Оқушыларды адалдыққа тәрбиелеу
Сабақ тақырыбы мен бағыт-бағдары
Бұл материал 10-сыныпқа арналған өзін-өзі тану сабағының жоспары ретінде құрастырылды. Сабақ уақыт ұғымын түсіндіру арқылы «Дұрыс іс-әрекет» құндылығының мәнін ашуға бағытталған.
Тақырып
Уақыт – мезгіл пернесі
Құндылық
Дұрыс іс-әрекет
Қасиеттер
- Еңбекқорлық
- Қамқорлық
- Ризашылық
Мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Оқушыларға уақыт ұғымын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Білімділік
Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа баулу.
Дамытушылық және тәрбиелік
Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру; адалдықты өмірлік ұстанымға айналдыруға тәрбиелеу.
Ресурстар: көрнекіліктер, фото-суреттер, мәтін үзінділері, дәптер, қалам, ән мәтіні.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта жұмысқа дайындық жүргізіледі. (Тәртіп пен тыныштықты сақтау қағидалары еске түсіріледі.)
2) Топқа бөлу
Оқушылар фото-суреттер арқылы үш топқа бөлінеді:
- I топ: Балалық шақ
- II топ: Жеткіншек шақ
- III топ: Жасөспірімдік шақ
3) Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыз. Денеңізді түзу ұстаңыз. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көзіңізді жұмып, тынысыңызды бірқалыпты реттеңіз.
Елестетіңіз: күннің нұры төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай баяу жылжып келеді. Кеудеңіз нұрға толып, жүрегіңіз жұмсарып, ішкі әлеміңіз ашыла түседі. Нұр бойыңызға ақырын тарайды, біртіндеп күшейеді.
Оймен нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз: қолдарыңыз ізгі істерге, көмектесуге дайын. Нұр аяқтарыңызға тарасын: аяқтарыңыз сізді тек жақсы істерге бастасын. Нұр аузыңызға, тіліңізге жетсін: тіліңіз тек шындықты және ізгі сөзді айтсын.
Нұрды құлағыңызға бағыттаңыз: құлағыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді естісін. Нұр көзіңізге жетсін: көзіңіз әр нәрсенің жақсысын көре білсін. Басыңыз түгел нұрға бөленіп, санаңызға тек жарқын, мейірімді ойлар келсін.
Енді осы нұрды жақындарыңызға, ұстаздарыңызға, достарыңызға бағыттаңыз. Уақытша түсініспей жүрген адамдарға да нұр жолдаңыз: жүректері жылысын. Нұр бүкіл әлемге тарасын: адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тіршілікке жетсін.
Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен — Нұрмын.»
Осы тыныштық күйінде бір сәт отырыңыз. Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы әлем жүрегіңізде сақталсын. Енді жаймен көзіңізді ашыңыз. Рақмет.
4) Үй тапсырмасын тексеру
Ә. Нұршайықовтың естеліктерінен алынған үзінді бойынша талқылау сұрақтары:
- Мәтіннен қандай ой түйдіңіз?
- Уақытыңыздың көбін неге арнап жүрсіз?
- Өз уақытыңызды тиімді пайдаланып жүрмін деп ойлайсыз ба?
5) Дәйексөз
«Уақыттың бос өткені — өмірдің бос кеткені».
Мақал
Дәйексөзді ұлдар 2 рет, қыздар 2 рет, кейін барлығы бірге қайталайды. Оқушылар мағынасын өз түсінігімен айтып, дәптерлеріне жазады.
6) Әңгімелеу: «Уақыт туралы өсиет» (мұғалім сыйы)
Бір дана бос құмыраны алып, оны таспен толтырады. Шәкірттерін жинап: «Құмыра толы ма?» — деп сұрайды. Шәкірттері: «Иә», — деп жауап береді.
Дана бұршақ толы ыдысты алып, құмыраға құяды. Бұршақ тастардың арасындағы бос жерді толтырады. Дана қайта сұрайды: «Енді толы ма?» Шәкірттері бас изейді.
Бұл жолы дана құм алып, құмыраға құяды. Құм бұршақ пен тастың арасынан өтіп, барлық саңылауды толтырады. Дана тағы сұрайды, шәкірттер тағы да «иә» дейді.
Сонда дана суға толы кесені алып, құмыраға құяды. Шәкірттері бұған күледі.
Дана былай түйіндейді: «Құмыра — біздің өміріміз. Тас — ең басты құндылықтар: бала, отбасы, достар, денсаулық. Бұршақ — қуаныш сыйлайтын, бірақ екінші кезектегі нәрселер: үй, жұмыс, көлік, заттар. Құм — ұсақ-түйек. Егер құмыраны алдымен құмға толтырсаң, тасқа да, бұршаққа да орын қалмайды. Өмірде де солай: ұсақ-түйекке уақыт жұмсасаң, ең маңыздысына уақытың жетпей қалады.»
7) Шығармашылық іс-әрекет: топтық жұмыс
А. Файзуллинаның «Уақыттың жаулары» тақырыбы бойынша топтық талдау.
I топ: Балалық шақ
- Түсініксіз мақсаттар
- Тыңдай білмеу
- «Жоқ» деп айта алмау
- Асығыс шешімдер
II топ: Жеткіншек шақ
- Бәрін бірдей орындауға ұмтылу
- Ұмытшақтық
- Ақпараттың толық болмауы
III топ: Жасөспірімдік шақ
- Өзіндік тәртіптің болмауы
- Жоспарлай білмеу
- Тосын шешімдер
- Бастаған істі аяғына дейін жеткізбеу
8) Үй тапсырмасы
«Өзіңді алдайсың ба?» тақырыбына сауалнама құрастыру.
9) Топпен ән айту
«Уақыт» — Тоқтар мен Бейбіт.
«Уақыт» әні (мәтін)
Шумақ
Мәңгі уақыт келмесіне, жылдар — жылдар жылжып барады,
Сансыз арман елесіне, жанардан жас тамады.
Күндер, айлар зырылдайды, ұшқыр уақыт жетпейді деп,
Жаным ау шырылдайды, уақыт солай өтеді деп.
Қайырмасы
Уақыт деген жүйрік қалай, өмір деген сараң,
Жылдар өтер әлі талай, талай.
Қанат қағып талмай, үміттерді жалғай,
Неткен жүйрік уақыт, өмір деген солай.
Уақыт деген қалай, жаным солай.
Келесі шумақ
Сүйіп өту өз өмірін — оның өзі бір бақыт,
Сарқылмасын ән-өмірің, тоқтамасын уақыт.
Бұл бақыттың әні қалай, жатқан жанды жұбатып,
Шаттануға әлі талай керек бізге уақыт.
Қайырмасы қайталанады.
10) Соңғы тыныштық сәті
Бүгінгі сабақта алған ойларды жүрегімізге түйейік. Сабақ аяқталды. Рақмет! Сау болыңыздар!
Автор туралы мәлімет
Бейнеу лицейі КММ, Бейнеу ауданы. Педагог-психолог және «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі — Алдабергенова К.