Сабақтың барысы. Сабақтың көрнекілігі

Балқаш қаласы

Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Сейткалиева Светлана Несипбекқызы

Пән

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері

  • Таратпамен жұмыс
  • Өздік жұмыс
  • Шығармашылық жұмыс
  • Топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, сурет, ән, еңбек

Көрнекіліктер

Таратпа материалдар, ТСО, сызба-кестелер, сюжетті суреттер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға ертегі туралы толық мағлұмат беру, ертегі түрлеріне тоқталу. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісінің негізгі идеясын ашу.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілікке, бауырмалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, қазір әдебиеттік оқу сабағы. Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын, топқа бөлініп алайық. Ол үшін мына жерден өздеріңе ұнаған түстерді таңдап алыңдар. Топқа бөлінудің бүгінгі сабақтың тақырыбын ашуда да маңызы бар.

Топқа бөлу

Түрлі түсті қағаздар арқылы.

Ынтымақтастық атмосферасы

«Сен қайдасың?» тренингі.

Тренинг қадамдары

  • Сәлем, досым — қол беріп амандасу.
  • Сен қалайсың? — иықтарын қағу.
  • Қайда болдың? — құлақтарын тарту.
  • Мен сені сағындым — қолдарын жүрекке қою.
  • Сен келдің — қолдарын жаю.
  • Жақсы болды — қатты құшақтау.
2

Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырма: «Құмырсқаның қанағаты» (ел аузынан).

1-топ

Сахналап көрсету.

2-топ

Құмырсқа туралы білетіндеріңді топтастырып жазу.

3-топ

Сұрақ-жауап (таратпа материалдармен жұмыс).

Сұрақтар

  • Оқымысты құмырсқаны неге және қалай сынады?
  • Құмырсқаның ақылы, қайраты, қанағаты бар екенін қайдан білдің?
  • Құмырсқаның қасында дән жатып, ашығуының себебі неде деп ойлайсың?

Қосымша талқылау: құмырсқаға байланысты қандай мысалдар оқыдық?

3

Жаңа сабаққа кіріспе

Құмырсқа қандай топқа жатады? Бунақденелілер.

Дүниетану сабағынан жануарлардың тағы қандай топтарын атай аламыз? Сүтқоректілер, бауырымен жорғалаушылар, құстар.

Енді топқа бөлінгенде алған түсті қағаздарыңның келесі бетін ашыңдар: онда жұмбақ жазылған. Жұмбақты шешсеңдер, бүгінгі тақырыпқа қатысты атау шығады.

Жұмбақ 1

Бұлдыр-бұлдыр балшықты,
Жинады да талшықты.
Ұқсатып қамытқа,
Үй салды жабыққа.

Жауабы: Қарлығаш

Жұмбақ 2

Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрігі.

Жауабы: Қарлығаш

Жұмбақ 3

Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады.

Жауабы: Қарлығаш

Қарлығаш — адамның досы, қайырымды құс. Халық танымында оны киелі құсқа теңеген.

Сергіту сәті

«Қос қарлығаш» әнімен қимыл-қозғалыс жасау.

Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы: «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі.

4

Мағынаны тану

Интерактивті тақтадан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі көрсетіледі.

1-топ

Ертегіден алған әсерлеріңді жазу.

2-топ

Қарлығаш туралы білетіндеріңді жазу.

3-топ

Ертегідегі жағымсыз кейіпкерлер туралы өз ойыңды айту.

5

Оқулықпен жұмыс

Оқу түрлері

  • Дауыстап оқу
  • Көзбен оқу

Негізгі тапсырмалар

Топтық жұмыс арқылы орындау.

1-топ

«Қарлығаш» сөзінен бірнеше сөз құрастыру.

2-топ

Тақырыпқа сай мақал-мәтелдерді сәйкестендіру.

3-топ

«Көктем келді. Қарлығаштарды қарсы алайық!» — суреттер жиынтығынан қарсы алу көрінісін көрсету.

6

Ой қорыту

«Кезбе тілші» стратегиясы арқылы сабақ қорытындыланады. Халық даналығы бойынша, Төле би «бір ауыз сөзі мың ауыз сөзге татитын» шын әулие деп танылған. Қарлығаш та халық ұғымында киелі құсқа теңеледі.

Рефлексия

«Алақан» үлгісіне бүгінгі сабақтан алған әсеріңді, не үйренгеніңді жазып, «Ғажайып ағашқа» ілу.

Алақан — ашық-жарқындық пен қайырымдылықтың белгісі.

Бағалау

Оқушылардың топтық және жеке жұмыс нәтижелері бойынша бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

Ертегіні қайталау және тақырыпқа байланысты қысқа шығармашылық тапсырма орындау.