Қане Дымбілмеспен амандасайықшы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы • №9 «Балауса» балабақшасы

Тәрбиеші: Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы • Мектепалды даярлық тобы

Ұстаз — ұлағатты тұлға!

Бұл оқу іс-әрекеті ұстаз ұғымының биік мәртебесін түсіндіруге, балаларды үлкенді құрметтеуге және адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған.

Мақсаты

  • «Ұстаз» ұғымының қадір-қасиетін ұғындыру.
  • Үлкенді сыйлауға, ізеттілікке, адамгершілікке баулу.

Құралдар мен тәсілдер

  • Көрнекілігі: суреттер, буклеттер.
  • Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, мақал-мәтелдер, тақпақ, өлеңдер.

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ «Ұстазым» әнімен басталады. Тәрбиеші балаларды бір-біріне жылы жүзбен қарап, ізгі тілек айтуға шақырады.

Шаттық шеңбері

Армысың, алтын күн!
Армысың, асыл жер!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым!

Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен оқу іс-әрекетіне кіріседі.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең

Сергіту сәті

Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенін, жақсысын
Ұстаздарға сыйлайық!

Көрініс: «Дымбілмес қонақта»

Жағдай

Дымбілмес кіріп, тақтадағы қағаздарды шимайлай бастайды. Тәрбиеші балаларға: «Мынау кім? Не істеп жатыр?» — деп сұрайды.

Дымбілмес

«Мені танымадыңдар ма? Мен — Дымбілмеспін!»

Тәрбиеші

«Балалар, Дымбілместің әрекеті әдептілікке жата ма? Қане, Дымбілмеспен амандасайық».

Дымбілмес бастапқыда амандаспайды. Тәрбиеші қонаққа келгенде сәлемдесу қажет екенін түсіндіреді. Дымбілмес: «Мен сәлемдесу керектігін білмеппін. Сәлеметсіңдер ме, балалар?» — дейді.

Негізгі ой

Әдептіліктің басы — амандасудан басталады.

Тәрбиеші балаларға күнделікті балабақшаға келгенде апайлармен амандасатындарын еске салады және ұстаз туралы тақпақтар тыңдауға шақырады.

Балалардың тақпақтары

Ақнұр

Алғыстарым көп менің,
Балабақшам, апайым!
Үйреткені — адалдық,
Ұсынғаны — адамдық.

Дильназ

Апайларға мың алғыс,
Текті мінез, даналық.
Бар апайға тілейміз —
Бақыт, табыс, амандық.

Нұрдәулет

Тәрбиеші, ғазиз мұғалім —
Төгілген арай, шуағым.
Арманым қонса қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.

Ернұр

Тәрбиеші, ғазиз мұғалім —
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.

Әли

Атағым Алатаудай биік болып,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп,
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым» деп басымды иіп!

Мақал-мәтел

Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға!

Рефлексия

Білуі керек

Әдептіліктің басы амандасудан басталатынын түсіну.

Болуы керек

Бала бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуы: құрмет, ізет, мейірім.

Үйренуі керек

Адамгершілікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке дағдылану.