Сканер - компьютерге мәтіндік және графиктік ақпаратты қағазға енгізу құрылғысы
Сабақ туралы мәлімет
- Аймақ
- Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы
- Пән
- Информатика
- Мұғалім
- Тақаш Қазиза
- Сабақ түрі
- Жаңа сабақ
- Сабақ тақырыбы
- Компьютердің қосымша құрылғылары
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды компьютердің қосымша құрылғыларымен таныстыру және олардың атқаратын қызметін меңгерту.
Тәрбиелік
Оқушыларды тәртіптілікке және жүйелілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау қабілетін және логикалық пайымдауын дамыту.
Сабақтың барысы
-
1
Оқушыларды ұйымдастыру
1 минут
-
2
Үй тапсырмасын тексеру
5 минут
-
3
Жаңа сабақты түсіндіру
20 минут
-
4
Практикалық жұмыс
15 минут
-
5
Үй тапсырмасын беру
1 минут
-
6
Бағалау
1 минут
-
7
Қорытынды
2 минут
Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары
- Компьютердің негізгі құрылғылары қайсы?
- Жүйелік блоктың құрамына нелер кіреді?
- Пернетақта қандай бөліктерден тұрады?
Ескерту
Тест тапсырмалары тексеріледі, қателер талданып, дұрыс жауаптар нақтылады.
Жаңа тақырып: қосымша құрылғылар
Компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар қосымша құрылғылар деп аталады. Олар ақпаратты енгізу, шығару, сақтау және алмасу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Принтер
Мәтіндік және графикалық ақпаратты қағазға шығаратын құрылғы.
Сканер
Мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізетін құрылғы.
Модем
Телефон желілері арқылы ақпарат алмасуға арналған құрылғы.
Баған (колонка)
Дыбыстық ақпаратты шығаратын құрылғы.
CD-ROM / DVD-ROM
Лазерлік дискілерді оқуға арналған құрылғы.
Тышқан
Компьютермен жұмыс істеуді жеңілдететін енгізу құрылғысы.
Ақпарат тасығыштар
Негізгі түрлері
- Қатты диск (винчестер)
- Жұмсақ диск (дискета)
- Лазерлік дискілер (CD, DVD)
- Флеш-жады
Қатты диск
Үлкен көлемдегі деректер мен бағдарламаларды ұзақ уақыт сақтауға арналған негізгі құрылғы.
Дискета
Шағын көлемді деректерді бірнеше рет жазып, сақтауға арналған тасымалданатын магниттік тасығыш.
CD-ROM
«CD-ROM» қысқартуы қазақша ықшам диск негізіндегі тұрақты сақтау құрылғысы деп түсіндіріледі.
DVD диск
Ақпаратты сақтауға және оқуға мүмкіндік беретін, тығыздығы жоғары тасығыш (CD-ге қарағанда сыйымдылығы көбірек).
Флеш-жады: заманауи шешім
Флеш-жадыға ақпаратты көп рет қайта жазуға болады. Мұндай тасығыштардың көлемі шағын, ал сыйымдылығы жыл сайын артып келеді.
Негізгі көрсеткіш: сыйымдылық
Ақпарат тасығыштардың басты сипаттамасы — сыйымдылық. Сыйымдылық — тасығышта сақталатын ақпараттың шекті сандық мөлшері.
Сабақты бекіту
Оқулықтағы бақылау сұрақтары мен тапсырмалар орындалады.
Үй тапсырмасы
Өтілген тақырыпты қайталап оқу және тест тапсырмаларын орындау.
Бағалау
Оқушылар үй тапсырмасын орындауы және практикалық жұмыстың нәтижесі бойынша бағаланады.
Қорытынды сұрақтар
-
Бүгінгі сабақта не үйрендік?
-
Компьютердің қандай қосымша құрылғылары бар?