Жәнібек хан қай ханның баласы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән / сынып

Қазақстан тарихы, 7-сынып

Сабақ тақырыбы

Қасым хан (1511–1518 жж.)

Мұғалім

Гүлдерай Едигеева

Сілтемелер

  • Білім стандарты, пән бағдарламасы
  • «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы», 7-сынып (авт. О. Жолдасбаева)
  • Интернет материалдары

Негізгі мақсат

Қасым хан туралы, оның жүргізген саясаты және Қазақ хандығын нығайтуға қосқан зор үлесі жөнінде оқып-үйрену.

Күтілетін нәтиже

  • Қасым хан және оның заңдары туралы біледі.
  • Ішкі және сыртқы саясатқа қатысты деректерді талдайды.
  • Тарихи деректерге баға беріп, қорытынды жасайды.

Негізгі идеялар

  • Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси ахуалын жан-жақты қарастыру.
  • «Қасым ханның қасқа жолы» заңдарының мәнін ашу.
  • Мемлекетті нығайтудағы тарихи рөліне талдау жасап, баға беру.

Сабақтың құрылымы

I. Ұйымдастыру

4 минут
  1. 1 Сыныпта ынтымақтастыққа негізделген, психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру және оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру (2 минут).
  2. 2 Топқа бөлу: «Керей», «Жәнібек», «Қозыбасы» атаулары жазылған стикерлер арқылы 3 топқа біріктіру (2 минут).

II. Үй тапсырмасын тексеру

3 минут

Дискуссиялық карта (иә/жоқ)

  • 1) Керей мен Жәнібек Шу бойындағы Қозыбасыға орда тікті ме? Иә
  • 2) Жәнібек хан — Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы ма? Жоқ
  • 3) Темір әулеті Мұхаммед Шайбанимен күресте жеңіліс тапты ма? Иә
  • 4) 1470 ж. Жәнібек хан бастаған топ Түркістанға шабуыл жасады ма? Жоқ
  • 5) Қазақ хандары Әмір Темір ұрпақтарымен бірлесе отырып, Шайбани ханға қарсы жорық жасады ма? Иә
  • 6) Шу бойындағы Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары Қазақ хандығының саяси беделін нығайтып, әлемге танытты ма? Иә
  • 7) Сығанақ қаласын қазақтар қайтарып алған соң, Шайбани хан Хиуаға қашты ма? Жоқ
  • 8) Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін 40 жыл соғысты ма? Жоқ

Стикердегі диалог (жұптық жұмыс)

3 минут

1) Қазақ хандығының құрамында хан тағына кімдер отыруға құқылы болды?

Шыңғыс хан ұрпағы болғандықтан, Керей мен Жәнібек хан тағына отыруға құқылы болды.

2) XV ғасырдың 70-жылдары қазақ хандары қай өңірлерді өзіне қаратты?

Сырдария бойы мен Қаратау өңірін.

3) Сыр бойындағы қалалар үшін кіммен соғысты және қанша жылға созылды?

Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен соғысты, 30 жылға созылды.

Қосымша сұрақтар (4–15) ашу

4) Қалалардың маңызы: хандықтың күш-қуатын, саяси беделін арттырды және әлемге танытты.

5) Халық санының өсуі: Дешті Қыпшақ даласының көшпелі тайпалары есебінен.

6) Қазақтың алғашқы ханы: Керей.

7) Этникалық арқау тайпалар: сақ, үйсін, қаңлы және т.б.

8) Керейдің бірінші отыруы: мұрагерлікпен қатар жас ерекшелігі ескерілді.

9) Қазақ хандығы алдындағы тарихи міндеттер

  1. Дешті Қыпшақ даласында жайылымды пайдалану тәртібін қалпына келтіру.
  2. Сырдария бойындағы қалаларды хандыққа қарату (сауда керуен жолы үшін маңызды).
  3. Тайпаларды біріктіріп, қазақ этникалық аумағын тұтастандыру.

10) Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы

  1. Ұлт болып қалыптасу үдерісі аяқталды.
  2. Ұлттық саяси-әкімшілік жүйе қалыптасты.
  3. Жер аумағы кеңейді.
  4. Ірілі-ұсақты мемлекеттермен байланыс орнады.
  5. Салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ділі мен діні бар азат ел ретінде даму жолына түсті.

11–15) Басқару жүйесі, ішкі жағдай, Сырдария қалалары, тарихи маңызы және сыртқы саясат бағыты — келесі тапсырмаларда талқыланады.

III. Тұсаукесер және жаңа тақырыпқа шығу

13 минут

Қызығушылықты ояту

Сұрақтарға жауап бере отырып, тарихи тұлғаны танып, сабақ тақырыбын анықтау:

  • Қазақ хандары ту тіккен құтты мекен
  • Қазақ хандығының құрылуы туралы жазған тарихшы
  • Қазақ хандығының тұңғыш ханы
  • Жәнібек хан қай ханның баласы?

Бейнематериал

Қасым хан туралы бейнетаспадан дерек тыңдау және негізгі ойларды белгілеу.

Уақыты

10 минут

IV. Мағынаны тану: мәтінмен жұмыс

«Үш нақты қадам» әдісі: мәтіндегі маңызды оқиғалар мен деректерді анықтау. Оқушы мәтінді жеке оқиды, жұбымен бөліседі, топта талқылайды, соңында постер арқылы қорғайды.

I топ

Қасым хан туралы деректер және оның заңдары

II топ

Қасым ханның ішкі саясаты

III топ

Қасым ханның сыртқы саясаты

Бағалау тәсілі

«Мадақтау сэндвичі» арқылы кері байланыс беру.

V. Сергіту сәті: математикалық ойын

3 минут

Есептеулер арқылы тарихи жылдарды табу және оқиғамен сәйкестендіру.

Есеп

(456×2)+602

Жыл

1514

Оқиға

Саид хан Қасым ханнан шайбанилерге қарсы күресте көмек сұрайды.

Есеп

(988+455)+80

Жыл

1523

Оқиға

Орыс деректерінде Қасым ханның қайтыс болған жылы ретінде көрсетіледі.

Есеп

(560+650)+301

Жыл

1511

Оқиға

Қасым сұлтан хандық билікті қолына алады.

Есеп

(951+500)+81

Жыл

1532

Оқиға

Тахир хан Абд ар-Рашид ханмен шайқаста қаза табады.

Есеп

(655+104)×2

Жыл

1518

Оқиға

М. Х. Дулати дерегінде Қасым ханның қайтыс болған жылы ретінде беріледі.

VI. Маршруттық карта: деңгейлік тапсырмалар

7 минут

1-тапсырма

Мәтіннің бірінші бөліміндегі негізгі идеяны анықта.

Бағдар сұрақтар

  • Қасым хан билік құрған кезеңде қазақ мемлекетінің өрлеуі қалай көрінді?
  • Қасым хан туралы ұлы ойшылдар қандай пікір айтқан?

2-тапсырма

Мәтіннің екінші бөліміндегі «Қасым ханның қасқа жолы» заңдарына тән ережелерді сәйкестендір.

Заң түрі

1) Әскери заң

Ереже (сәйкестендіру)

(Б) аламан міндеті, қосын жасақтау, «қара қазан», ердің құны, тұлпар ат

Заң түрі

2) Қылмыс заңы

Ереже (сәйкестендіру)

(А) кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу

Заң түрі

3) Мүлік заңы

Ереже (сәйкестендіру)

(Ә) жер дауы, мал-мүлік дауы

Заң түрі

4) Жұртшылық заңы

Ереже (сәйкестендіру)

(Г) шүлен тарту, ас, той, мереке, думан

Заң түрі

5) Елшілік заң

Ереже (сәйкестендіру)

(В) шешендік дәстүр, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық

3-тапсырма

Мәтіннің үшінші бөліміндегі Қасым ханның ішкі және сыртқы саясатынан нақты дәлелдер келтір. Қиындық туындаса, қасыңдағы оқушымен кеңес немесе топтан көмек сұра.

Ішкі саясат (дәлелдер)

Жауапқа арналған орын

Сыртқы саясат (дәлелдер)

Жауапқа арналған орын

VII. Бекіту: Де Бононың «Алты қалпағы»

7 минут

«Қасым ханның тарихи бейнесіне қандай баға берер едің?» сұрағы негізінде ой-пікір айту.

Ақ қалпақ

Фактілер, цифрлар және мәліметтерді бейтарап түрде ұсыну.

Сары қалпақ

Оптимизм, позитивті және конструктивті ойлар: идеяның жақсы жақтарын талдау.

Қара қалпақ

Сын көзқарас: тәуекелді, әлсіз тұстарды және «неге жұмыс істемеуі мүмкін?» сұрағын бағамдау.

Қызыл қалпақ

Сезім, болжам және ішкі түйсікке сүйенген пікір.

Жасыл қалпақ

Шығармашылық: жаңа идеялар ұсыну, балама шешімдер табу.

Көк қалпақ

Үдерісті басқару: қорытындылау, жинақтау және бағалау.

VIII. Қорытынды, бағалау және рефлексия

Бағалау

Бағалау парағы және «ашық журнал» арқылы қорытынды баға шығару.

Рефлексия

Оқушының сабақтан алған әсері мен түсіну деңгейін қысқа кері байланыс арқылы анықтау (2 минут).

Материал

Толық нұсқасын жүктеу (қосымша ресурс ретінде).