Құмырсқаның өнері
Сабақтың тақырыбы
«Құмырсқаның өнері» (Жәди Шәкен)
Сабақтың мақсаты
Мәтінмен сауатты жұмыс жасауға, топтық талқылауда негізгі ойды анықтауға, ой түйінін табуға және өз бетінше шешім қабылдауға үйрету арқылы оқушы құзыреттілігін қалыптастыру. Сонымен қатар адам баласы үшін ең қажетті нәрселерге бірлік арқылы қол жеткізуге болатынын ұғындыру.
Күтілетін нәтижелер
- Мәтіннің мазмұнын өз бетінше аша алады.
- Сыни тұрғыда ойлап, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Әдіс-тәсілдер
Қажетті құрал-жабдықтар
Интербелсенді тақта, бор, маркер, стикерлер, А3 форматты қағаз және т.б.
Сабақтың барысы
1) Кіріспе
Амандасу, топқа бөлу және психологиялық дайындық.
Мұғалімнің әрекеті
- Сәлемдеседі, сыныпта жағымды ахуал қалыптастырады.
- Оқушыларды түстер арқылы топқа бөледі.
- Әр топқа топ басшысын сайлауды ұйымдастырады.
Оқушының әрекеті
- Амандасады.
- Топтарға бөлінеді.
- Топ басшысын сайлайды.
2) Тұсаукесер (үй тапсырмасын тексеру)
Алдыңғы мәтін бойынша сұрақ-жауап жүргізіледі.
- 1. Сауысқанның көкекке шын көмектескісі келгенін қалай байқауға болады?
- 2. Көкек неліктен құр айғайлай берді? Көкекке ұқсас адам қылықтарына мысал келтір.
- 3. Мәтіндегі құс ұясының жасалу ерекшелігін айтып бер.
- 4. Құстар ұяны не үшін жасайды деп ойлайсыңдар?
Бағалау: әр топтан оқушылар жауап береді. Топ басшысы бағалау парағына сүйеніп, ұпайларды белгілеп отырады.
3) Негізгі бөлім
Ой қозғау, оқулықпен жұмыс және шығармашылық тапсырмалар.
Ой қозғау: жұмбақтар
Жұмбақ 1
Бір балуан — өзі күшті, қайраты мол, Өзінен үлкен затты көтерер ол. Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе, Қайқаңдап аса берер бәрінен ол.
Жауабы: құмырсқа
Жұмбақ 2
Қара түсті қарқылдақ, Ұшып-қонып жалпылдап. Қоқыстарды шоқиды, Жем іздейді там-тұмдап.
Жауабы: қарға
Оқулықпен жұмыс
- Автор туралы қысқаша мәлімет.
- Сөздікпен жұмыс.
- Мәтінді рөлдерге бөліп, мәнерлеп оқу (әр топ жеке оқиды).
Сергіту сәті
Ұзын мұртты құмырсқа, Келе жатты жұмысқа. Допты қойдым алдына, Оң жағына қарады, Сол жағына қарады, Тау екен деп ойлады.
Шығармашылық тапсырмалар (топпен жұмыс)
1-топ
Мәтін мазмұнына сай сурет салыңдар.
2-топ
Қарға мен құмырсқа туралы қандай мысал, өлең, жұмбақ білесіңдер?
3-топ
«Қарға», «құмырсқа» сөздерінен бірнеше сөз құрастырыңдар.
Жұмыс форматы: топтар бірлесе жұмыс істейді, әр топтан оқушылар шығып, нәтижесін қорғайды.
4) Қорытынды (ойтолғаныс)
Мәтіннің негізгі ойын анықтау және бекіту.
Негізгі ой
Бірлік бар жерде еңбек нәтижелі болады, ал табысқа жету — ортақ әрекет пен ұйымшылдыққа байланысты.
Үй тапсырмасы
- Мәтінді түсініп оқу.
- Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрып келу.
Бағалау
Оқушылар топ басшысы толтырған бағалау парағындағы ұпайлар негізінде бағаланады.