Бүгінгі Біз мектепке барамыз атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер
Барысы
Жүргізуші сөзі
Айналайын, балалар,
Сендерде ой, сана бар.
Өздеріңнен өседі —
Өнершілер, даналар.
Өсті, міне, бойларың,
Өсті, міне, ойларың,
Қуанышқа ортақпын.
Құтты болсын тойларың!
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке —
Бір белестен өттіңдер.
Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!
Бүгінгі «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Бүгін бүлдіршіндеріміз аз уақыт ішінде тәлім-тәрбие алып, өнер үйреніп, жыл бойы білімге жол ашқан даярлықпен қоштасып, бірінші сыныпқа қадам басқалы отыр.
Балаларымыздың қадамдары құтты болсын! Осы ізгі тілектермен ертеңгілігімізді бастаймыз.
Оқушылар таныстыруы
Үмітай
Өлең жолдары
Сәлем саған, мектебім,
Сәлем, білім ордасы.
Жасыл бақты көктемім,
Жастық шақтың ордасы.
Дамир
Өлең жолдары
Даярлық сынып, қош енді,
Әркез аман бол деймін.
Әкем менен шешемді
Енді ертіп келмеймін.
Жыламаймын енді мен,
Сабақтан да қалмаймын.
Ата-ана үмітін
Әрі қарай жалғаймын.
Қорытынды тілек
Бүлдіршіндеріміздің білім жолындағы алғашқы қадамы нық болсын, алдағы оқу жылдары сәттілік пен қуанышқа толы болғай!