Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу
Қош бол, балғын балалық! Қош бол, сүйікті бастауыш!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Кеше ғана көздері жаутаңдап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін бойы да, ойы да өсіп, санасына білім мен жауапкершілік ұялатып, бастауышпен қоштасқалы отыр.
Іс-шараның мақсаты
- Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің іргетас болып қаланатынын ұғындыру.
- Алғашқы ұстазбен және бастауыш сыныбымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру; әр баланың ерекшелігін бағалап, сәт сапар тілеу.
- Мектепті — білім ордасын — және ұстаздарды құрметтеуге баулу, білімге деген құштарлықты арттыру, Отанның адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы
- Слайдтар
- Қанатты сөздер мен тақырыптық безендіру
Формат
- Жүргізушілер сөзі
- Оқушылардың өлеңдері, ән-күйі
- Ұстаздарға алғыс және таныстыру
Кіріспе сөз
Бүгін біз бастауышпен қоштасу салтанатына жиналып отырмыз. Төрт жыл — бір қарағанда қысқа уақыт. Бірақ осы уақыт ішінде баланың қолына қалам ұстап, әріп танып, білімге қадам басуы — үлкен өмірге бастар ең алғашқы белес.
Жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да. Мұндай күй болған шығар қаншаңызда. Қол соғып, қошеметтеп шақырайық — 4 «А» сынып оқушыларын ортамызға!
Әуен ойналып, оқушылар ортаға шақырылады.
Қонақтарға сәлем
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, кез келді сіздерден ақ бата алар. Ұл-қыздарыңыз көрсетпекші өнерін — бар қауым тамсана таңдай қағар.
Барлығы: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
- Ұлдар: Ассалаумағалейкум, ағайындар!
- Қыздар: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Бастауышпен қоштасу — жүректегі бір белес
1-жүргізуші: Кеше ғана тұлымымыз желбіреп, жүрегіміз лүпілдеп, мектеп табалдырығын именіп аттаған едік. Бүгін ойымыз толып, бойымыз өсіп, бастауыш сатысымен қоштасқалы келіп отырмыз.
Бала шаққа болашақты жырлатып, шәкірттерге ой түзеткен сымбатты. Күн нұрындай сәуле құйған көңілге — армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
2-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздарым — әз жандар! Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан, өмір деген үлкен жолда тарландар.
Оқушы: Көрінетін биіктен асқақ іспен, баулитұғын білімге жас кішіден. Төрт жыл бойы біліммен сусындатқан — қоштасқалы күн келді бастауышпен.
Бастауышты халық та дәріптеген: «Білім көзі» деген сөз анық деген. Өйткені бастауышта баланың шыбықтай кезі — ең алғаш әріппенен танысқан кезең.
Мектеп туралы оқушылардың лебізі
1-оқушы: Мектеп деген — білім кені, жыр кені, мектеп деген — ғылымның ең үлкені. Мектеп деген — тәрбиеші адамға, мектеп деген — даналардың мекені.
2-оқушы: Мектебім — білім берер алтын ұям. Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. Баулыған төрт жыл бойы ата-анамдай — әрқашан қасиетті атың маған.
3-оқушы: Армысың, сен алтын ұя мектебім, саған айтар жыр-алғысым көп менің. Жүректерге жаққан білім шырағын — мақтан етем сені мәңгі, мектебім.
4-оқушы: Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық, жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. Сүйкімді сенің күміс қоңырауың — тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Хор: «Балдырғандар вальсі»
Алғашқы ұстазға алғыс
5-оқушы: Жүрегімде ұстаз берген сабағы, өн бойыма тамырланып тарады. Ұмытпаймын салған жолын, ақылын — мәңгі, мәңгі есімізде қалады.
Атағым Алатаудай болса биік, тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп. Алдыңда әрқашанда тағзым етіп, тұрамын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
Ән: «Ұстазым»
1-жүргізуші: «Ұстаз» — осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Мұғалімсіз білім де, тәрбие де толық жүзеге аспайды. Сондықтан ұстаз еңбегі — ұлы еңбек.
Хор: «Қазақстан туы»
Ата-анаға құрмет
1-жүргізуші: О, менің ардақтаған асыл анам, ақылмен, ақ сүтіңмен асыраған. Айналдым қасиетіңнен әрқашанда — жыр арнап міне, бүгін отыр балаң.
2-жүргізуші: Теңейміз аналарды аппақ таңға, теңейміз аруларды шапағатқа. «Ана» деп ән саламыз, жар саламыз — бас иіп ана деген асыл затқа.
Алғыс және ұстаздармен таныстыру
7-оқушы: Қоштасамыз алғашқы ұстазбенен, ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып. Төрт жыл зымырап өте шықты — әліппені, ана тілін үйреткен ұстазбенен қоштасатын сәт келді.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден, мың алғыс мына отты жүректерден!
Музыка пәні мұғалімі — Ақболат Ғиниятұлы
Өмірдің мағынасы — ән менен күй, одан артық болмайды ешқандай сый. Музыка әлеміне жетелеген ағайдың әр сабағы біз үшін — қымбат қазына.
Ақболат ағай — саналы да дара. Мектепте онсыз өтпес бірде-бір шара. Деніңіз сау болсын деп тілейді сіз ән мен жырды үйреткен әрбір бала.
Ұстазға алғыс — Асылгүл Аралбайқызы
Өзіңді де, өзгені де аялауды, адалдықтан өзгені ойламауды үйреттіңіз әр сабақта ыждағатпен — жақсыдан өзге жолға бұрылмауды.
Ертегідей ғажайып сабақтармен қияға қанатымыз нық самғайды. Балалық, ақ жүректен алғыс айтып, тілейміз, апай, сізге мәңгі шаттық!
Күй: Халық күйі «Кеңес»
Орындайтын: Арыстанова Перизат
Ағылшын тілі пәні мұғалімі — Мәнсия Мақсотқызы
«Good morning» деп басталар әр сабақты біз асыға күтетінбіз. Кейде тіліміз келмей қиналсақ та, мейіріммен үйретіп, біз білмейтін әлемге жол аштыңыз.
Мәнсия апай, еңбегіңіз жана берсін! Сіз оқытқан әр сыныптан ертең елін сүйген, білімді жас өрендер шыға берсін.
Хор: «Билибой»
Дене шынықтыру пәні мұғалімі — Бердібек Уалиханұлы
Кім білмейді біздің Бердібек ағайды? Спорт десе, жоқтан да бар жасайды. Қашанда спортзалдан табылатын, жұрт оны денсаулықтың жаршысы дейді.
Ұл-қызыңыз жүлдегер болып, асығыңыз алшысынан түссін! Қашанда биіктерден қол бұлғап, азаматқа лайық істеріңіз көп болсын!
Әндер мен көріністер
- Ән: «Бақ далам» — Бөлешов Сергей
- Ән: «Мектебім» — Арыстанова Перизат
- Ән: «Туған жер» — Жарасқалиев Мәулен
- Слайдтан көрініс: Жамандықтан сақтандырған, жақсы істі мақтан қылған...
- Би: «Испан биі»
Алға қадам: арманға ұшар қанат
Оқушы: Қанатымыз қатайды, биікке енді самғаймыз. Білім жолы — сара жол, қалықтаймыз талмаймыз. Әлемге жолды жалғаймыз, көк аспанда жұлдызға ақ құстай боп самғаймыз. Сенімді біз ақтаймыз!
Білім кілтін табыстау
Бүгін ортамызға кішкентай бүлдіршіндер де келіп отыр. Кішкентай ізбасарлар! Біз сіздерге әріп танып, білім алған бастауыш білімнің алғашқы сатысының нышаны — «Білім кілтін» табыстамақпыз. Бұл кілт — жарқын болашаққа бастар жолдың белгісі.
1-жүргізуші: Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,
2-жүргізуші: Тілейтұғын әрқашанда бақ саған.
1-жүргізуші: Тіршіліктің тынысы мен ажары —
Бірге: Ата-анам, ұстаздарым — теңдесі жоқ жақсы адам!
Ұстаз сөзі және ақ тілектер
2-жүргізуші: Жетекші болып жүріп, әр шәкіртін ойлаған ұстаз жүрегі әрдайым алаң. Ендеше, ұстаз сөзін тыңдайық — шәкірттерге арналған ізгі тілекті қабыл алайық.
Сөз кезегін бастауыш сынып бірлестік жетекшісі Зәуреш Сидағалиқызына береміз.
1-жүргізуші: Бітіруші түлектер, жүктелер бар аманат. Айтылар ізгі тілектер — болмасын еш жаманат.
2-жүргізуші: Бастауышта оқыдық, ойға білім тоқыдық. Бұлар — бізден кейінгі жалындар, ертеңгі ірі ғалымдар.
Алдыңда ұзақ жолың бар: оқумен өсіп, толыңдар. Қиындыққа мойымай, аман-есен болыңдар.
Бәрі бірге: Азаматы болсын деп саналы елдің, кілтін бердің білімнің, сан өнердің. Қимай-қимай біздерді, аяулы ұстаз, ақ жол тілеп, қол бұлғап қала бердің.
Хор: «Ұстаз – Мектеп» (әні бастауыш сынып ұстаздарына арналады)
Құттықтау сөзі
Ата-анаң секілді — таза бұлақ, перзентің бауырыңда — жайнар құрақ. Ендігі құттықтау сөз кезегін ата-аналар алып, ұл-қыздарына ақ тілегін арнайды.