Гүлдің жыныс мүшесі
Сабақтың тақырыбы
Өсімдіктердің жынысты көбеюі: тозаңдану және ұрықтану.
Сабақтың мақсаты
- Тозаңдану мен ұрықтанудың өсімдік тіршілігіндегі маңызын ұғыну, гүлдің тұқым арқылы көбею мүшесі екендігі туралы қорытынды пікір қалыптастыру.
- Гүлдің құрылысы және көбею туралы білімді тереңдету, дүниетанымды кеңейту.
- Әсемдікті сезіне білуге және табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Экология, әдебиет, тіл, халық педагогикасы.
Көрнекіліктер
- Гүл моделі және гүл құрылысының сызбалары
- Тозаңдану, ұрықтану схемалары
- Гүлшоғырлар сызбалары
- Сөзжұмбақтар, Венн диаграммасы, «вагон» суреттері
Сабақты өткізу әдісі
Аралас сабақ, ойын элементтері бар сабақ.
Сабақтың барысы
Сабақты бастау
Оқушыларды түгендеп, үй тапсырмасын нақтылағаннан кейін сабақ мына өлең жолдарымен басталады:
Кел, балалар, ойлайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Оқушылар сабақтың ойын түрінде өтетінін бірден аңғарады. Ойын шарты түсіндіріліп, тапсырманың ұраны мен мақсаты плакаттан хормен оқылады.
Сабақтың ұраны
Тіршіліктің тірегі — өсімдікті қорғайық. Тұқымдарын молайтып, өсіруді ойлайық!
Сабақтың мақсаты (ұранды жолдар)
Білген сайын келеді біле бергім. Біле беру емес пе — тілегі елдің?!
Ойын шарты
«Пойызда» 4 вагон бар. Әр вагон белгілі бір тапсырмамен келеді. Тапсырмалар орындалған соң, «белгісіз әлемге» саяхат жалғасады.
Үй тапсырмасын тексеру: 4 вагон тапсырмасы
№1 вагон — сұрақтар
- Мүше деген не? Өсімдік мүшелері нешеге бөлінеді?
- Көбею мүшелеріне нелер жатады?
- Гүл деген не? Гүлдің бөлімдері қандай? Аталық пен аналықтың бөлімдері қандай?
№2 вагон — тест
1) Гүл шығаратын өркенде белгілі бір ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы:
- А) гүлшоғыр
- Ә) гүлсағақ
- Б) гүлтабан
2) Бидай мен қарабидайдағы гүлшоғыр түрі:
- А) собық
- Ә) шашақ
- Б) күрделі масақ
3) Аналығы да, аталығы да бар гүл:
- А) дара жынысты
- Ә) қос жынысты
- Б) екеуі де
4) Аталық гүлі бір өсімдікте, аналық гүлі басқа өсімдікте болса:
- А) бір үйлі
- Ә) дара жынысты
- Б) қос үйлі
№3 вагон — гүлге қатысты сөздік тапсырма
-
«Жайгүл сағақ есуге келгенде бір тостаған шай мен май ала келді; майын аузыма, мойныма жақтым».
Түйін сөздер: гүлсағақ, тостағанша, аузы, мойны.
-
«Майгүл Серікке: “Тозаң толып тұрған қаптың аузындағы жіп шешіліп кетпесін”, — деді».
Түйін сөздер: гүлсерік, тозаңқап, аузы, жіпше.
№4 вагон — формула және жұмбақ
Гүл формулалары
- 1) Картоп гүлі: × ♂ Т(5) К(5) А5 Ж(2)
- 2) Қызғалдақ: × ♂ К3+3 А3+3 Ж(3)
- 3) Асбұршақ: ⟂ ♂ Т(5) К1+2+(2) А(9)+1 Ж1
Жұмбақтар
- Іші жұмсақ, сырты қатты. Еті қызыл, сүті тәтті. Соғым сайлап қойдым, кіндігінен байлап қойдым. (Қарбыз)
- Аласа ғана бойы бар, қабат-қабат тоны бар. (Орамжапырақ)
- Бір анадан жүз бала, жүзі де боз бала. (Жүзім)
Жаңа сабақ: «Белгісіз әлемге саяхат»
Ұраны: Білгенің тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
Негізгі мақсат: гүлдің тұқым арқылы көбею мүшесі екенін және тозаңдану мен ұрықтанудың көбею үдерісіндегі маңызын ұғыну.
Түсіндіру жоспары (тірек-сызбалар арқылы)
1) Тозаңдану түрлері
- Бунақденелер арқылы: шие, шай
- Жел арқылы: жүгері, емен
- Өздігінен тозаңдану
- Айқас тозаңдану: бетеге, тары
2) Ұрықтану
Тозаңданудан кейін ұрықтану жүреді. Гүлді өсімдіктерде қосарынан ұрықтану құбылысы байқалады (Навашин).
3) Қосымша ұғымдар
Гамета
Жыныс жасушасы.
Зигота
Екі гаметаның қосылуынан түзілетін жасуша.
Спермий
Аталық гамета.
Жұмыртқа жасушасы
Аналық гамета.
Орнитофилия
Құстар арқылы тозаңдану.
4) Дәптермен жұмыс
- Жаңа ұғымдарды жазу.
- Жынысты көбею.
- Тозаңдану және оның түрлері.
- Ұрықтану.
Қорытынды
«Оқығаныңды айтпа — тоқығаныңды айт» қағидасына сүйене отырып, негізгі тізбек нақты айқындалады:
Тозаңдану → ұрықтану → жеміс → тұқым
Қорытындылау кезінде Венн диаграммасы қолданылады.
Бекіту
Жеміс пен тұқым — өнімнің алтын қоры. Бекіту жұмысы сөзжұмбақ шешу арқылы жүргізіледі.
Сөзжұмбақ: «Зигота» және «Тұқымбастама»
1-бөлік (ұғымдар)
- Тозаңдануға қажетті, тозаңқапта жиналатын түйіршік. (Тозаң)
- Аталық гамета. (Спермий)
- Жыныс жасушасы. (Гамета)
- Тұқымбастама ұшындағы жіңішке өзек. (Тозаңтүтік)
- Екі жыныс жасушасының қосылуы. (Ұрықтану)
- Аналық гамета. (Жұмыртқа жасушасы)
2-бөлік (гүл құрылысы)
- Гүлдің жыныс мүшелерінің бірі. (Аталық)
- Тұқымбастамадан дамитын, жеміс ішінде болатын өсімдік негізі. (Тұқым)
- Гүлдің жыныс мүшесі. (Аналық)
- Аталығы да, аналығы да бар гүл. (Қосжынысты)
- Аналықтың екінші бөлігі. (Мойны)
- Аталық және аналық гүлдері бар өсімдік. (Бірүйлі)
- Гүлдің мүшелері орналасатын бөлігі. (Гүлтабан)
- Гүл дамып жетілетін жіңішке бөлік. (Гүлсағақ)
- Аналықтың жеміс дамитын бөлігі. (Түйін)
- Тозаң жиналатын орын. (Тозаңқап)
- Түйіннен пайда болатын өсімдік негізі. (Жеміс)
- Аналықтың бірінші бөлігі. (Аузы)
Үй тапсырмасы
- «Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану және ұрықтану» тақырыбын оқып, мазмұнын меңгеріп келу.
- Сөзжұмбақтар құрастыру.
Еліміз дәулетті, еліміз сәулетті болсын!
Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағаланады.