Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, 9 Балауса балабақшасының тәрбиешісіАлпысбаева Күміскүл ӘбдіғаниқызыМектепалды даярлық тобыТақырыбы
Кіріспе
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы.
Мектепалды даярлық тобының мерекелік ертеңгілігі. Тақырыбы: «Береке басы – алтын күз».
Құрметті ата-аналар мен әріптестер!
Бүгін біз 2-кіші топта «Береке басы – алтын күз» атты мерекелік ертеңгілікті атап өтеміз. Күз мерекесі отбасыларыңызға береке мен бірлік әкелсін!
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тоңғаны ма, тойғаны ма
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.— Абай
Абай атамыз айтқандай, балаларымыз да осы күз мерекесіне арнап тақпақтарын оқып, әндерін шырқайды.
Бағдарлама
Хор
«Күз жомарт»
Тақпақтар
Гүлназ
Сары көйлегің желбіреп,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Назым
Жаздай күткен бәріміз —
Сары алтын, сары күз.
Алтын ұя бақшада
Сабақ бастар шағымыз.
Перизат
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзің елжіреп.
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.
Ардақ
Жемісті мол теретін
Күз — дос екен біздермен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Ернұр
Алтын сары, қызыл, көк —
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап,
Алуан-алуан жапырақ.
Ақнұр
Өрік, шие, балы бар,
Қарбыз, қауын көбейді.
Жегің келсе — бәрін ал,
«Неге аласың?» демейді.
Аружан
Бұлт ағады аулаққа,
Күз келіпті аймаққа.
Жаздай піскен жаңғақ та
Шашылады жан-жаққа.
Айерке
Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
Дамир
Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр түседі.
Жүргізуші сөзі
Жарайсыңдар, балалар! Ендігі кезекті әнге берейік.
Хор: «Күз келгенде»
Сахнаға «Алтын күз» кіреді
Әдемі әуенмен зал ішіне «Алтын күз» енеді.
Балалар, бізге қонақ келіп жатыр. Кім екен?
Кейіпкерлермен кездесу
Күз
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Бүгін сендерде мереке өтіп жатыр екен. Мен де мерекеге құр қол келген жоқпын: жұмбақтар алып келдім.
Жұмбақ жасыру.
Тиін
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен кіммін?
Өзіммен бірге жаңғақтар алып келдім.
Ойын ойнағыларың келе ме?
Ойын
Жүргізуші: Қане, балалар, тиін алып келген жаңғақтармен ойнайық. Жаңғақты тез әрі жылдам жинауымыз керек.
Ән
Тиін: Мен ән айтып бергім келеді.
«Кел, билейік»
Би
«Шөжелер»
Қорытынды
Міне, құрметті қонақтар мен балалар, күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.
Бүгінгі мерекеге қатысқан Алтын күзге және Тиінге алғыс айтамыз!