Дарын тобы

Ашық сабақ: халық ауыз әдебиеті

Бұл сабақта оқушылар халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлерімен — мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш — танысып, тапсырмалар арқылы білімін бекітеді.

Сабақтың мақсаты

Халық ауыз әдебиетінің түрлерін таныстыруға бағытталған сабақты дамыта оқыту тәсілімен өткізу; оқушылардың ойлауын, тілдік қорын және тапқырлығын дамыту.

Пәнаралық байланыс

  • Дүниетану
  • Қазақ тілі

Көрнекіліктер

  • Бақылау картасы
  • Құпия сөз
  • Мақал-мәтелдер жинағы
  • Қоржын
  • Рейтингтік жүйе
  • Ережелер жазылған плакаттар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Сыныпты үш топқа бөліп, дөңгелек үстел айналасына отырғызу.
  • Әр топқа топ басшысын тағайындау және рейтингтік жүйені таныстыру.

Топтар

Қабілет тобы

Білімділік, іскерлік, тапқырлық

Дарын тобы

Жинақылық, жылдамдық, дәлдік

Парасат тобы

Терең ой, қисын, тұжырым

Әр кезең сайын топтардың жинаған ұпайы белгіленіп, әділқазылар бағалап отырады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардан келесі өлеңдерді жатқа айту сұралады, сұрақ-жауап арқылы қорытынды жасалады және бағаланады:

  • Мағжан Жұмабаев — «Қарағым»
  • Шәкәрім — «Адамдық борышың»

III. Жаңа сабаққа кіріспе

Оқушыларға өткен тарауды еске түсіретін бағыттаушы сұрақтар қойылады:

  • Қандай бөлімді аяқтадық?
  • «Білім — өмір шырағы» бөлімінде кімдердің шығармаларымен таныстық?

Оқылған шығармалар

  • А. Байтұрсынов — «Оқуға шақыру»
  • С. Бегелдин — «Шоқан»
  • А. Құнанбаев — «Адам болам десеңіз», «Ауылға келген мұғалім»
  • Ы. Алтынсарин — «Өнер, білім бар жұртта»
  • Мәшһүр (Машқар) Гумеров — «Күмән»
  • Т. Молдағалиев — «Мамандық таңдау»
  • Мағжан Жұмабаев — «Қарағым»
  • Шәкәрім — «Адамдық борышың»

Бүгінгі сабақ — тараудың қорытынды бөлігі. Негізгі тақырып: жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер.

Сабақ құрылымы 4 деңгейден және 8 бөлімнен тұрады. Әр бөлім бойынша ұпай қойылып отырады.

4 деңгейлік тапсырмалар

I деңгей: «Білгенге маржан, білмегенге арзан»

Теория + талдау

А) Сұрақтар

  1. Жаңылтпаш дегенді қалай түсінесің?
  2. Жұмбақ дегенді қалай түсінесің?
  3. Мақал дегеніміз не?

Сұрақтарды топ басшылары алады. Әр деңгейден кейін әділқазы бағасын береді.

Ә) Оқулықпен жұмыс

Жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқу, мазмұнын талдау және негізгі ойды анықтау.

II деңгей: «Халық айтса, қате айтпайды»

Мағына ашу

А) Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу

  • «Жаман аттан аяғым артық. Жаман жолдастан таяғым артық.»

  • «Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ. Аяғы қимылдаған адамға алыстық жоқ.»

  • «Түйедей бой бергенше, түймедей ой бер.»

Ә) Топтық тапсырма

Әр топқа тақырып беріледі. Оқушылар сол тақырыпқа байланысты мақал-мәтел айтып, қарсы топқа жасырады.

Отан

Патриоттық мазмұн

Еңбек

Еңбектің қадірі

Оқу-білім

Білімнің құндылығы

Сергіту сәті

«Құпия сөзді» шешсек, Отан туралы мақалды оқи аламыз.

III деңгей: «Ойлан, тап!»

Жұмбақ

А) Жұмбақ шешу

Үш топқа екі-екіден жұмбақ жасырылады. Оқушылар шешуін табады.

1) Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау.

Жауабы: жұмыртқа

2) Тақиям толған сөк, ерте тұрсам жоқ.

Жауабы: жұлдыз

3) Отқа жанбас, суға батпас.

Жауабы: мұз

4) Сырт-сырт соғады, уақыт озады.

Жауабы: сағат

5) Қалың киімді ұнатады. Шешіндірсең, жылатады.

Жауабы: пияз

6) Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр.

Жауабы: от пен қазан

Ә) Құрастыру тапсырмасы

Тақтаға берілген сөздерді пайдаланып, оқушылар өз жұмбақтарын құрастырады:

Кітап Домбыра Қарбыз Қалам

IV деңгей: «Кім жаңылыспайды?»

Жаңылтпаш

Топ басшылары конверт ішінен жаңылтпаштарды алып, жаңылмай, жаңылыспай қайталап айтып береді.

I топ

Сабақты Айдар айтар:
Білсе айтар,
Білмесе Айдар қайдан айтар.

II топ

Аңқау жалқауды «жалқаусың» депті,
Жалқау аңқауды «аңқаусың» депті.

III топ

Топ бала допты ала,
Қуып жүр топтала.

Бақылау картасы

Оқушылар бақылау картасын қарындашпен белгілеп толтырады.

Қорытынды және бағалау

V. Қорытындылау

Сабақ соңында сұрақ-жауап арқылы негізгі ұғымдар бекітіледі: мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні, жұмбақтың ой дамытудағы орны, жаңылтпаштың тіл жаттықтырудағы қызметі.

VI. Бағалау

Әділқазы жинаған ұпай санын хабарлайды. Нәтиже:

  • I орын Дарын тобы
  • II орын Қабілет тобы
  • III орын Парасат тобы

Мәлімет

Мектеп
Жаңашаруа қазақ орта мектебі
Өткізген
Г. Ибат