Мәтін мазмұнына сай мақалдар жинау
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сынып
- 3-сынып
- Пән
- Әдебиеттік оқу
- Тақырып
- «Құштарлық»
- Сабақ түрі
- Жаңа тақырыпты меңгерту
- Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, «түртіп алу» стратегиясы
- Көрнекіліктер
- Ж. Аймауытовтың портреті, әңгіме желісіне салынған суреттер, мақал-мәтелдер жазылған плакат
Сабақтың мақсаты
Білімдік
- Мәтін мазмұнымен таныстыру және мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
- Ж. Аймауытов туралы қысқаша мәлімет беру.
- Табиғаттың адам өміріне және жан-жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
- Оқиғаны елестету және жүрекпен сезіну қабілетін дамыту.
- Өзіндік ойды жүйелі айтып, жеткізе білуге баулу.
Тәрбиелік
- Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
- «Кітап — білімнің қайнар көзі» екенін түсіндіру, оқулықты ұқыпты ұстауға баулу.
- Ізденіске жетелеу, жауапкершілігі жоғары, өнегелі тұлға қалыптастыру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды әдебиеттік оқу сабағына дайындау, сабаққа назарын шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Тіл туралы мақал-мәтелдер айтқызу.
- Шумақтап оқу және тұтас оқу дағдыларын пысықтау.
III. Жаңа сабақ
Психологиялық дайындық арқылы оқушының көңіл күйін сабаққа бағыттау.
а) Қызығушылықты ояту
Тақтадан Ж. Аймауытовтың суретін көрсету арқылы авторға назар аудару. Оқушылардан суретке қарап қандай ой келгенін сұрау, пікірлерін тыңдау: «үлкен кісі», «ақылды», «ойланып отыр», «ақын», «жазушы».
Жүсіпбек Аймауытов (1889–1931) — қазақ әдебиетінің аса көрнекті жазушысы. Оның «Күнкейдің жазығы» повесі және қазақ әдебиетіндегі алғашқы романдар қатарындағы «Ақбілек», «Қартқожа» сияқты көркем шығармалары бар.
ә) Ой толғау: «Оқулық (кітап) туралы не білеміз?»
| Нені білемін? | Нені білгім келеді? | Не үйрендім? |
|---|---|---|
|
Ескірген, жыртылған оқулықтарды не істейді? | Ескірген кітаптар мен оқулықтарды қайта өңдеп, қағаз жасайды. |
Кітап — баспада дайындалып, баспаханада басылып шығатын мәдени-рухани қазына. Қағаз ағаштан алынады, сондықтан кітап жасау үшін орманнан ағаш кесіледі. Кесілген ағаштың орнына жыл сайын жаңа көшет отырғызылып отырады.
Ескірген кітап, журнал, газет, дәптерлерді фабрикаларға тапсырып, оларды қайта өңдеу арқылы қайтадан қағаз жасайды. Сол қағаздардан баспаханалар жаңа кітаптарды қайта басып шығарады.
Қорытынды: кітапты боямай, жыртпай, ұқыпты ұстау қажет. Өйткені кітап арқылы біз хат танып, сауат ашамыз, білім аламыз.
Мәтінмен жұмыс: «Құштарлық»
Әңгімені мұғалім жартылай оқып береді. Мақсаты — оқушылардың қызығушылығын арттырып, оқиғаның жалғасын өз бетімен оқуға ынталандыру. Оқу барысында оқушылар қарындашпен сөз тіркестерін және мағынасы түсініксіз сөздерді белгілейді ( «түртіп алу» стратегиясы ).
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
Қартқожа туралы не білеміз?
Талқылау сұрақтары
- Қартқожаны не нәрсе қуантты?
- Қартқожа өзіне қандай уәде берді?
V. Бағалау
Оқушылардың мәтінді түсініп оқуы, талқылауға қатысуы, жауаптарының нақтылығы және дәптердегі сөздік жұмысының орындалуы бойынша бағалау.
VI. Үй тапсырмасы
- Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.
- Мәтін мазмұнына сай мақал-мәтелдер жинау.