Мәтінді іштей оқу

Мақсаты

Оқушыларға аңыздың шындықпен жанасатынын ұғындыру, адами қасиеттердің бірі — қанағат екенін түсіндіру.

Күтілетін нәтиже

A

Мәтінді оқып, түсінеді. Шығарманың қай түріне жататынын анықтайды.

B

Диқан бабаның іс-әрекетін бағалайды, аңыздағы адамдардың мінез-құлқын сипаттайды.

C

Негізгі ойды өмірмен байланыстырып, өз пікірін білдіре алады.

Кіріспе

Оқушылармен амандасу, жұпқа бөлу және сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын «Серпілген сауал» әдісі арқылы сұрау.

Оқушыларды «Бидай», «Арпа», «Күріш» топтарына бөлу.

Тұсаукесер: қызығушылықты ояту

Сұрақтар

  • Неге біз осылай топтарға бөліндік?
  • Бұл дәнді дақылдар не үшін қажет?
  • Егер адамдар егін екпей, еңбек етпей-ақ ішіп-жеп рахат өмір сүре ала ма?

Әңгімелеу бөлігі

Ерте заманда, адамзат жаңадан қалыптасып келе жатқан кезде, ешкім егін екпей-ақ тағам көктен жауады деген ұғым болған. Осындай қызықты оқиға «Диқан баба» аңызында баяндалады.

Сабақтың табыс критерийлері бірлесе құрылады.

Негізгі бөлім

Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді іштей оқу.

Сөздікпен жұмыс

Нантептілік
Кесірлену, нанды рәсуә ету.
Мейманасы тасу
Астамшылық жасау.
Кепиет сөз
Кесір сөз.
Есіркеу
Жаны ашу.

«Ойлан. Жұптас. Бөліс» тапсырмалары

1-топ

Мәтін мазмұны бойынша сурет салып, оқиғаны жалғастырып аяқтау.

2-топ

Диқан бабаның іс-әрекетін бағалау, адамдардың мінез-құлқын сипаттау және мәтін бойынша мақал-мәтелдер жазу.

3-топ

Нанды қадірлемеуге қатысты балалар арасында болуы мүмкін оқиғаларды құрастырып, суреттеп жазу.

Автор туралы мәлімет

Круглоозерный ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Абуталина Айнур Калиоллиевна.

Материал: «Диқан баба».