Керемет бәрін таптыңдар, Қандай ақылды балаларсыңдар

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы

Таным, әлеуметтік орта

Бөлімі

Қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет

Тақырыбы

Үй жануарлары (слайд арқылы)

Мақсаты

  • Үй жануарлары туралы түсініктерін бекіту.
  • Үй жануарларының төлдерін дұрыс атай білуді үйретуді жалғастыру.
  • Үй жануарларының беретін пайдасы туралы түсінік беру арқылы білімдерін толықтыру.
  • Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  • Үй жануарларына сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекет түрі

Дәстүрлі

Әдістері

Әңгімелесу, түсіндіру, сурет/слайдпен жұмыс, жұмбақ шешу, дидактикалық ойын

Көрнекілігі

Жануарлар туралы суреттер (слайд), аудиожазба, интерактивті тақта

Билингвальдық компонент (орыс тілінде)

Сиыр корова
Түйе верблюд
Қой баран
Жылқы лошадь
Мысық кошка
Ит собака

Ұйымдастыру кезеңі: жұмбақтар

Балалардың қызығушылығын ояту үшін төмендегі жұмбақтар ұсынылады. Соңында ортақ сұрақ қойылады: «Олардың бәрін қалай атаймыз?»

  1. 1 Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.

  2. 2 Кезікті бір жануар, арқасында тауы бар.

  3. 3 Басында екі таяғы бар, иегінде сақалы бар.

  4. 4 Жем-шөптен бір тартынбайды, сабасы бір сарқылмайды.

Тәрбиешінің кіріспе сөзі

Бүгін біз үй жануарлары туралы әңгімелесеміз. Қазір мен сендерге Міржақып Дулатовтың «Үй жануарлары» атты әңгімесін оқып беремін. Мұқият тыңдаңдар.

Көркем мәтін: «Үй жануарлары» (М. Дулатов)

Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық адамның үйінің маңайында тіршілік етеді. Сол себепті олар үй жануарлары деп аталады.

Үй жануарлары адамға көп пайда келтіреді. Жылқыға мінеді, оны арбаға, шанаға жегеді, сүтінен қымыз ашытады. Семіздерін қыста соғымға сояды, терісін сатып пайда табады.

Түйеге жүк артады. Оның жабағысы, яғни жүні, күпі тігуге жақсы. Сатса, жүні де кәдеге асады.

Сиыр мен қой адамдарды етімен де, сүтімен де асырайды. Ит қасқырдан да, ұрыдан да сақтап, қора-қопсыны күзетеді.

Дегенмен олардың бәрі тегін қызмет етпейді. Ол үшін адам оларды асырайды, бағады, қыста тоңбасын деп жылы қора жасайды, ұры-қасқырдан қорғау үшін бақташы қояды.

Қорытынды ой

Үй жануарлары адамның жанында өмір сүреді: адам оларға күтім жасап, суын-азығын береді, ал жануарлар өз пайдасын тигізеді.

Сұрақ-жауап және слайдпен жұмыс

Талқылау сұрақтары

  • 1) Қандай үй жануарларын білесіңдер? Атап көріңдер.
  • 2) Үй жануарларының төлдерін білесіңдер ме? Мысал келтіріңдер.

Слайд бойынша бағыттау

Слайдтағы суреттерге қарап, әр жануарды атап, оның адамға тигізетін пайдасын қысқаша айту ұсынылады.

Нұсқаулық сұрақ: «Мынау қандай жануар?»

Жауап берген балаларды мадақтау: «Керемет! Бәрін таптыңдар. Өте зейінді балаларсыңдар.»