Суретті әңгіме әдісі

Сабақтың тақырыбы

Табиғатқа саяхат. П дыбысы мен әрпі.

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 1.2.2.1

    Мәтінде автордың кім туралы және не туралы айтқысы келгенін түсіну.

  • 1.1.8.1

    Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

  • 1.1.9.1

    Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан/жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.

  • 1.1.4.1

    Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе иллюстрациясы бойынша болжау.

  • 1.3.8.1

    Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтай отырып, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы

П, п дыбысын таниды, жаза алады және ажыратады.

Көбі

Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі

Көркем сөз тіркестерін орынды қолданып, ойын жүйелі жеткізеді.

Жетістік критерийлері

  • Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
  • Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.
  • Тыңдау және сюжетті сурет көмегімен мәтінді баяндап, дәлел келтіре алады.

Ширату жаттығуы

5 минут

Оқушылар көздерін жұмып отырып, мұғалім айтқан сөйлемдерді қайталайды:

  • Мен тәртіпті оқушымын.
  • Сабақты «5»-ке оқимын.
  • Ата-анам мен мұғалімдердің айтқанын тыңдаймын.
  • Үлгілі оқушы боламын.

Топқа бөлу

Оқушылар берілген суреттердің бас әріптерін алып, топтарының атын табады. «Сөз ойла – тез ойла» әдісі бойынша топ атаулары:

1-топ

Мектеп

2-топ

Отбасы

3-топ

Оқушы

4-топ

Тәртіп

Қызығушылықты ояту

8 минут

Тақырыпқа кіріспе сұрақтар арқылы оқушылардың ойы тыңдалады және жаңа сабаққа бағыт беріледі.

Мағынаны тану

10 минут

Өткенге шолу: «Кезбе тілші» әдісі

Мұғалім өткен сабақтар бойынша сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын тыңдайды.

Үй жұмысы: РАФТ стратегиясы

1-топ

Өлеңді жатқа айтады.

2-топ

Бағандағы сөздерді хормен оқиды.

3-топ

Бағандағы сөздерді тізбектеп оқиды.

4-топ

«Көжек пен Кірпі» көрінісін сахналайды.

«Суретті әңгіме» әдісі

Сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

Бірін-бірі оқыту: «Үйрете отырып, үйренемін»

Оқушылардың бірі «ұстаз» рөлін атқарып, мәтінді түсіндіріп, сұрақтар қояды және жауап береді:

  1. 1 Бірге оқып болған соң, мәтінде айтылғанды қасындағыларға қысқаша баяндап береді.
  2. 2 Қасындағы оқушыға мәтін мазмұны бойынша 2–3 сұрақ қояды.
  3. 3 Туындаған сұрақтарға жауап беріп, түсіндіреді.

Мәтінмен жұмыс

Оқылым

«Жаралы кептер»

Мәтінді түсініп оқыту және сұрақ-жауап арқылы мазмұнын ашу («Көршінің сұрағына жауап» тәсілі).

Сергіту сәті

1 минут

Әуенге билеу.

Ой толғаныс

10 минут

Қызықты тапсырма

8 минут

№3 «Ойлан, тап»: П, п дыбысынан басталатын сөздерді табу, тақтаға жазу және дыбыстық талдау жасау.

кітап қолғап дәптер піл доп қап парта жапырақ

Топтық жұмыс: «Сиқырлы сандықша»

Әр топ сандықшадан шыққан суреттер мен ойыншықтар бойынша тапсырмаларды орындайды. Жауап «Төрт сөйлем» тәсілімен құралады:

1) Пікір

Бір сөйлеммен өз ойын айтады.

2) Дәлел

Бір сөйлеммен дәлел келтіреді.

3) Мысал

Өмірмен байланыстырып мысал айтады.

4) Қорытынды

Бір сөйлеммен қорытынды жасайды.

Кері байланыс

3 минут

Оқушылар жазылған сөйлемдердің біреуін таңдап, оны әрі қарай жалғастырып аяқтайды:

Мен мынаны білдім…
Маған қызық болғаны…
Маған қиын болғаны…
Мен енді…
Мен мынаны жасадым…

Бағалау

«Бармақ» әдісі арқылы бағалау жүргізіледі.

Үйге тапсырма

1 минут

Әр топ өз атауына байланысты шағын мәтін құрастырып келеді.

Автор туралы

Бастауыш сынып мұғалімі

Жанар Сүлейменова

Толық нұсқасын жүктеу (қосымша материал ретінде).