Қолымда екі алма
Сабақтың мақсаты мен ұйымдастыру
Мақсаты
- 4-ті қосу кестесін құрастыру және қосылғыштың біреуі 4 болған жағдайдағы сан құрамы туралы білімді бекіту.
- Есептеу дағдысын қалыптастыру, білімін дамыту.
Көрнекіліктер
- 4-ті қосу және азайту кестелері
- Слайд, флипчарт, кестелер
- Кеспе сандар
Әдіс-тәсілдер және түрі
- Түсіндіру, ой қозғау
- Топпен жұмыс, топтастыру
- Сабақ түрі: жаңа сабақ
Мақсат қою
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. Бүгінгі сабақта 4-ті қосу кестесін құрастырып, оны есептер шығару барысында қолданамыз.
Қызығушылықты ояту
Психологиялық ахуал
Біз бақытты баламыз,
Биікке қанат қағамыз.
Болашаққа талпынып,
Оттай лаулап жанамыз.
Мақсатымыз — білім алу,
Міндеттіміз — еңбектену.
Еңбектену арқылы
Жетістікке қол жеткізу.
Ой қозғау (сұрақ-жауап)
- Жылдың қай мезгілі?
- Бүгінгі ауа райы қандай?
- Бүгін аптаның нешінші күні? Қай күн?
- 1 аптада неше күн бар?
- Апта күндерін ретімен атап беріңдер.
Бүгін біз табиғат аясына — тауға «сапарға» шығамыз. Ол үшін көлік керек: қаншамыз, ретімен санайық. Қай көлікке отырамыз? Бізге қанша орындық қажет?
Үй тапсырмасын тексеру
Мысалдар
«Ыстық орындық»
3 санын қосу және азайту кестесін жатқа айту.
Жұмбақтар (топтық жұмыс)
І топ
Бұл-бұл әсем сырлайды,
Ел-жұрт елтіп тыңдайды.
Бірге үшті қосқанда,
Нешеу болып сайрады?
ІІ топ
Табақта екі алма,
Қолымда екі алма.
Қосқанда барлығы —
Болады неше алма?
ІІІ топ
Үйрегім-ау, үйрегім,
Келіп жүрме билегін.
Алты еді басында,
Жүріп кетті екеуі.
Қалды нешеу артында?
Қорытынды сұрақ
Барлық жұмбақтың шешуі нешеге тең?
Мағынаны тану: 4 санын қосу кестесі
Сұрақтар арқылы кіріспе
- Ненің суретін көріп отырсыңдар?
- Тау қандай геометриялық пішінге ұқсайды? Үшбұрыш.
- Тауға не арқылы шығамыз? Баспалдақ арқылы.
- Баспалдақ қандай сызық түріне жатады? Сынық сызық.
Тауға шығу үшін 6 тапсырманы орындаймыз.
4-ті қосу кестесі
1-тапсырма: кестені құру (топтық жұмыс)
Әр топ флипчартқа маркермен кесте құрады және топ болып қорғайды.
2-тапсырма: тақтамен жұмыс
3-тапсырма: танымдық жұмыс
Логикалық тапсырмалар арқылы 4 санын қосу және азайту әрекеттерін бекіту.
4-тапсырма: есеп шығару
Сапарда 10 дәптер бар.
Ақанның дәптері — 4 дәптерге кем.
Ақанда неше дәптер бар?
Шешуі: 10 − 4 = 6
Жауабы: 6 дәптер.
5-тапсырма: «Сандар бейнелейді»
Оқушыларға 1, 2, 3 сандары таратылады. Топтасу ережесі:
- І топ — «3» саны бар оқушылар
- ІІ топ — «1» саны бар оқушылар
- ІІІ топ — «2» саны бар оқушылар
Осы сандар арқылы бәйшешек, жауқазын, раушан гүлдерінің бейнесі құрастырылады.
6-тапсырма: топтан топ шығару
І топ: тапсырма беріледі
ІІ топ: тапсырма беріледі
ІІІ топ: тапсырма беріледі
Тапсырмалар орындалған соң: «Міне, тау шыңына жеттік!»
Сергіту сәті
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақыл — шын,
Қиындықтан өткізер.
Ой толғаныс, қорытынды
Бүгін нені үйрендік?
4 санын қосу кестесін құрастыру және оны қолдану.
Бекіту
4 санын қосу кестесін жатқа айту.
Үй тапсырмасы
№3 тапсырма, 113-бет.
Бағалау
Топ басшылары өз топ мүшелерін бағалайды.