Ауқымды компьютерлік жел

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән / сынып

Информатика, 8-сынып

Тақырып

Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары: жергілікті желі және ауқымды желі

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ

Әдістер мен құралдар

Топтық жұмыс; компьютер, оқулық, интерактивті тақта

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларға компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары туралы (хаттама, сервер, шина, браузер), сондай-ақ жергілікті және ауқымды желілер туралы түсінік беру.

Тәрбиелік

Нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, ойын еркін әрі сауатты жеткізе білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Пәнге қызығушылықты арттыру, көру және есту арқылы қабылдау дағдыларын дамыту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  2. Құрал-жабдықтарын тексеру.
  3. Назарын сабаққа аудару.
  4. «Шаттық шеңбері»: оқушылар өз есімдерінің бас әрпінен басталатын жақсы сөз айтып, бір-біріне тілектестік білдіреді.
  5. Қима қағаздардағы жасырын сөздерді құрастыру арқылы екі топқа бөлу: 1-топ — «Ауқымды желі», 2-топ — «Жергілікті желі». Екі топқа бағалау парағы беріледі, ұпайлар сол параққа белгіленіп отырады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сайыс бөлімі №1

«Бөшкеден шыққан басқатырғылар»: бөшкеде жасырылған сұрақтарға екі топ кезекпен жауап береді.

  1. Microsoft Excel программасы деректермен қандай операциялар орындауға мүмкіндік береді?
  2. Microsoft Excel программасын іске қосу жолдарын атаңдар.
  3. Microsoft Excel программасында қанша жол және қанша баған бар?
  4. Деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған құрал қалай аталады?
  5. Бағандық диаграмманың басқа атауы қандай?
  6. Белсенді ұяшықтың ішіндегісін көрсететін жол қалай аталады?
  7. Excel-де формула қандай белгімен басталады?
  8. Формулаларда ұяшық мекенжайына арналған қандай сілтемелер қолданылады?
  9. Функция шеберін қалай шақырамыз?
  10. Диаграмма элементтерін атаңдар.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Сайыс бөлімі №2

«Тақырыпты қорғау»: жаңа тақырып екі бөлімге бөлінеді — «Ауқымды желі» және «Жергілікті желі». Әр топ өзіне берілген бөлімді талдап, түсіндіріп, қорғап шығады.

IV. Жаңа түсінікті тексеру

Сайыс бөлімі №3

«Жалған мәтін»: әр топқа мәтін беріледі, тапсырма — мәтіндегі қателерді тауып, түзету.

1-топқа мәтін

«Ауқымды желі жақын орналасқан компьютерлерді байланыстырады. Мысалы, бір кеңседе бір-біріне қосылған екі компьютер немесе жоғары жылдамдықты кабельмен қосылған барлық ғимараттарды қамтитын желі. Бірнеше аралас ғимараттарды қамтитын корпоративтік желі ауқымды желі деп есептелуі мүмкін».

2-топқа мәтін

«Модем — бұл клиенттерге әртүрлі қызметтер мен мәліметтер ұсынатын компьютер. Желілік модемдер күрделіліктің әртүрлі деңгейінде көптеген міндеттер орындай алады. Ірі желілерде мамандандырылған арнайы модемдер кең таралған, осының арқасында қолданушылардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін сапалы қанағаттандыруға мүмкіндік туады».

V. Жаңа тақырыпты бекіту

Сайыс бөлімі №4

«Сәйкестікті тап!»: қазақ және ағылшын тілдеріндегі терминдердің дұрыс сәйкестігін табу.

Қазақша термин Ағылшынша термин
Браузер browser
Домен domain
Хабарламалар тақтасы BBS
Сеанс session
Желі network
Электронды пошта e-mail
Шлюз gateway

VI. Қорытындылау

Бағалау парақтарындағы ұпайларды салыстыру арқылы жеңімпаз топ анықталады.

VII. Үй тапсырмасы

  • «Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары» тақырыбын оқу.
  • Жергілікті желі және ауқымды желі туралы негізгі анықтамаларды қайталау.

VIII. Оқушылар еңбегін бағалау

Оқушылардың белсенділігі, топтық жұмыстағы үлесі және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.