Әнші құс қай құс

Сабақтың тақырыбы: Құс суреті

Бұл сабақта оқушылар құстар әлемімен танысып, құстың бейнесін графикалық тәсілдер арқылы салуды үйренеді. Сабақ сұрақ-жауап, әңгіме және көрнекілік арқылы ұйымдастырылады.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділігі: балалардың графикалық қабілеті мен дағдыларын қалыптастыру.
  • Дамытушылығы: ден қою, бақылау және талдау қабілетін дамыту.
  • Тәрбиелігі: табиғатты сүюге және оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру

  • Әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме.
  • Көрнекілігі: құстардың фотосуреттері, слайд.
  • Түрі: аралас сабақ.
  • Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, математика.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Жұмыстарын бағалау

Оқушылардың орындаған тапсырмалары қаралып, қысқа кері байланыс беріледі.

Өткен сабақ бойынша сұрақтар

  • Қандай ертегілерді білесің?
  • Өзің білетін ертегі кейіпкерлерін ата.
  • Жағымсыз кейіпкерлерді білесің бе?
  • Ертегілердің қандай түрлері бар?

3) Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын ашу үшін сөзжұмбақ шешеміз:

  1. Қазір қай мезгіл?
  2. Су алатын терең шұңқыр.
  3. Темірмен жұмыс істейтін адам.

Шешуі: «Құс».

Талқылау сұрақтары

  • Қазір табиғат құбылыстарында қандай өзгерістер болып жатыр?
  • Құстар қыс мезгілінде не істейді?

Құстардың маусымға байланысты түрлері

  • Жыл құстары: күзде жылы жаққа кетіп, көктемде оралады.
  • Көшпелі құстар: күзде және қыста ауа райы қолайсыз болғанда солтүстіктен оңтүстікке ауысып отырады.
  • Қыстап шығатын құстар: жыл бойы бір аймақта тіршілік етіп, көбейеді.

Назар аудару

Құстар — адамның көмекшісі. Көктем, жаз және күз айларында олар құрт-құмырсқа, көбелек, өрмекші сияқты жәндіктерді жеп, орман мен бау-бақшаны зиянкестерден тазартады.

Жұмбақтар: қай құс?

Күндіз тіпті ұшпайды,

Түнде тышқан ұстайды.

Көзі шамға ұқсайды.

Өзі сақ, өзі ұсақ,

Құйрығы ұзын, ала.

Бұл қандай құс, бала?

Өз атын өзі айта алар,

Қайта-қайта қайталар.

Бұл құс қашан жай табар?

Сөз үйретсең қайталайды,

Өздігінен айта алмайды.

Өзі жылдам самғайды,

Денесі жұмыр, басы бос.

Қыста ауылды шарлайды,

Сары құсты әнге қос.

Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз, баптаймыз.

Бейбітшілік құсы деп,

Қай құсты мақтаймыз?

Танымдық бөлім: Көкшымшық

Көкшымшық — өте жылдам құс. Денесі жұмыр, басы иығына батыңқы, тұмсығы үшкір болады. Жіңішке, бірақ мықты аяқтарының саусақтарында ұзын тырнақтары бар. Құйрығы төртбұрышты, ұшына қарай жалпая түседі.

4) Дәптермен жұмыс: құс суретін салу қадамдары

  1. Денесін көлбеу сопақша етіп сыз, жоғары жағына кішірек шеңбер жасап басын белгіле.
  2. Жотасы мен құйрығының негізгі сызығын түсір.
  3. Тұмсығын сал.
  4. Үзік сызықтармен құсқа тән бас бейнесін нақтыла.
  5. Бас сызығының жалғасын сәл иіп, мойын мен арқаны бейнеле.
  6. Омырауын сәл шығыңқы етіп көрсет.
  7. Қанаттары мен құйрығының шеттерін айқындап бастыра түс.
  8. Аяғын, бұтақты мықтап қысып тұрған саусақтары мен тырнағын сал.
  9. Төбесі мен алқымын қара түспен, қанат-құйрықтағы ақ аймақтарды тиісті түспен боя.

Өз бетінше жұмыс: суретті аяқтау және ұқыпты бояу.

5) Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды шоғырландыру.

6) Танымыңды толықтыр: «Жалғасын тап» ойыны

Мұғалім мақалдың алғашқы жартысын айтады, оқушылар жалғасын табады:

  • Қарға баласын «аппағым» дер, кірпі баласын «…» дер.
  • Жапалаққа күннен «…» жарық.
  • Ажалды қарға бүркітпен «…».
  • Баба бүркіт барлап ұшады, бала бүркіт «…» ұшады.
  • Қара құс басып жейді, сұңқар «…» жейді.

7) Қатар бойынша тапсырмалар

1-қатар

«Бейбітшілік құсы» қай құс?

2-қатар

Әнші құс қай құс?

3-қатар

«Орман емшісі» деп қай құсты айтамыз?

Жазылым тапсырмасы

Тақырып бойынша қысқа эссе жазу.

8) Бекіту кезеңі

Топтастыру әдісі: «Құстар қандай қасиеттерге ие?» тақырыбында кластер құрастыру.

жылдамдық қырағылық әуезділік пайдасы бейімделгіштік

9) Бағалау

Оқушылардың жауаптары, белсенділігі және сурет жұмысының ұқыптылығы бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

10) Үй тапсырмасы

Әр оқушы өзіне ұнайтын құстың суретін салып келсін.