Мәтінді түсіндіру

Қызылорда облысы, Арал қаласы

№ 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Зекенова Рима

Сабақтың тақырыбы

Б. Майлин — «Күлпаш»

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Мәтін мазмұнымен таныстыру.
  • Жүйелі сөйлеуге үйрету.
  • Рөлмен оқи білуге машықтандыру.

Дамытушылық

  • Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
  • Есте сақтау қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Шыдамды, төзімді болуға тәрбиелеу.
  • Өз елін, туған жерін сүюге баулу.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың типі

Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың түрі

Рөлдік сабақ.

Әдіс-тәсілдері

  • Ой қозғау
  • Әңгімелеу
  • Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

  • Мәтінге байланысты суреттер
  • Б. Майлиннің портреті
  • Слайд материалдары

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Бәйге» ойыны
  • 4 оқушыдан мәтін бөліктерінің мазмұнын сұрау.
  • Әр бөлікке атау қойғызу.
  • Үй тапсырмасын пысықтау үшін «Бәйге» ойынын ойнату.
60

Тоқаш Бокин не үшін күрескен?

30

Түрмеде оған қандай айып тағылды?

20

Тоқашқа жолығуға кім келді?

30

Мәтіннен Тоқаштың анасына айтқан сөзін тауып, оқып бер.

40

Анасымен бірге Тоқашқа кім келді?

10

Тоқаш неше күннен кейін айыптау қорытындысымен танысты?

20

Тоқаш кіммен тығыз байланыста болды деп жала жабылды?

10

Топ ішінен кімнің зарланған дауысы естілді?

III. Жаңа сабақ

  • Автордың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.
  • Мәтінді түсіндіру, мазмұнын ашу.
  • Оқиғаның өткен кезеңіне назар аударту.

IV. Сөздікпен жұмыс

Өрім-өрім — тозған, жыртылған.

Бөкебай — басқа жамылатын шәлі.

Ызғырық — суық жел.

Өлмелі кедей — өте кедей.

  • Мәтінді бөлімдерге бөліп, оқушыларға оқыту.
  • Оқылған екі бөлімге өздері атау қойғызу.

V. Бөлімдерге ат қою

1-бөлім: Үміт сәулесі

2-бөлім: Азапты күн

«Сөз терім» ойыны

Сұрақ-жауап арқылы мазмұнды тереңдету
  1. Б. Майлин кім? Қайда оқыған?
  2. Күлпаш пен Қалидың сыртқы келбеті қандай? Қали неліктен бүк түсіп оранып жатыр?
  3. Қали мен Күлпаш неліктен Мақтымның келуін асыға күтеді?

Тірек сөз/түсіндіру:

«Шықпа, жаным, шықпа» — мағынасын балаларға түсіндіріп, мазмұнын ашып айту.

VI. Шығармашылық жұмыс

Күлпашқа сипаттама беру.

Бағыттау сұрақтары

  • Күлпаштың мінезі мен көңіл күйі қандай?
  • Оның әрекетінен қандай құндылықтар көрінеді?

Жазылым/ауызша жауап

2–3 сөйлеммен портреттік және мінездік сипаттама құрастыру.

VII. Сабақты бекіту

Өлең жолдары

Қазаққа Б. Майлин

Келді теңдік, туды теңдік басыңа,

Қатын, еркек, кәрі менен жасыңа.

Туысқанды, құрдастықты асыға,

Алалықты араңдағы жой, қазақ!

Не сұрасаң, қабыл қазір тілегің,

Сен тілексіз оңалмайсың, білемін.

Жан біткендер іздеп жатыр керегін,

Тұр, қалғыма, көтер басты, әй, қазақ!

VIII. Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқып, түсінгеніңді айтып беру.
  • Б. Майлиннің өмірі мен шығармашылығына қатысты материалдар жинау.

IX. Бағалау

Оқушыларды бағалау және мадақтау.