Ғұн тайпаларының бірігуі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сынып
5-сынып
Сабақтың тақырыбы
Ғұн тайпаларының бірігуі
Зерттеу сұрағы
Неге Мөде шаньюй «Жер — мемлекеттің негізі» деді?
Оқу мақсаты
5.3.1.2 — Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар
- Ғұндар мен көрші мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды анықтайды.
Оқушылардың басым бөлігі
- Карта арқылы көрші мемлекеттермен жауласу себептерін түсіндіреді.
- Ғұндар үшін жердің маңызын негіздейді.
Кейбір оқушылар
- Ғұндардың мемлекеттік дәрежеге қалай жеткенін түсіндіреді.
Бағалау критерийі
Ғұн тайпалық бірлестігінің құрылуына әсер еткен алғышарттарды анықтайды.
Тілдік мақсаттар
Айтылым
«Ойлан — жұптас — бөліс» тәсілі арқылы ғұндар туралы көне заман тарихшыларының жазбаларынан үзінді оқып, мазмұнын айтады.
Оқылым
Жер туралы аңыздың идеясы қандай екенін мәтіннен анықтап, негізгі ойды табады.
Жазылым
Мемлекеттің басқару жүйесін талдап жазады.
Лексика және терминология
Сыныптағы диалогке арналған тіркестер
Талқылауға арналған сұрақтар
- Мөде шаньюй «Жер — мемлекеттің негізі» деді, өйткені…
- Не себепті шаньюйден кейінгі басты тұлғалар «түменбасы» деп аталды?
- Шаньюй дегеніміз — …
Құндылықтарға баулу
Өз тарихымызға және мәдениетімізге құрметпен қарау.
Пәнаралық байланыс және алдыңғы білім
Пәнаралық байланыс
Дүниежүзі тарихы, әдебиет
Алдыңғы білім
Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар туралы бастапқы түсініктері қалыптасқан.
Сабақтың басы: ұйымдастыру және қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру шаралары
- Амандасу және оқушыларды түгендеу.
- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: «шаттық шеңбері» арқылы бір-біріне гүл сыйлап, жылы тілектер айту.
Топтарға бөлу
I топ
Сақтар
II топ
Үйсіндер
III топ
Ғұндар
Үй тапсырмасын тексеру
- «Конверттегі сұрақ» әдісі: тарихшылардың жазбаларынан алынған мәтіндерді жасырып, сұрақтар арқылы тексеру.
- «Кім жүйрік?» ойыны: төрт оқушыны тақтаға шығарып, маңдайларына «гүньмо», «хан», «патша», «шаньюй» атаулары жазылған белгілерді жапсырып, қай елдің титулы екенін анықтап, дұрыс ретімен орналастыру.
- Бағалау: смайликтер арқылы қалыптастырушы бағалау.
Тапсырма 1: диалогке тарту
Электронды оқулықтағы материалды көрсете отырып, сұрақтар арқылы оқушыларды пікір алмасуға жетелеу.
Бағыттаушы сұрақтар
- Суреттен не көріп отырсыңдар?
- Осы тақырып туралы не білесіңдер?
- Көріністі сипаттап беріңдер.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы деп ойлайсыңдар?
Қолдау: ауызша мадақтау.