Көрініс Жаман бала мен жақсы бала 238 - жаттығу

Сабақ туралы мәлімет

Пән

Ана тілі

Тақырып

«Бозша торғай»

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдісі

Баяндау (СТО элементтерімен)

Көрнекіліктер

  • Жұмбақтар
  • Құстардың суреттері
  • Ұя макеті
  • Көрініске қажетті реквизит

Мақсаты

Білімдік

Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстырып, негізгі ойды анықтатуға бағыттау; жаттығулар арқылы заттың қимылын білдіретін сөздерді меңгерту.

Дамытушылық

Ой-өрісті дамыту, есте сақтау қабілетін қалыптастыру, ізденімпаздыққа баулу және сөздік қорды байыту.

Тәрбиелік

Табиғатты аялауға, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық: оқушыларды сабаққа жұмылдыру және қонақ мұғалімдермен сәлемдесу.

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып бойынша «Не білемін?» әдісі арқылы білімді еске түсіру.

III. Ой шақыру

1

Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем.

2

Көктем айларын атаймыз: Наурыз, Сәуір, Мамыр.

3

Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? Қар ериді, күн жылынады, құстар ұшып келеді.

4

Сендер қандай құстарды білесіңдер?

5

Жұмбақтың жауабын табайық: дұрыс жауап берген құсты «ағашқа қондырамыз».

Жұмбақ 1

Қара түсті қарқылдақ,
Ұшып-қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем іздейді там-тұмдап.

Қарға

Жұмбақ 2

Жасыл орман желекті,
Оның күтіп баққаны.
Тоқылдатса теректі,
Құртып қуып жатқаны.

Тоқылдақ

Жұмбақ 3

Жай отырған қалпымда,
Екі қолым артымда.
Құшағымды ашқанда,
Көтерілем аспанға.

Торғай

IV. Жаңа сабақ

Бүгін біз Нығмет Ғабдуллиннің «Бозша торғай» мәтінімен танысамыз. Автор туралы қысқаша мәлімет беріледі.

V. Кітаппен жұмыс

  • Оқулықтағы «Бозша торғай» мәтінін қарастыру.
  • Мұғалімнің мәтінді мәнерлеп оқуы және түсіндіруі.
  • 2–3 оқушыға оқыту.
  • Тізбектей оқу.

VI. Сергіту сәті

«Ұшты-ұшты» ойыны.

VII. Дәптермен жұмыс

Сөздік жұмысы

Батпақ — саз бен су араласып, лайға айналған топырақ.

VIII. Көрініс және жаттығу жұмысы

Көрініс

«Жаман бала мен жақсы бала» көрінісі.

238-жаттығу

Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жазу.

Атай торғайды үйіне әкелді. Терезе жақтауына отырғызды.

IX. Қорытынды

«Не білемін?» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

  1. 1 Мәтін не туралы?
  2. 2 Түнде ауа райы қандай болды?
  3. 3 Омар атай нені көрді?
  4. 4 Атай оған не істеді?

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен оқу дағдысы бойынша бағалау.

Үй тапсырмасы

  • «Бозша торғай» мәтінін оқып келу.
  • Өзіміз тұратын жерде қандай құстар бар екенін анықтау.