Білімді жан - жақты тексеру
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы
М.П. Окороков атындағы жалпы орта мектебінің физика пәні мұғалімі — Колдасова Яхшигул Османовна
Сабақ тақырыбы
- Линзалар
- Линзаның оптикалық күші
- Линзада кескін алу
- Жұқа линза формуласы
Сабақ мақсаты
Білімділік
Оқушыларды линза және оның түрлерімен таныстыру; линзалардың негізгі сипаттамаларын түсіндіру; линзада кескін алу тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық
Білім деңгейін, түсініктің беріктігін, сондай-ақ іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және бақылау.
Тәрбиелік
Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі
Жаңа білімді қалыптастыру және жалпылау.
Әдіс-тәсілдер
- Әңгіме
- Лекция
- Дискуссия
- Кітаппен жұмыс
Көрнекіліктер
- Плакаттар
- Суреттер
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгелдеу.
- Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру.
- Сабаққа дайындығын тексеру: жұмыс орны, оқу құралдарының бар-жоғы, сабаққа деген ынтасы.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру
- Теориялық білім — негізгі ұғымдар мен анықтамаларды сұрау.
- Практикалық тапсырмалар — орындалуын тексеру.
- Есептер — шығару жолын талдау және қателермен жұмыс.
Білімді жан-жақты тексеру
Оқушылардың түсінігін нақтылау үшін қысқа сұрақтар мен дәлелді жауаптарға негізделген тексеру жүргізіледі.
Жаңа материалды қабылдауға дайындық және мақсат қою
- Қандай құбылыс жарықтың сынуы деп аталады?
- Қандай бұрыш түсу бұрышы деп аталады?
- Қандай бұрыш сыну бұрышы деп аталады?
- Сәулелердің жүруін сызба түрінде көрсет.
- Жарықтың сыну заңы қалай тұжырымдалады?
Жаңа материал: линзалар және оптикалық күш
Линзалар жарық сәулелерінің бағытын өзгерту үшін (шағылу мен сыну құбылыстары арқылы) қолданылады. Лупа, микроскоп, фотоаппарат және басқа да оптикалық құралдардың жұмыс істеуі осыған негізделеді. Бұл құрылғылардың көпшілігінің негізгі бөлігі — линза.
Линза (лат. lens — «чечевица») деп мөлдір денені айтады; ол көбіне шыныдан жасалып, екі сфералық бетпен шектеледі.
Линзаның түрлері
Дөңес линза
Ортасы шетінен қалың. Ауада параллель шоқтарды бір нүктеге жинайды, сондықтан жинағыш линза деп аталады.
Ойыс линза
Ортасы шетінен жұқа. Параллель шоқтарды шашыратады, сондықтан шашыратқыш линза деп аталады.
Линзаның екі сфералық беттерінің центрлері арқылы өтетін түзу сызық бас оптикалық ось деп аталады. Осы ось бойындағы O нүктесі — линзаның оптикалық центрі.
Фокус және фокус аралығы
Жинағыш линзада сынған сәулелердің созындылары қиылысатын F нүктесі — линзаның бас фокусы. Жинағыш линза үшін фокус нақты, ал шашыратқыш линза үшін жалған болады.
Әр линзаның екі жағында екі бас фокус болады. Егер линзаның екі жағындағы орта бірдей болса, фокустар линзадан бірдей қашықтықта орналасады.
Анықтама
Фокус аралығы (F) — оптикалық центрден бас фокусқа дейінгі қашықтық.
Фокус аралығы линзаның бетінің қисықтығына тәуелді: беті көбірек дөңес линза жарықты күштірек сындырады, сондықтан оның фокус аралығы қысқарақ болады.
Жинағыш линзаның фокус аралығын тәжірибе арқылы анықтау
- Линзаға күн сәулесін бағытта.
- Линзаның арт жағына экран орналастыр.
- Экранда күннің айқын кескінін алғанша экранның орнын өзгерт.
- Линзадан экранға дейінгі қашықтықты өлше — бұл фокус аралығы.
Күн өте алыста орналасқандықтан, линзаға түсетін сәулелерді параллель шоқ деп қарастыруға болады. Сондықтан кескін фокустың дәл маңында орналасады.
Оптикалық күш
Фокус аралығына кері шама D әрпімен белгіленеді және линзаның оптикалық күші деп аталады:
D = 1 / F
Мұнда F — метрмен алынған фокус аралығы.
Фокус аралығы неғұрлым аз болса, оптикалық күш соғұрлым үлкен болады — линза жарықты күштірек сындырады.
СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі — м-1. Бұл бірлік диоптрия (дптр) деп те аталады. 1 дптр — фокус аралығы 1 м болатын линзаның оптикалық күші.
Таңба ережесі
- Жинағыш линза: F > 0, D > 0 (фокус — нақты).
- Шашыратқыш линза: F < 0, D < 0 (фокус — жалған).