Ұлттық болмысқа баулу

Сабақтың тақырыбы

5 саны мен цифры

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік

  • Оқушыларды 5 санының жазылу жолдарымен және құрамымен таныстыру.
  • 5 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету.
  • Қосу және азайту амалдарының мағынасын түсіндіріп, білім мен дағдыларын қалыптастыру.
  • Кесінді бөліктерімен жұмыс жүргізу.

2) Дамытушылық

  • Ой-өрісін және тілін дамыту.
  • Логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.
  • Өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

3) Тәрбиелік

  • Ойын ережесін дұрыс сақтауға, ойын мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.
  • Шығармашылық еңбекке, ұйымшылдыққа, мақсатқа жете білуге баулу.
  • «Ханталапай» ұлттық ойынын дәріптеп, патриоттық рухты күшейту.
  • Ұлттық болмысты қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Тапсырмалар орындау, санау, ойын, санамақ.

Сабақтың түрі

Ойын сабақ.

Көрнекіліктер

  • Цифрлар, суреттер
  • Гүл күлтешелері
  • Геометриялық фигуралар
  • Ойыншық суреттері
  • Асық, алма

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

А) Дайындық

  • Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеу.
  • Сабаққа назарын аудару.

Ә) Психологиялық сәт

Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз!
Еш уайымды білмейміз.

Мұғалім: Балалар, қазір қандай сабақ?

Оқушылар: Математика сабағы.

Мұғалім: Көңіл-күйлерің қалай?

2) Ойын сабағы: «Ханталапай»

Бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді. Сендер «Ханталапай» ойынын білесіңдер ме? Ұлттық ойынымызды математика сабағында ойнап көрейік.

Әр тапсырманы дұрыс орындаған оқушы асық жинайды. Кім көп асық жинаса — сол «Ханталапайды» ұтады.

Оқушыларды асық беру арқылы марапаттап, еңбектерін бағалап отырамыз.

Ой шақыру

Сұрақ: Аптаның бесінші күні қалай аталады?

Жауап: Жұма.

Сұрақ: Жылдың бесінші айы қалай аталады?

Жауап: Мамыр.

Ендеше, мамыр айындағы гүлді еске түсірейік. Балалар, мына гүлдерге назар аударайық!

Тақтада тұр қызыл гүл,
Әр беретін көңілге,
Күлтелерін ашайық —
Сандарға біз қарайық.

Гүл күлтелеріндегі сандарды танып оқу және жазу арқылы 5 саны мен цифрын бекітеміз.