Операциялық жүйелерді жіктеу
Пән
Информатика
Сынып
7 «А»
Сабақ форматы
Жаңа сабақ (түсіндіру, топтық жұмыс)
Сабақтың тақырыбы
Операциялық жүйе: мәні және оның негізгі қызметтері
Сабақта операциялық жүйенің компьютердегі рөлі, интерфейс ұғымы, операциялық жүйелердің негізгі түрлері және Windows жүйесін баптаудың қарапайым әрекеттері қарастырылады.
Құзыреттілікке бағытталған мақсат-міндеттер
- Ақпараттық құзыреттілік: оқушылардың қауіпсіздік техникасы мен компьютерде дұрыс отыру ережелері туралы білімін толықтыру, жаңа тақырыпты меңгерту.
- Коммуникативтік құзыреттілік: сұрақ-жауап, талқылау арқылы ойды нақты жеткізу дағдысын дамыту.
- Проблемалық құзыреттілік: қауіпсіздік ережелерін басқа пән кабинеттерінде де қолдана алу білігін қалыптастыру.
Ұйымдастыру және ресурстар
- Сабақтың әдістері
- Сөздік, практикалық (білім көзіне қарай топтастырылған).
- Педагогикалық технологиялар
- АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар).
- Пәнаралық байланыс
- Физика, математика.
- Оқыту құралдары
- Оқулық, ережелер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім
Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасады. Сыныптың тазалығын тексеріп, кезекшіден жоқ оқушылардың тізімін алады.
Оқушы
Орнынан тұрып амандасады, жоқ оқушылар туралы мәлімет береді.
Күтілетін нәтиже
Оқушылардың зейіні сабаққа шоғырланып, тәртіп пен қауіпсіздік талаптары еске түсіріледі.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ауызша тексеру, сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыпты қайталау.
Жаңа материалды түсіндіру
Операциялық жүйе: мәні және оның негізгі қызметтері
Операциялық жүйе (ОЖ) компьютердің барлық құрылғылары мен программалық жасақтамасының жұмысын басқаруға арналған. Ол адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, қолданбалы программалар мен компьютердің электрондық құрамдас бөліктерінің арасын үйлестіреді.
Операциялық жүйе пайдаланушыға мына мүмкіндіктерді береді:
- программаларды іске қосу және олардың жұмысын басқару;
- деректерді программаларға беру және олардан алу;
- компьютер мен қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгерту;
- ресурстарды (жад, процессор уақыты, файлдық жүйе) қайта бөлу.
Дербес компьютерде жұмыс істеу, шын мәнінде, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу деген сөз. Сондықтан пайдаланушыға ыңғайлы интерфейс ерекше маңызды.
Операциялық жүйелерді жіктеу
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметр бойынша ерекшеленеді:
Міндеттер саны
Бір міндетті және көп міндетті.
Пайдаланушылар саны
Бір пайдаланушыға және көп пайдаланушыға арналған.
Интерфейс түрі
Командалық, графикалық немесе аралас; көбіне көптерезелі орта қолданылады.
Көп міндетті жүйелер әдетте негізгі режимде бір программаны, ал фондық режимде көмекші программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі режимде мәтіндік редакторда жұмыс істеп отырып, фондық режимде басып шығару қызметін пайдалануға болады. Мұндай бағдарламалар бір-біріне кедергі келтірмей қатар орындалады.
Көп пайдаланушыға арналған жүйелердің бір мысалы — UNIX. Мұндай жүйеде бірнеше адам бір компьютерде өз терминалдары арқылы бір уақытта жұмыс істей алады. Терминал арнайы құрылғы немесе дербес компьютерде іске қосылған арнайы бағдарлама болуы мүмкін.
Графикалық көптерезелі интерфейс
Соңғы жылдары кең тараған графикалық көптерезелі интерфейсте әрекеттер мәтін енгізу арқылы емес, көбіне маус көмегімен менюден, файлдар тізімінен және басқа элементтерден таңдау арқылы орындалады.
Windows типті операциялық жүйелер
Windows 95 және Windows NT — көп міндетті операциялық жүйелер, әрі көптерезелі графикалық интерфейске негізделген. Тарихи тұрғыда Microsoft алдымен Windows NT жүйесін әзірледі, алайда сол кезеңдегі дербес компьютерлердің қуаты оны тиімді пайдалануға әрдайым жеткіліксіз болды. Осыған байланысты қуаты төменірек компьютерлерге икемделген Windows 95 нұсқасы шығарылып, тез таралды.
Windows жүйесінің маңызды ерекшеліктері
-
1) Тұйық жұмыс ортасы
Операциялардың көпшілігін Windows ортасынан шықпай-ақ орындауға болады: қолданбалы программаны іске қосу, дискті пішімдеу, мәтінді баспаға шығару және т.б.
Интерфейстің негізгі ұғымдары — терезе және таңбаша. Терезелер құрылымы, басқару элементтері және менюлер стандартталған.
-
2) Графикалық жүйе
Windows жүйесі графикалық интерфейске сүйенеді. Оған балама ретінде командалық интерфейсі бар, көп міндетті әрі көп пайдаланушыға арналған UNIX типті жүйелерді атауға болады.
Операциялық жүйелердің түрлері мұнымен шектелмейді. Дербес компьютерлер тарихында Apple компаниясы маңызды орын алады, ал графикалық көптерезелі интерфейстің алғашқы идеялары Xerox зертханаларында іске асырылған.
Windows-ты баптау
Windows 98 жүйесін орнатқанда көптеген пайдаланушыларға арналған стандарт баптаулар ұсынылады. Windows-тағы көптеген баптаулар Басқару панелі арқылы орындалады.
Басқару панелін ашу жолы
Пуск → Настройка → Панель управления
Сабақтағы сергіту сәті
Жаңа тақырып түсіндірілгеннен кейін қысқа сергіту және көзге арналған жаттығулар орындалады.
Көзге арналған жаттығулар
-
1-жаттығу
1–4-ке дейін санап, көзді қатты жұмып, кейін ашыңдар. 1–6-ға дейін санай отырып, алысқа қараңдар. 4–5 рет қайталаңдар.
-
2-жаттығу
1–4-ке дейін санай отырып, екі көзді күш салмай мұрынға қарай жақындатыңдар, кейін 1–6-ға дейін санап, алысқа қараңдар. 4–5 рет қайталаңдар.
-
3-жаттығу
1–4-ке дейін санап, басты қозғамай оң жаққа қарап, бір нүктеге көз тоқтатыңдар. 1–6-ға дейін санап, алысқа қараңдар. Осылайша басты қозғамай солға, жоғарыға, төменге қараңдар.
-
4-жаттығу
1–6-ға дейін санай отырып, көзқарасты диагональ бойынша жүргізіңдер: оң жақ жоғарыдан — сол жақ төменге, кейін алысқа қараңдар; содан соң сол жақ жоғарыдан — оң жақ төменге, кейін алысқа қараңдар. 4–5 рет қайталаңдар.
Көз гимнастикасымен қатар жеңіл жалпы дене жаттығуларын да жасауға болады. Тұрақты жаттығу көзге түскен қысымды азайтып, денені сергітеді.
IV. Жаңа материалды бекіту
Сұрақтар мен практикалық тапсырмалар арқылы бекіту.
Тапсырма 1: Күн мен уақытты баптау
Control Panel- Бас менюден Настройка → Панель управления командаларын таңдаңдар.
- Басқару панелінде Дата/Время белгішесін екі рет шертіңдер.
- Свойства: Дата/Время терезесі ашылады.
- Дата и Время қосымшасын белсенді етіңдер.
- Дата бөлімінде туған күндеріңді қойыңдар (жыл, ай, күн).
- Время бөлімінде мектепте сабақ аяқталатын уақытты қойыңдар (өріске шертіп, айналдыру батырмасымен таңдаңдар немесе пернетақтамен енгізіңдер).
- Применить батырмасын шертіңдер.
- ОК батырмасын шертіңдер. Өзгерістер Міндеттер панелінің төменгі оң жақ бұрышында көрінеді.
- Соңында осы әрекеттерді қайталап, ағымдағы күн мен уақытты орнатыңдар.
Тапсырма 2: Дыбысты баптау
Sound- Бас менюден Настройка → Панель управления таңдаңдар.
- Звук белгішесін екі рет шертіңдер.
- Свойства: Звук терезесі ашылады.
- События бөлімінен дыбыс тағайындағыларың келетін оқиғаны таңдаңдар.
- Звук бөлімінде дыбысты таңдаңдар да Проба батырмасымен тексеріңдер немесе Обзор арқылы файлдан таңдаңдар.
- Применить батырмасын басыңдар.
- ОК батырмасын басыңдар.
Тапсырма 3: Маус параметрлерін баптау
Mouse- Бас менюден Настройка → Панель управления таңдаңдар.
- Басқару панелінде Маус белгішесін екі рет шертіңдер.
- Свойства: Маус терезесі ашылады.
- Перемещение қосымшасын белсенді етіңдер.
- Отображать шлейф опциясын белгілеңдер (маусты жылжытқанда шлейф көрінеді).
- Ұнаса ОК, ал ұнамаса Отмена батырмасын басыңдар.
V. Үй тапсырмасы
«Операциялық жүйе: мәні және оның негізгі қызметтері» тақырыбын мазмұндап келу.
VI. Қорытынды
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!