиғат құбылыстары деп атайтынымызды нақтылайды.

Дәптерлер ашылып, тақырып жазылады: «Табиғат құбылыстары».

Қайталау сұрақтары

Оқушылардың жауаптарына қарай ынталандыру үшін фишкалар таратылады.

  1. 1Қандай табиғат құбылыстарын білеміз?
  2. 2Табиғат құбылыстарынан нелер пайда болады?
  3. 3«Ериді», «жауады», «түседі» сөздері қай сөз табына жатады?
  4. 4Етістіктің сұрақтары қандай?
  5. 5Етістік нені білдіреді?

Жаттығулар (парақшамен жұмыс)

97-бет, 4-тапсырма: суреттерге сипаттама жазу.

Уақыты: 3–4 минут. Соңында тексеріледі, фишкалар таратылады.

97-бет, 5-тапсырма: тиісті әріптерді қойып жазу.

Уақыты: 3–4 минут. Соңында тексеріледі, фишкалар таратылады.

Сөздік жұмысы

Оқушылар сөздерді дауыстап оқып, сөз тіркестерін құрастырады. Белсенді жауаптарға фишкалар беріледі.

құбылмалы
изменчивая
ауа райы
погода
нөсер
ливень
тұман
туман
бүр
почки

Мәтінмен жұмыс

Мәтін

Қыс бойы түскен қар көктемге қарай ериді. Осы кезде ауа райы құбылмалы, бұзылғыш келеді.

Тұман басып, біресе нөсерлетіп, жаңбыр да жиі жауады. Кейде тіпті қар да жауады.

Содан соң күн жылынып, ағаштарда бүр шығады. Жер бетіне көк шығады.

Құстар қайта оралып, ұя салады. Көктемнің осы сәтін адамдар да, жануарлар да сағынады.

Мәтін бойынша тапсырмалар

Оқушылар жауап беріп, етістіктерді тауып, сұрақтарын анықтайды. Жауаптарға фишкалар таратылады.

  1. 1Қай жыл мезгілі туралы айтылған?
  2. 2Көктемде ауа райында қандай өзгерістер болады?
  3. 3Ағаштарда не шығады?
  4. 4Мәтіндегі етістіктерді атаңдар.
  5. 5Бұл етістіктер қандай сұрақтарға жауап береді?
  6. 63 минут ішінде мәтіндегі етістіктердің астын қарындашпен сызыңдар.

Кейін диалог/сөйлесім 3 рет тыңдалып, кесте қағаздарындағы тапсырмалар орындалады. Соңында тексеріліп, фишкалар таратылады.

Ой толғаныс: «Дұрыс / Дұрыс емес»

Оқушылар берілген пікірлердің дұрыстығын анықтайды (3–4 минут).

Пікір Белгі
Көктемде қар түседі. Дұрыс / Дұрыс емес
Қыста күн ыстық болады. Дұрыс / Дұрыс емес
Көктемде жаңбыр жауады. Дұрыс / Дұрыс емес
Күзде жапырақтар түседі. Дұрыс / Дұрыс емес
Көктемде ағаштар бүр жарады. Дұрыс / Дұрыс емес
Қыста күндер аязды болады. Дұрыс / Дұрыс емес

Қорытынды, үй тапсырмасы және бағалау

Қорытынды сұрақтар

  1. Бүгінгі сабақта біз не өттік?
  2. Қандай жаттығулар орындадық?
  3. Бүгінгі сабақтан өздеріңе не алдыңдар?
  4. Сабақ ұнады ма?

Үй жұмысы

«Табиғат құбылыстары» тақырыбы бойынша шағын әңгіме құрастыру.

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының нақтылығы және тапсырмаларды орындау сапасы фишкалар арқылы ескеріледі.