Білімділер тобы

Сабақтың тақырыбы

Қазақ хандығының құрылғанына — 550 жыл

Сабақтың түрі

Интеллектуалдық сайыс сабақ

Сабақтың әдісі

Баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, үлестірме қағаздар, суреттер, карта

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, география, бейнелеу өнері

Сабақтың мақсат-міндеттері

  • Оқушылардың Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы білімін тереңдету; Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып, 1465 жылы Шу өзенінің бойында Керей мен Жәнібек хандар негізін қалаған Қазақ хандығының тарихын таныту.
  • Оқушылардың тарихи-танымдық қабілеттерін дамыту, өз бетінше ізденуге баулу, тіл байлығын жетілдіру.
  • Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына еңбек сіңірген қоғам қайраткерлерінің мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Білім мен түсінік

  • Қазақ елінің тарихын терең білу, тарихи тұлғаларды үлгі тұту.
  • Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптастыру.
  • Алған білімді өмірде қолдана білуге бағыттау.

Дағды

  • Ақпаратты сараптау, талдау арқылы өзгерістерді анықтау және болашақты бағдарлау.
  • Сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру.
  • Өз бетінше шешім қабылдау, дәлел келтіру, қорытынды жасау.

Кіріспе

Армысыздар! «Қазақ хандығының құрылғанына — 550 жыл» атты сайысымызға қатысушы оқушылар мен қадірлі қонақтар, қош келдіңіздер.

Қазақ хандығы — бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көршілес аймақтардың аумағында 1465–1847 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет. Ол Еділ мен Жайық аралығын, Сырдария мен Әмудария өзендерінің өңірін және Хорасан жерін қамтыған.

Мемлекеттік құрылымы — дала демократиясының қағидаларына сүйенген монархия. Мемлекет басшысы — хан. Хандар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасынан таңдау арқылы сайланған. Тұңғыш хан — Керей, соңғы хан — Кенесары Қасымұлы.

1465 жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы өңірге қоныс аударып, қазақтың туын көтерді. «Қазақ» ұраны рухты көтеріп, намысты оятқан шақта түрлі тайпалар бірігіп, хандықтың іргесін бекітті.

Кейінгі ғасырларда халқымыз небір сыннан өтті: азаттық пен ар-ождан тапталған, нәубет пен тар кезеңдер орын алған уақыттар болды. Алайда мың өліп, мың тірілген қазақ ақыры тәуелсіздігіне жетті. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту — азаттық жолында еңбек еткен бабаларға деген құрмет.

Өлең жолдары

Түріктің бір бұтағы қазақ еді,

Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.

Жәнібек, Керей хандар басын қосып,

Өмірге келген еді қазақ елі.

Алтай мен Атыраудың арасында,

Жетісу — жеті өзеннің сағасында,

Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,

Хандық құрды қазақ өз даласында.

Тарихи жады

2015 жыл — ұлттық тарихымызды ұлықтайтын жыл екені атап өтілді. Сол жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституцияның 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекеленді.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар бес топқа бөлінеді. Сонымен қатар әділқазы алқасы сайланады.

I топ — «Білімділер»

8 «Ә» сыныбы

II топ — «Сұңқар»

8 «Б» сыныбы

III топ — «Алғырлар»

8 «В» сыныбы

IV топ — «Жас ұлан»

8 «Г» сыныбы

V топ — «Жас қыран»

8 «Ғ» сыныбы

Сайыстың кезеңдері

  1. 1 Таныстыру: әр топ өз атауын және ерекшелігін қорғайды (төсбелгі/эмблема).
  2. 2 Білімділер: Қазақ хандығының құрылуы туралы сұрақтарға жауап береді.
  3. 3 Шешендер: тақтадағы сөздер арқылы мағынасына сай мәтін құрастырады (топтық жұмыс).
  4. 4 Ой қозғау (ассоциация): «Алаш» және «Қазақ» сөздерінің мәнін талқылайды.
  5. 5 Ойлан, тап!: суреттегі хандардың кім екенін анықтайды.
  6. 6 Шығармашылық тапсырма: I тапсырма — «Қазақ хандығының құрылғанына — 550 жыл» тақырыбында шағын шығарма жазу. II тапсырма — осы тақырыпта постер (плакат) жасап, қорғау.
  7. 7 Қорытынды: нәтижелерді шығару, кері байланыс.

Бағалау

«Білімділер» кезеңінде әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.