Әңгіме мазмұнын айтқызу

Сабақтың мақсаты

  • Әңгіменің мазмұнымен таныстыру, түсінгенін жүйелі айтып беруге үйрету.
  • Есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.
  • Еңбекқорлыққа және имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Ыбырай Алтынсариннің портреті
  • Мақта және әңгімеге қатысты суреттер

Әдіс-тәсілдер

Әңгімелесу Сұрақ-жауап Көрсету Дидактикалық ойын Кубизм стратегиясы

Ұйымдастыру кезеңі

«Шаттық шеңбер»

Балалар шеңберге тұрады. Алдымен келген қонақтармен амандасамыз.

Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге —
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей бәріміз,
Сәлемдесейік үлкенге!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Қызығушылықты ояту

Дидактикалық ойын: «Тауып көр»

Мұғалім бірнеше ертегі мен әңгімеге байланысты суреттер көрсетеді. Балалар суреттің қай шығармадан екенін табады.

  • Қыз бен мысық — «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
  • Тышқан мен нан — «Нан қайдан шығады?» әңгімесі.
  • Ана мен бала — «Не сыйлау керек?» әңгімесі.

Автор туралы қысқаша мәлімет

Бүгін біз Ыбырай Алтынсариннің жаңа әңгімесімен танысамыз. Ы. Алтынсарин — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы. Ол қазақ даласында тұңғыш рет мектеп ашып, балаларға жүйелі білім берген. Сонымен қатар балаларға арнап көптеген өлең, ертегі, әңгімелер жазған.

Бүгін мұғалім автордың «Бір уыс мақта» атты әңгімесін мәнерлеп оқып береді.

Сөздік жұмысы

Шапан

Астарына жүн немесе мақта салып тігілетін сырт киім.

Мамық

Құстың үлпілдеген жұмсақ жүні.

Қиқым

Бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы (мысалы, мақтаның қиқымы).

Түсінгенін тексеру

Мазмұн бойынша сұрақтар

  1. Үйдегі анасы мен қызы не істеп отыр еді?
  2. Қыз артылып қалған бір уыс мақтаны не істеді?
  3. Мақтаны не іліп алып кетті?
  4. Торғайға мақта не үшін қажет болды?

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Құстай қанат қағайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.

Бекіту жұмыстары

Әңгімені мазмұндату

Балалардан әңгіме мазмұнын ретімен, өз сөздерімен айтып беру сұралады.

Өлең жаттау

Балалар торғай туралы өлеңді жаттайды.

Торғай, торғай, торғайсың,
Жақын келіп қонғайсың.
Жем шашайын, тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.

Кубизм стратегиясы: «Мақтаны зерттейік»

Мұғалім қолындағы мақтаны көрсетіп, балаларға зерттеп, сипаттап, қолданылуын анықтауды ұсынады.

  • Мақта неден жасалады?
  • Ол қандай?
  • Оны қайда қолданамыз?
  • Сурет бойынша әңгіме мазмұнын кім айтып береді?

Қорытынды

Қорытынды сұрақтар

  • Бұл әңгіменің авторы кім?
  • Бұл әңгімеден нені ұқтыңдар?

Әңгіменің түйіні: кез келген нәрсе, тіпті көзге елеусіз көрінетін бір уыс мақта да пайдаға асуы мүмкін. Еңбекқорлық пен ұқыптылық — күнделікті өмірде бағалы қасиеттер.

Сабаққа белсенді қатысқан балалар мадақталады.

Жарайсыңдар!