Оқушыларға еріндік және езулік дыбыстарды меңгерту
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Аймақ
- Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Фарфор ауылы
- Мектеп
- №10 орта мектеп
- Пән
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Мұғалім
- Тоқтаған Манарбек
- Сынып
- 5-сынып
- Лексикалық тақырып
- Ұлы Жеңіске 70 жыл
- Сабақтың тақырыбы
- Еріндік және езулік дауысты дыбыстар
- Сабақтың түрі
- Түрлендірілген аралас сабақ: жаңа білімді меңгеру және меңгерілген білімді пысықтау
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- СТО құралдары
Көрнекіліктер
- Таратпа суреттер
- Тапсырмалар
- Слайдтар
- Стикерлер
- Смайликтер
- Флипчарт
- Маркерлер
- Маршруттық сурет
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларға еріндік және езулік дауысты дыбыстарды меңгерту, фонетика бойынша білімдерін кеңейту.
Дамытушылық
Өзіндік ізденісті дамыту, білімді арттыру, туған тілге қызығушылықты ояту, есте сақтау қабілетін жетілдіру және оқушының өздігінен білім алуына жағдай жасау.
Тәрбиелік
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұлт тарихын қастерлеу, Отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер мен негізгі идеялар
Күтілетін нәтиже
- Фонетика туралы түсінігі кеңейеді; еріндік және езулік дауыстыларды ажыратады.
- Азаматтық ұстанымы нығаяды, өз көзқарасын дәлелдеуге дағдыланады.
- Білімін тапсырмаларда қолдана алады.
Негізгі идеялар
Сабақ барысы: «7 бекет» арқылы оқу
Сабақ құрылымы оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін «7 бекет» форматына құрылған. Әр бекетте тапсырмалар орындалып, алдын ала белгіленген критерийлер бойынша бағаланады. Оқушылар әр бекеттен өткен сайын маршруттық параққа белгі соғып отырады.
Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу
Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы қарулардың сурет қиықтарын құрастыру арқылы топтарға бөліну (танк, жойғыш ұшақ, «Катюша» реактивті зеңбірегі).
Психологиялық кідіріс (жаттығу)
- Сабаққа дайынсыңдар ма?
- Өтірік айтпайсыңдар ма?
- Ең жек көретін сөз қайсы?
- «Екілік» бағаға не дейміз?
1-бекет: «Есімдер елінде»
1-топ
- Бірыңғай жуан дауыстылардан тұратын есімдерді анықтау.
- Жуан және жіңішке дауыстылары аралас есімдерді табу.
2-топ
- Тек ашық, жіңішке дауыстылардан тұратын есімдерді табу.
- Еріндік пен езулік дауыстылары аралас келген есімдерді анықтау.
3-топ
- Қысаң және ашық дауыстылары бар есімдерді көрсету.
- Тек жіңішке дауыстылардан тұратын есімдерді табу.
2-бекет: «Стикердегі сөз»
1-топ
Отан
2-топ
Соғыс
3-топ
Жеңіс
3-бекет: «Жалған жауап»
Бұл бекетте оқушыларға фонетикаға қатысты тұжырымдар ұсынылады. Мақсат — жалған немесе қате берілген анықтамаларды тауып, дұрысын дәлелдеп айту.
- Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар дейміз.
- Дауысты дыбыстар жақтың ашылуына қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді.
- Дыбыс — әріптің жазудағы таңбасы.
- Қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән 12 дыбыс бар.
- Қазақ тілінде 42 дыбыс бар.
- Тілдің қатысына қарай дауыстылар ашық және қысаң деп бөлінеді.
- «У» тек қана жуан дауысты дыбыс.
- Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және жабық деп бөлінеді.
- Еріннің дөңгеленіп, алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыс езулік деп аталады.
- Езулік дауыстыларға алдында келген еріндік дауыстылар әсер етпейді.
4-бекет: «Санаға саяхат»
«Еріндік» және «езулік» сөздерінің омонимдерін жазу тапсырмасы орындалады.
5-бекет: «Артығы қайсы?»
Әр топқа дауысты дыбыстардың түрлеріне қатысты қатарлар беріледі. Міндет — қатардағы тақырыпқа сай келмейтін «артық» әріптерді табу.
1-топ
Еріндік дауыстылар
о, ө, и, ұ, ү, у, е, й
Ашық дауыстылар
а, и, у, ә, е, э, ү, ц, о, ө
2-топ
Езулік дауыстылар
о, ы, и, ұ, ү, у, е, й, а
Жіңішке дауыстылар
ә, ө, ү, а, ы, ұ, і, е, и, г, у
3-топ
Жуан дауыстылар
ө, ү, ұ, о, а, ы, и
Қысаң дауыстылар
ы, і, о, и, а, у, ұ, п, ү
Ескерту: берілген қатарларда әдейі «артық» таңбалар кездеседі (мысалы, дауыссыз әріптер немесе тақырыпқа сай келмейтін дауыстылар).
6-бекет: «Жаттығулар»
1-топ
- 247-жаттығу: 1-анаграмманы шешу, жауабына дыбыстық талдау жасау.
- 248-жаттығу: өтірік өлеңнен аралас буындарды теріп жазу.
2-топ
- 247-жаттығу: 2-анаграмманы шешу, жауабына дыбыстық талдау жасау.
- 248-жаттығу: өтірік өлеңнен езулік дауыстыларды теріп жазу.
3-топ
- 243-жаттығу: 4-анаграмманы шешу, жауабына дыбыстық талдау жасау.
- 240-жаттығу: жұмбақтардан еріндік дауыстыларды теріп жазу.