Менің тапсырмамды өте тамаша орындадыңдар

Құжат

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жоспары

Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» санаториялық бөбекжай-балабақшасы

Тәрбиеші

Жұмаханова Мирамкүл

Білім салалары

Таным · Әлеуметтік орта · Шығармашылық

Бағыты

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Тақырыбы

«Білім аралына саяхат»

Мақсаты

  • 7 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, сандардың көршісін атауға үйрету.
  • Кеңістікті бағдарлау дағдысын жетілдіру: алдында, артында ұғымдарын бекіту.
  • Геометриялық пішіндер туралы білімін кеңейту.
  • Тілді дамыту, білімге қызығушылықты арттыру; ойын арқылы салыстыру, санау, топтау дағдыларын қалыптастыру.
  • Жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тез ойлауға, дер кезінде шешім қабылдауға, татулық пен бірлікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Проектор Үлестірмелі материалдар Карточкалар Суреттер Қаламдар Сандар

Сабақ барысы

Кезең 1

Мотивациялық-қозғаушы: «Шаттық шеңбері»

Жылы байланыс

Тәрбиешінің сөзі

— Бүгін күн қандай тамаша!

— Балалар, бүгін ерекше күн. Бізге қонақтар келді. Қуанышымызды сезіну үшін жүрегімізді ұстап көрейік.

Өлең жолдары (балалар бірге айтады)

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Барлық істі басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Балалардан сұрақ: «Қазір біз қандай пішінге ұқсап тұрмыз?» — Шеңбер.

Шеңберге ұқсас заттар: күн, алма, доп, т.б.

Топқа бөлу

Шеңбер 2 бөлікке бөлінеді, балалар 2 топқа бірігеді.

Топ атаулары

Оң жақ — «Білгіштер», сол жақ — «Тапқырлар».

Кезең 2

Ұйымдастырушылық-ізденуші: «Білімділер еліне саяхат»

Ойын-саяхат

Балалар ұшатын кілемге «жайғасып», көздерін жұмады. Слайд арқылы тапсырмалар орындалады: биік үйлердің, орманның үстімен «ұшып өтеміз».

Ереже

Кедергіден өту үшін тапсырма орындалады.

Бағалау

Тапсырманы бірінші аяқтаған топқа ұпай беріледі.

Нәтиже

Сабақ соңында ұпайы көп топ жеңімпаз болады.

Кедергі 1: Пеш (ертегі кейіпкері)

Пішін Санау

Сұрақ-жауап

  • Пештің пішіні: төртбұрыш.
  • Ертегі: «Аққу-қаздар».

Тапсырма

Пештің «пісіп тұрған нанын» санау.

Жауабы

7

Пештің нұсқауы: орман ішіне қарай жүрсеңдер, алдарыңнан алма ағашы шығады.

Кедергі 2: Алма ағашы (кеңістікті бағдарлау)

Бағдарлау

Тапсырма

  • Алма ағашының суреті бар қағазға жоғарғы оң жаққа күнді салу.
  • Жоғарғы сол жаққа айды салу.
  • Төменгі жағына гүлдер мен шөптерді салу.

Алма ағашының нұсқауы: тура жүрсеңдер, алдарыңнан өзен шығады.

Кедергі 3: Өзен (салыстыру және артықты табу)

Салыстыру Логика

Тапсырма

Карточкалардағы суреттердің ішінен артық суретті тауып, белгі қою.

Қосымша нұсқау: суреттерді қарап, артық суреттің үстіне белгі қойыңдар.

Қимылды ойын

Сулы құбылыстар аталғанда, балалар бір аяқтарын көтереді; ал басқа сөздер айтылғанда, екі аяқпен жер басып тұрады.

Өзеннің нұсқауы: оңға бұрылсаңдар, алдарыңнан Жалмауыз кемпірдің үйі шығады.

Кедергі 4: Үй (геометриялық пішіндер)

Құрастыру Пішіндер

1-тапсырма

«Мен қандай пішіндерден құралғанмын?»

Жауабы: төртбұрыш және үшбұрыш.

2-тапсырма

Пішіндерден құрастырылған мысықтың суретін қарап, қандай және неше пішін бар екенін анықтау.

Үйдің нұсқауы: солға бұрылсаңдар, алдарыңнан Білім аралы көрінеді.

Білім аралы: Үкінің амандасуы және мадақтау

Қорытынды кезең

Үш тілде амандасу

  • Сәлеметсіз бе!
  • Здравствуйте!
  • Good morning!

Үкінің пікірі

«Мен сендерге ризамын. Жол бойындағы тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар. Сендер дарынды әрі білімді балаларсыңдар».

Үкі балаларға сыйлықтарын ұсынады.